Сабақтың тақырыбы: Көкөністер
Сабақтың мақсаты: а) Баланың көкөністер туралы білімдерін кеңейту.
Көкөністердің қолданылуы, олардан дайындалатын
тамақтар туралы әңгімелеу. Көкөністерді сипаттайбілуге үйрету.
ә) түзету дамыту: Сөздерді дұрыс, анық айтуғажаттықтыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеугеүйрету. Балалардың тілін, сөйлеу мәнерін, көру, естуарқылы есте сақтауқабілеттерін дамыту.Жемістерден көкөністерді
ажырата білуге, заттардысалыстыра білуге, геометриялық пішіндерге ұқсас
заттарды таба білугедағдыландыру, сурет салу әдістерін дамыту.
б) тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, оның әсемділігін,
әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,
зейінділікке баулу.
Сабақ түрі: жеке сабақ.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекі – бейнелі, машықтық.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, слайдтар, шар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды таңымыз,
Жарқырайды даламыз
Сәлеметсіз бе!
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Құмырсқа», «Көбелек » өлең жаттау
2. Көбелек суретін салу
3. Артикуляциялық жаттығу « Футбол», « Кірпі»
Құмырсқа
Асыққаны жұмысқа,
Бейғамдарға бұл нұсқа.
Біртіндеп тасып қыстығын,
Жинап алар Құмырсқа
***
Көбелек
Кәдімгі көбелек
Тәрізді ебелек.
Жуасты, әлсізді,
Куалап не керек.
III. Жаңа сабақ
Көкөніс – тамаққа қолданылатын бақша жемістері ( қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.) Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздарға бай.Тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай - ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жақсы сіңіруге жәрдемдеседі.
Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды. Сондықтан қалалы жерлерде қысы – жазы жас көкөністер үзілмей базарларда сатылып тұрады.
IV. Негізгі бөлім:
«Танып біл және ата» ойыны. Суреттер арқылы көкөністерді атау.
[pic] [pic] [pic]
Көкөністерді керек түске боя:
[pic] [pic] [pic]
Логикалық жаттығу:
1 - тапсырма. Мына кестеге назар аудар! Бұл кестеде бірінші қатарда саңдар тізбегі және екінші қатарда әріптер жазылған. Әріптердің көмегі арқылы жасырылған саңдарды тауып, есепті шығарайық.
ПТ – ОМ = МП + ВС=
ВП + ВВ= ЕП+ОА+КК=
[pic]
Жасырылған суреттерді тап:
[pic]
Сөздерді буынға бөл:
Қызанақ Сәбіз Асқабақ Қызылша Бақша Пияз Қияр
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қоямыз,
Бір, екі, үш.
Қарлығаш боп ұшамыз.
V. Артикуляциялық жаттығу
« Күркетауық» жаттығуы
Мақсаты: Ауызды ашу, тілді үстіңгі еріннің жоғарғы бетіне көтеріп, была – была – была деп қайталау
«Күрекше» жаттығуы
Мақсаты: Ауызды ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге қою
VI. Көңілді көкөністер
Көкөністің атын атап, бақша суретіне жапсырады.
VII. Үй тапсырма
1 – тапсырма
Картоп
Бақшамызда өседі,
Керек тағам деседі.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы – тұщы бәрісі.
Пияз
Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.
Сәбіз
Кім бір сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де.
2 – тапсырма
Көкөністер туралы жұмбақ жазу
3 – тапсырма
Графикалық диктант