С-З туралы түсінік сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы.  «Сөз туралы түсінік.»

Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру.

2. Сөз  белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның,т.б. атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағанасы болатынын байқату.

3. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.


Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер.


Сабақтың барысы:   1.Ұйым. кезеңі.

                                       2.Көркем жазу.

                                       3. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.  Жаңа сабақ

Әлемдегі бар  дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар-су тамшыларынан, орман- ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдерден, ал сөйлем неден құралады? Мұғалім, ең алдымен, оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп,бұрын  айтылған ұғымдарды еске түсіреді.

-Қазір мен ссіздерге бір қызық өлең оқып берейін, тыңдаңыздар, сонда ғана бұл сұраққа жауап бере аламыз.

                    Теңіз де тартылады,                      Жер болып тау шөгеді,

                    Мұхит да сарқылады.                 Жайқалған бау семеді.

                    Құлайды орман- тоғай,                Көз жастан қақ қалады...

                    Қирайды орда- сарай.                   Сонда не сақталады?

                                                                          Мәңгілік ...(сөз) қалады.

   

Түйе

Мал

үлкен

Түйе- малдың үлкені.

Дербес тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады.

Әрқайсысы  белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді.

Белгілі бір ойды бейнелейді.Сөздердің саны әр түрлі болады.

Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.

  Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.  

II. Операциялық-орындаушылық кезең.

Осыдан кейін оқулықтағы 280- жаттығу орындалады. Жаттығу әр бағанда не жазылғанын оқып, бір- бірінен өзгешелігін табуға арналады. Бірінші бағанда- дыбыстар,екінші бағанда- буындар, үшінші бағанда сөздер берілгенін табамыз.Оқулықтағы 281- жаттығу ауызша орындалады. Мұнда көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, бірнеше сөз жасатып, осыны орындауда сөзде неше дыбыс, неше әріп барын айтқызып, сөздің дыбыстан құралатынын (әріп- дыбыстың таңбасы екені белгілі), дыбыс өзгерсе, сөздің мағанасы да өзгеретінін байқату қажет. Мысалы:  «жыл» мезгілді білдіреді. «Жол » дегенді қалай түсінесің? Жол  адамдар жүретін сүрлеу, соқпақ дегенді білдіреді,- деп, баламасын келтіру арқылы түсіндіріледі.)

-          « Жыл-жол » дегенде сөз неліктен өзгерді?

-         Сөздің екінші дыбысы өзгерді,т.б.

Келесі 282- жаттығу  жазбаша орындалады. Алдымен, сөздер жеке- жеке оқытылып, ол  сөздердің  қандай мағананы білдіретінін түсіндіру оқушылардан талап етіледі. Содан кейін сұрақ қойылады. Жаттығуды орындау барысында оқушылар заттың, сын - сапаның, қимылдың- барлығы  да сөзбен аталатынын аңғара бастайды.

    адам            сұр               жиырма                  жүзді

    кітап           ақ                  жеті                          ойнады

    жылқы       жасыл            тоғыз

283- жаттығу жұмбақты оқып, шешуін табуға арналады.

284- жаттығу шығармашылық тапсырма  ретінде  ребусты шешуге арналады.


III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі.

    Бес  болсын  алар  бағамыз,

    Білімнен бақыт табамыз.

    Өнер-білім көп тоқып,

    Өсе берсін санамыз,-

деп, білім, білік дағдымызды көрсете отырып, жоғарыдағы кестеге оқушылардың назарын аударып, сөз туралы мағлұматтарды еске  түсіреді:

-дыбыстар сөз жасайды;

-сөздер бегілі бір мағанада айтылады;

-сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағанасы да өзгереді;

-сөз- белгілі бір заттың атауы;

-сөздерден сөйлем құралады.

 

IV.      Сергіту сәті.

1.     Көл  жағасында  өсетін шөп  (құрақ).

2.     Адамның дене мүшесі    (құлақ)

3.     Сүттен жасалатын тағам  (қатық)

4.     Ас ішетін құрал   (қасық)

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

3








  V.   Карточкамен жұмыс

Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

1  

Еңбексүйгіш.......

Ерте шығып.....,                    (құмырсқа, жұмысқа)

Жазда астық...,

Толтырады ас.....                  (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш....,

Рақатқа.....                              (жатады, батады)

(Н.Жанаев)

 

2

Төменде берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құра.

Келді, ала, өрістен, бұзау, мал, мөңіреді, шықты,Қанат, алдынан, 

малдың.                                

Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.

3

1. Алманың көйлегі бар.(қызыл)

2.  Далада жел соқты (қатты)

3. Бағдаршамның көзі бар (үш)


VI.Сабақты қорытындылау.

Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады:

                                  заттың


Сөз-                          сапаның                            атауы.

                                  қимылдың

  VII. Бағалау.