Сабақтың тақырыбы: «Рр» дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділік:«Рр» дыбысын буында, сөзде дұрыс айтуға «Р» дыбысын сөзде дұрыс естуге, дыбысты әріппен сәйкестендіруге, ажыратуға, сөздерді буынға бөлуге үйрету.
Түзетушілік: Оқушының фонетико – фонематикалық есту қабілеттерін дамыту, зейіндерін, көріп қабылдауларын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Мұғалімнің сөзін мұқият, тыңдауға, үлкендердің сыйлауға үйрету.
Көрнекіліктер: «Рр» дыбысының профилі, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, айна, дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер,суретті карточкалар.
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық:
Екі көзі не үшін керек?
Барлық жақсылықты көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл – кеңес тыңдау үшін керек?
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
II. Мимикалық гимнастика:
« Р дыбысының артикуляциясы» Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясын назар аударамыз.
Ерін аздап дөңгеленіп тұрады.
Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.
Тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.
III. Бағанадағы сөздерді оқытып, тексеру.
Ра –Ра – Ра Ри- ри – ри Сара
Ры – ры –ры Ро – ро - ро Тары
Ру – ру – ру Ру – ру – ру Сару
IV. Теріп оқу
Буын санына байланысты оқу.
Әріп санына байланысты оқу.
Екі буынды сөздерді оқу.
Үш буынды сөздерді оқыту.
V. Жаңылтпашпен жұмыс:
Қырық құрықтық,
Сырық қырықтық.
Ара- ара аралар,
Орманның бәрін аралар,
Гулдерден сорып бал алар,
Алысқа ұшып бара алар,
Бал тәтті ғой балалар.
***
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та қырық,
Құрық та қырық.
VI. 1. « Қарға» тақпағын мәнерлеп оқу:
Қарға, қарға, қарғалар.
Қар үстінде жорғалар.
Шаң тозаңы қағылар,
Көбік қарға шомылар.
Құндыздай жүні құлпырар,
Қызынып буы бұрқырар.
Қарқ – қарқ етсе қарғалар,
Қар үстіне қар жауар.
2. Тоқылдақ ағашты қалай ақырады көрсет ( тр-р-р-р-р, тр-р-р-р-р).
Мысық қалай дауыста ( мр-р-р-р-р-р, мр-р-р-р-р)
Қарға қалай дауыстайды ( қар-р-р-р-р, қар-р-р-р-р).
VII. Балалар өз көңіл күйлерін қағазға салады.