Күні: 10.02.2016ж
Өтетін орыны: №23
Тақырыбы: «Зейінділер мен зерделілер»
Мақсаты: Пәнаралық байланысты нығайта отырып, оқушылардың оқуға, ізденуге ынтасын арттыру. Оларды ойлануға үйрету, намысшыл болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төріне
Математика тілінде.
Командалар жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Есеппен ән салады.
Көңілді кещ жасаймыз.
Жүргізуші:
Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ күн.
Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті.
Талай ғылым сенен алды бастауын.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып өтейік.
Проекторда көрсетілген кезеңдермен танысыңыздар
Кім білімді?
Кім жылдам?
Кім күшті?
Топ басшылар сайыс
Сергіту сәті
Не? Қайда? Қашан?
Қорытынды
Сайысымызды бастамас бұрын кім бірінші болып бастайтынын анықтап алайық
I кезең «Кім білімді ?»
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі, әрбір дұрыс жауап 1 ұпайдан
«Зейінділер» тобының сұрақтары:
Тәуліктің 1/24 бөлігі сағат
Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады? Катет гипотенуза
Дененің қызуын немесе сууын анықтайтын шама? температура
Компьютердің пернетақтасында неше перне бар? 101-105 перне бар
13 санының квадраты неге тең? 169
Күшті қандай әріппен белгілейді? F
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы не? принтер
Ереженің әріп түрінде жазылуы. формула
Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? диффузия
Екі бөліндінің теңдігі пропорция
«Зерделілер» тобының сұрақтары:
Қиылыспайтын түзулер. паралелль
Сурет салу , графикалық кескіндерді салу программасы қалай аталады? пайнт
Бұрышты өлшейтін құрал? транспортир
15 санынның квадраты неге тең? 225
Windows дегеніміз не? Операциялық жүйе
Ұзындықтың өлшем бірлігі. метр
Табиғи жарық көзі. күн
Қапшықтың орысшасы қалай аталады? папка
Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш.квадрат
Күштің өлшем бірлігі не? Ньютон
II кезең кезең «Кім күшті ?»
Фигуралар сандарымен белгіленген болса, онда төмендегі суретке қай жауап сәйкес келеді. Дұрыс жауап 3 ұпай
А) 338
388
833
В) 331
838
811
С) 113
383
188
Д) 338
131
388
Анықтаманы жалғастыр:
1.Тек екі қабырғасы параллель төртбұрыш - трапеция.
2.Тік бұрышы бар параллелограмм- тіктөртбұрыш.
3.Өзара перпендикуляр, тең диагоналдары бар параллелограмм- квадрат.
4.Қабырғалары тең тіктөртбұрыш- квадрат.
5.Қарама-қарсы екі қабырғасы параллель,әрі тең төртбұрыш- параллелограмм.
6.Тік бұрышы бар ромб- квадрат.
7.Барлық қабырғалары тең параллелограмм- ромб.
III кезең «Кім күшті ?»
Бұл кезеңіміз 3 бөлімнен тұрады:
1.Логикалық есептерді шығару.
2.Графиктерді анықтау.
3.Формулаларды табу.
Қай топ қолдарын көтеріп жауап береді., сол топқа ұпай қосылады. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Экранға назар аударайық. Сұрақтары слайдпен көрсетіледі.
Логикалық есептер:
Құм сағаттың екі түрі бар. Біріншісі 7 минутты өлшейді, екіншісі 11 минутты өлшейді.Осы екеуінің көмегімен 15 минутты қалай өлшеуге болады ? (11-7, 11+4)
Сыйымдылығы 5 л және 3 л екі ыдысты пайдаланып, 4 л суды
қалай алуға болады? (5-3,2+2)
Жәшікте 1100 г чай бар. 300 г және 650 граммдық пакеттердің көмегімен
1 кг чайды қалай алуға болады? Таразы жоқ (650-300 , 350+650)
Шалдық 3 ұлы болыпты. Балаларына түйелерін мұра етіп қалдыра отыра,былай депті: үлкен ұл барлық түйелердің жартысын, ортаншы ұл үштен бір бөлігін,
Кенже ұл тоғыздан бір бөлігін алатын болсын депті.Түйелердің саны 17. Олар қалай бөлісіп алды.( 1) 9 , 2) 6 3) 2
Арыстан қойды екі сағатта ,қасқыр үш сағатта, ит алты сағатта жеп бітеді . Барлығы бірігіп қойды неше сағатта жеп бітеді (1 сағат) 5 май шам жанып тұрды, үшеуі өшіп қалды.
Нешеуі қалды? 3 шам қалды
Графиктерді анықтау.
1) у= kх+l функциясының графигі қалай аталады? (түзу)
2) X2+Y2=R2 функциясының графигі қалай аталады?(шеңбер)
3) у= R/х (гипербола)
4) y= -a(x-m)2 +n функциясының графигі қалай аталады? ( төбесі m және n нүктесінде болатын, тармағы төмен қарайтын парабола)
Формулаларды табу.
(а +в)2= а 2+2ав+в2 ненің формуласы? (екі өрнектің қосындысының квадраты)
ах2 +вх+с=0 ненің формуласы? (квадрат теңдеу)
S= a2 ненің формуласы? (шаршының ауданы)
a 2 + b 2 = c 2 ненің формуласы? (Пифогор теоремасы)
AB= ненің формуласы? ( екі нүктенің ара қашықтығы)
F =mg--------------ауырлық күші
V=abc -------------------көлемнің формуласы
Q=Cm(t2-t1) --------жылудың формуласы
Eп=mgh ----------потенциалдық энергия
А=FS---------механикалық жұмыс
IV кезең «Топбасшылары сайысы»
(Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
«Зейінділер » топбасшысының сұрақтары:
Құрамында белгісіз айнымалысы бар теңдік(теңдеу)
Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы қалай аталады? (дисплей)
Қуаттың өлшем бірлігі қандай? (ватт)
Windows ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (терезелер)
Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36см)
Компьютердің құрылысын атап бер? (жүйелік блок,монитор,пернетақта,тышқан.)
Денеге басқа денелдер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады? (инерция)
Тышқанның қай батырмасы негізгі деп аталады? (сол жақ батырмасы)
11 санының квадраты нешеге тең? (121)
Сурет салу программасы қалай аталады? (Paint)
«Зерделілер» топбасшысының сұрақтары:
14 санының квадраты? (196)
Берілген санға қалдықсыз бөлінетін сан. (еселік)
Жерге ең жақын жұлдыз? (күн)
Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы қалай аталады? (пернетақта)
Дененің температурасын өлшейтін құрал? (термометр)
Трапецияның табандары 10 см және 8 см. Орта сызығы неге тең? (9см)
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы қалай аталады? (инерция)
Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама? (жылдамдық)
Қабырғасы 6 см және 8 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (48см)
Тышқанның қай батырмасын көмекші деп атаймыз? (оң жақ батырмасы)
V кезең «Сергіту сәті»
(Тұжырымдамалар айтылады, егер ол дұрыс болса, қолдарын горизонталь созады, ал егер дұрыс болмаса, қолдарын вертикаль созады) Қай топ дұрыс жауап береді, сол топқа ұпай береді.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайдан.
Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады.
(дұрыс емес)
Түзуде берілген нүктеден бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады.(дұрыс)
Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары 600 градусқа тең.(дұрыс)
Вертикаль созылған түзу абсциссалар осі деп аталады.(дұрыс емес)
Өзара тең кесінділер симметрия деп аталады.(дұрыс)
VI кезең Танымдық өре сайысы
Қай топ дұрыс жауап береді, сол топқа ұпай береді.Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайдан.
1. Ата-бабаларымыз ертеден келе жатқан әдет бойынша бір нәрсенің ұзындығын н/е қалыңдығын өлшегенде “шынтақ елі”, “бір елі”, “сере қарыс”, “сынақ сүйем” деген қол өлшемдерін пайдаланады.
Сұрақ-осы өлшемдердің ішінен біреуі ата-бабаларымыздың ерте кезде бөлшек ұғымы болғандығын көрсетеді. Ол қайсысы?
А. шынтақ елі
В. Бір елі
С. Сере қарыс
Д. Сынақ сүйем
2 . “Пұт” –ертедегі ата-бабамыз қолданған масса бірлігі. Осы атау қанша килограмды білдіреді?
А. 20кг
В. 16кг
3.“Шаршы” қазақ қыздарының тағатын орамалдарынынң өлшемі. Осы өлшемнің қазіргі өлшемі.
А. квадрат метр. В. куб метр. С.метр.
VII кезең Не? ,Қайда?, Қашан?
Бұл тур математика тарихына саяхат деп аталады.7 сұрақ қойылады әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі
Бұл геометриялық ұғым латынның “екі рет” және “кесу” деген екі сөзінен шыққан, аударғанда “екі бөлікке бөлу” деген мағынаны білдіреді? Бұл ұғым не туралы айтылған?
(Биссектрисса)
Бұл ұлы математиктің қабіріндегі құлпытас шарға сырттай сызылған цилиндр бейнеленген. 200 жыл өткен соң, осы чертеж арқылы оның бейіті табылған. Бұл кімнің бейіті болған?
(Архимед)
Бұл математиктің есімімен тікбұрышты координаталар жүйесі аталады. Ол кім?
(Рене Декарт)
Бұдан 2500 жыл бұрын пайда болған есептегіш құрал және Египет,Қытай, Грецияда кеңінен танылған (Абак)
Индиялықтар оны “сунья”, араб математиктері “сифр” деп атаған. Ал, біздер оны қазір не деп атаймыз?
(Ноль)
Сіздер білетін боларсыздар, 13 санын, 666 санын жаман сандар қатарына қосады. Пифагор заманында 3 және 12 сандарын “бақытты сан” деп таныған. Ал, қай сан “денсаулық” саны деп аталады?
(төрт)
Ертеде бұл термин болмаған. XII ғасырда француз математигі Франсуа Виет енгізді. Латын тілінен аударғанда “дөңгелек сымдары” деген мағынаны білдіреді. Бұл не?
(Радиус)
VIII кезең Көрермендер көзайымы
Әділ қазылар алқасы өз қорытындыларын шығарғанша, біз отырған көрермендермен ойын ойнасақ дейміз. Жұмбақтар айтылады. Экранға назар аударайық. Сұрақтары слайдпен көрсетіледі.
Константинополь
Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.
Сіздің нәтижеңіз қандай?
өте жақсы: 10 және одан да көп сөз
жақсы: 8 және одан да көп сөз
жаман емес: 6 және одан да көп сөз
Жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды.
Демеңіздер біз білімді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз.
Жеңімпазы кім болып сарапталады?
Алдыңызда жайнаған жүздер әні.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Женген команданы шын жүректен құттықтаймыз.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!