«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату, сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату

Фонетико-фонематикалық қабылдауы толық жетілмеген,

оқу жазу жағы дамымаған .

2 «а» класс.

Мақсаты: Білімділік: Сөз соңында «б» мен «п» дауыссыз дыбыстарын жазуда ажырата білуді меңгерту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Сауатты көркем жазу дағдыларын, дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету-фонематикалық есту қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап айту дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, айна

І Психологиялық жаттығу

-Біз бәрін де білеміз, біздің қолымыздан бәрі келеді.

-Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.

-Біз сабағымызды жақсы өткізуге тырысамыз.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

  • Көктем мезгілі қандай? (Көктем жылы)

  • Бүгін сәуірдің нешінші жұлдызы?

  • 12-сәуір қандай мереке?

  • Дұрыс-ақ... «Ғарышкерлер күні».Олай болса, ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім? Біздің Қазақстаннан ұшқан ғарышкер кім ?

  • Жарайсыңдар, балалар.

Ал, енді сабағымызды жалғастырайық!

І тапсырма.

  • Төмендегі сөздерге «ы,і» әріптерінің тиістісін қосып жаз.

Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, көп, шөп, талап.

  • Бұл сөздердегі «п» дыбысының «б»-ға айналуы қай дыбыстың әсерінен деп ойлайсың?

  • Жарайсыңдар балалар! Олай болса, балалар, сөз соңында «б» естілгенімен «п» әрпі жазылу керектігін меңгереміз.

  • Ал, енді балалар, «Тіл туралы ертегіні» айтайық.(артикуляциялық, дем алу, шығару жаттығулары)

ІІ тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мақалды жатқа жаз.

а) Кіта...-білім бұлағы.

Мекте...-білім бесігі.

ә) Кәсі..., тү...і, нәсі...і.

Сергіту сәті.

Саусақтарды қосамыз,

Қолдарымызды созамыз,

Аспандағы бұлттарды

Жан-жаққа біз қуамыз.

Ребусты шеш

«Естігенде шапалақта» ойыны. (Ойын барысы : берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардың, сөздердің арасынан, берілген дыбысты белгілейді.)

А,с,ғ,б,т,ш,ц,ж,п,м,з,к,б,т,л,п

Ма, ба,ға , ша,ту,па, бе, су, ме, жу, бу, ре, пе, до.

Күз, барыс, кітап, қалам, сурет, мектеп, ұстаз, гүл, құмыра, апа

ІІІ. Тапсырма Мәтінмен жұмыс. Көп нүктенің орнына «п,б» әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемді оқу.

  1. Болат төрт сұраққа жауа... жазды. Бір сұрағының жауа...ы дұрыс болмады.

  2. Жарысқа алты то... қатысты. Бақыттың то...ы жеңімпаз атанды.

Саусақ-қол жаттығуы: күріш пен бұршақты пайдалана отырып, п және б дауыссыз әріптерін жазу.

ІV. Тапсырма. Суреттегі б,п дыбыстары кездесетін сөздерді ата.

(Кітап, доп, дәптер)

V. Қорытындылау

  • Біз қандай ойындар ойнадық?

  • Сөз соңында «б» естілгенімен қандай әріп жазылады?

V. Бағалау.

















Пригород орта мектебі





«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату






Логопед Жанбаева Ж.К.





















2015-2016 оқу жылы