: Шш дыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Өтілген дыбыстар туралы балалрдың білімдерін бекіту ( cұрақ - жауап арқылы).
2. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, Шш дыбысыменжәне әріп таңбасымен таныстыру.

3. Тапқыр, ұшқыр ойлы болуға тәрбиелеу, жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Күн жылуын сезініп,

Жүректерге құяйық.

Сол арқылы жан – жаққа

Мейрімділік сыйлайық. (қимылымен көрсету)

2. - Дыбыс дегеніміз не?

- Нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

II. Негізгі бөлім:

  1. Жұмбақ жасыру.

Зулап түсер төменге,

Шыға алмайды өзі өрге. ( шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу. Ш әрпімен таныстыру, тақтаға ілу, ауада жазып көрсету.

Ш дыбысынан келетін сөз ойлату.

III. Сергіту сәті:

Ары сермеп қолымды,

Бері сермеп қолымды.

Денеме күш жинаймын

Сабақты терең ойлаймын!

Тіл ұстарту жаттығу

-ШЫ, -ШЫ,- ШЫ.

Атам менің аңшы.

IV.Дәптермен жұмыс:

Дәптерге берілген суреттердің аттарын атап,дыбыстық талдау жасату.

Шш дыбысы сөздің қай буынында тұрғанын түсіндіру.

Үлгі бойынша Ш дыбысын жаздырту.

V.« Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны.

Шарты: берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым – қатынасты тәрбиелеу.

VI. Дыбыстық артикуляциясы:

  • Ерін аздап дөңгеліп тұрады.

  • Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ кетеді.

  • Тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.

  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.

VII. Қорытынды:

С – Ш дыбыстарын буында, сөзде дұрыс, айтып анық ажырату. Мәтінді оқу.