|
Ауа райы (1 сынып)
Автор публикации: Абдрханова Э.С.
Дата публикации: 2016-11-15
Краткое описание: ...
Пәннің аты:логопедия | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім-логопед: Жолтаева М.Б. | Сабақтың атауы | Ауа-райы | Мақсаты | Мақсаты: а) Сабақты қайталай отырып,өтілген дұрыс дыбыстау үшін артикуляциясын түзеу. Оқушыларға ауа - райы туралы мағлұмат беру. Ауа - райы мен климатты айыра білуге үйрету. Ә) Фонетика фонематикалық қабілетін жетілдіру. Б) табиғатты қорғай білуге, оны күте білуге тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу. Түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, жарты шарларкартасы. | Күтілетін нәтиже | Психологиялық ахуал | Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту Тыныс алу жаттығулары:(Стрельникованың әдісі бойынша) «Насос» жаттығуы-аздап еңкею барысында мұрынмен қысқа және шулы дем алу. «Сегіздік» жаттығуы-терең дем алып,дем шығармай 8-ге дейін сана. «Өз-өзінді құшақта» жаттығуы -өз кеудеңді өзің құшақтағандай болып,басыңды оңға, солғабұрып терең демал. Артикуляциялық жаттығулар: «Ине»-ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. «Саңырауқұлақ»-азызды кең ашып,тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау. «Алтыбақан»-жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға созып,біресе иекке созып 10-15 рет қайталау керек. | Мағынаны тану Кеспе қағаздары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу. а) кіріспе сөз. Ә) ауа - райынатоқталу. Б) метеорологиялық станция В) климат Г) картамен жұмыс. Ауа - райы дегеніміз - белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы. Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа - райының белгілі бір аумақтағы көпжылдық режимі.
| Сергіту сәті | Қазақстан қалаларының атауларын сөзжұмбақтағы торкөздерге толтырып, дәптерге жаз.
| Ой толғаныс Сурет бойынша әңгіме жүргізу. | [pic] | Үйге тапсырма |
Дыбыстауды дұрыс оқып,артикуляциялық жаттығуларды орындау. | Күнделіктеріне жазып алады | Бағалау | Оқушыларды мадақтау | Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|