Жыл мезгілдері 3 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



3 сынып,ПДТ, дара жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыға жыл мезгілдері туралы түсінік беру

2. Кеңістікте бағдарлау қабілетін жаттықтыру

3. Ойын толық әрі ашық жеркізуге тәрбиелеу

Дидактикалық материалдар мен құралдар: плакаттар, түрлі түсті карандаш, кестедәптер,

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырып бойынша сұрақтар

Сен жыл мезгілдерін білесің бе?

Кәзір жылдың қай мезгілі?

Қай жыл мезгілін ұнатасың? және не үшін?

Мына кестеге назар аудар! Бұл кестеде жыл мезгілдерінің және айлардың тізбегі көрсетілген. Есіңде сақтап ал


ІV. Суретпен жұмыс

Мына суретке қара, жылдың қай мезгілі бейнеленген? Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Біз күз деген кезде, ең алдымен ойымызға не келеді? (сарғайған жапырақтар, піскен жеміс- жидектер,мектепке бара жатқан оқушылар, жауын) , ал қыста не істейміз?(аппақ қар, суық ауа райы, шанамен сырғанап ойнаймыз), көктемде?(күн жылынып, мұз бен қар еріп, гүлдер шығып, айнала құлпырады), ал жазда?

V. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

VI. Графикалық диктант . Дәптерімізді ашып, қолымызға карандаш алып, менің айтқан бағытыма қарай, тор көз санын санай отырып сызамыз

1↓, 2←, 10↑, 1←, 2↑, 1←, 2↓, 1←, 1↓, 1←, 2↑, 1→, 2↑,1←, 1↓, 1←, 1↓, 1←,

3↑, 1→, 1↑, 1→, 1↑, 2→, 1↑, 3←, 1↑, 1→, 1↑, 3→, 2↓, 1→, 1↑, 3→, 1↓, 1→,

1↓, 4←, 1↓, 3→, 3↓, 1←, 2↑, 1←, 1↑, 1←, 2↓, 1→, 3↓, 1→, 8↓, 3→, 5↑, 1→,

3↑, 2←, 1↓, 1←, 2↑, 1→, 1↑, 1→, 1↑, 1→, 1↑, 2←, 2↑, 2→, 1↓, 1→, 1↓, 1→,

2↑, 1→, 1↑, 1→, 1↓, 1→, 1↓, 1←, 1↓, 2→, 1↓, 1→, 1↓, 1←, 1↓, 2←, 1↓,1→,

3↓, 1←, 2↑, 1←, 1↑, 1←, 9↓, 6→, 5↓, 16←, 2↑, 1→, 1↓, 1→, 1↑, 1→

Қандай сурет шығады екен? Қандай мезгіл деп айтсақ болады? Шыққан суретті боя.

VII. Оқушыны бағалау. Ауызша

VIII. Үй тапсырмасы