Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»
Арнайы 7-сынып мұғалімі:
Амалбаева Раушан Қанатқызы
2016 жыл
Пәні: Кәсіби еңбекке баулу Күні: 15.11.2016ж
Сыныбы: Арнайы 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихы, түрлері, мағынасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ою-өрнектерді атау,көрсету, ою, қию, жапсыру, тігу жұмыстары арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ көрнекілігі: Слайд, ою-өрнек үлгілері, қазақы нақыштағы ою-өрнектермен бейнеленген заттар, перфокарта, бейнебаян, еңбек құралдары, смайликтер, қима қағаздар.
Жаңа сөздер: Орнамент
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
– Қане, барлығымыз бері қараймыз! – Оқушылар, біздің бүгінгі өткелі отырған сабағымыз күндегіден ерекше, себебі сабағымызға қонақтар келген екен, ендеше қонақтарға қонақжайлылық көрсетейік. – Сабағымыздың жақсы өтуі үшін балалар қане, бір-бірлеріңе күліп қарап, қолдарыңнан ұстап, іштей жақсы тілек айтыңдар. – Оқушыларды сабаққа даярлау.
– Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру. – Бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға мен мынандай смайликтер беріп отырамын. Сонымен бірге бұл смайликтер әр түрлі бағаны көрсетеді, олар міне «5» [pic] , «4» [pic] , «3» [pic] . Ал, олай болса сабағымызды бастаймыз, кім көп смайлик жинаса сол оқушы «ең озық оқушы» саналады.
Үй тапсырмасын тексеру
(Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеру, сұрақтар беру, бағалау)
- Балалар, үй тапсырмасын кім айтады? - Оқушылар барлығымыз слайдқа назар аударайық, қане не көріп отырсыңдар? - Қане, кім айтады, қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер? - Сәукеле, камзол, бешбет,тақия, кебіс (суреттерін бояу, сипаттау) - Ал, осы киімдерді нелермен әшекейленген екен?
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
Жаңа сабақ.
- Алдарың берілген қима қағаздарды құрастырып қарайықшы, ал, оқушылар құрастырып болсақ айта қойыңдар кім не құрастырды? (оюлар)(Адай күйін жіберу)
[pic]
Сабақ тақырыбын баяндау. (тақтаға жазу) (дәптерге жазу)
Түсіндіру.
Ою-өрнек – қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жұкаяқ беттерін киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарды т.б. безендіруде, сондай-ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.
Әрбір ою-өрнектің тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек.
Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру дгене сөзі. Мысал ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек.
Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы. Симметрия кез келген ою-өрнекте болады.
Ою түрлері 4 топқа бөлінеді:
Жануар Өсімдік өрнектері Геометриялық Космогониялық тектес
[pic]
ВИДЕО ҚАРАУ)
Жаңа сабақты бекіту
Перфокарта
Сергіту сәті
(қара жорға биін билеу)
Ою қиып үйренейік
(түрлі түсті қағаздардан ою қию, атын атау)
Ойын – «тапқырлық»
Жұмбақ шешу, осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атау.
Дүниеде бір молда
Уақытында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп, жер шоқиды. Жауабы: қораз
Осы жұмбаққа байланысты ою түрлері: құсқанаты, қазмойын, құстұмсық,
қарғатұяқ, қазтабан, т.б.
Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға. Жауабы: түйе
Оюлар: түйетабан, ботагөз, өркеш, т.б
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. Жауабы: сиыр
Оюлар: сыңармүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз, т.б
Қорытынды
- Оқушылар бүгін сабақта қандай тақырып өттік?
- Сендердің естеріңде қандай оюлар қалды?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Өте жақсы, сендерге де рахмет!
Бағалау Мадақтау