[Р] дыбысын машықтандыру.
Шаханова М.К. (Павлодар қаласы)
Тақырып: [Р] дыбысын машықтандыру.
Мақсаты: [Р] дыбысының анық және дұрыс шығуын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. [Р] дыбысын буында, сөзде және сөйлемде машықтандыру.
2. Фонематикалық талдауы мен синтез процестерін дамыту.
3. Жіңішке қол моторикасы мен графо-моторлық дағдысын дамыту.
4. Сабақ барысында жағымды эмоционалдық фонды қалыптастыру.
5. Баланың ойлау және зейін дағдысын дамыту.
Құралдар:
1. Артикуляциялық жаттығулардың суреттері.
2. Заттық суреттер, жемістердің муляждары, суреттер.
3.Тілдік материал. Дәрігер, кондитер, жүргізуші.
Радио, рация, раушангүл, робот, рояль.
Қарақат, орақ, ара, қырау, тарақ.
Тор, бор, қияр, дәптер, шеңбер.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Баламен амандасу, сабақта қандай кейіпкер көмектеседі екенін анықтау (Буратино, Пьеро, Мальвина). Таңдаған кейіпкерді дәптерге орналыстыру.
ІI. Артикуляциялық жаттығулар:
«Тістерді тазала». Сипаттамасы: ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен жоғарғы тістерді ішінен оңға – солға тазалау.
«Сылақшы». Сипаттамасы: жымиып, ауыз ашып, тілдің ұшымен таңдайды алға –артқа «сылау».
«Аттар шабысы». Сипаттамасы: жымиып, тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен таңдай қағу. (аттың тағалары тақылдағандай).
«Тоқылдақ». Сипаттамасы: жымиып, тістерді көрсетіп, ауызды сәл ашып тілдің ұшын таңдайға тигізіп, тоқылдату.
ІІI. [Р] дыбысын машықтандыру:
[Р] дыбысын буында машықтандыру:
Тапсырма: «Менің соңымнан қайтала»:
Ра-ра-ра ро-ро-ро ру-ру-ру
Рұ-рұ-рұ ры-ры-ры
Ар-ар-ар ор-ор-ор ур-ур-ур
Ұр-ұр-ұр ыр-ыр-ыр
Тапсырма «Суреттегі сөзді аяқта». Сипаттама: керекті буынды көрсету керек.
Суреттер топтамасы: домбы (ра), самау (ыр), қасқ (ыр), шалб(ар), ш(ар), т(ор)
2. [Р] дыбысын сөзде машықтандыру:
Тапсырма: «Сөйлемді аяқта»
Адамдарды емдейтін… (дәрігер).
Тәтті тоқаш пісіретін…(кондитер).
Машина жүргізетін…(жүргізуші)
Тапсырма: Суретте не бейнеленген:
1. Радио, рация, раушангүл, робот, рояль.
2.Қарақат, орақ, ара, қырау, тарақ.
3.Тор, бор, қияр, дәптер, шеңбер.
3. Фонематикалық талдауын дамыту.
Тапсырма: «Себетті толтыр» - оқушы себетке [Р] дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді жинау керек (жеміс-жидектердің, көкөністердің муляждарын беремін)».
Өрік, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, шие, қарақат, жүзім, картоп, қияр, ананас, бұрыш, банан, қарбыз, пияз.
4. Динамикалық жаттығу.
«Аю» жаттығуында бала екі қолын алға созылған қалпында, табандарының сыртқы жағымен жүреді.
Маймақ аю жайрандап,
Жүреді ол тайраңдап.
Дейді аю – бәріне,
Бал бересін бір бөшке.
«Тамшылар» жаттығуында алақанды бармақпен ұрады.
Күркіреді күн, күн...
Терезелер шың-шың.
Жауды жаңбыр топ-топ,
Шелек-шелек, кө-көп.
5. Жіңішке қол моторикасы дамыту:
Тапсырма: «суретті нүкте арқылы сызып, боя»
[pic]
6. [Р] дыбысын сөйлемде машықтандыру.
Тапсырма: «Жұмбақты шеш. Сол сөз арқылы сөйлем құрастыр».
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.
(шалбар)
Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.
(ара)
Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
(термос)
Тапсырма: «Сөйлемді қайтала»:
Балалар көгершінді торға отырғызды.
Маратқа анасы шалбар әперді.
Бибінұр сарымсақ аршып сорпаға қосты.
Балалар анардан шырын сығып шығарады.
ІV. Сабақ қорытындысы:
Қандай кейіпкер бүгін саған көмектесті?
Қандай сөздерді қайталадың?
Дұрыс және анық сөйлеу үшін барлық жаттығуларды үйде қайтала. Мен саған сәттілік тілеймін.