Сабақтың тақырыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаты: Отбасында үйлесімді қарым – қатынас жасауға үйрету.
Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашырлық
сезімдерін дамыту. Отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық
(Сөз жұмбақ жасыру)
1. Отбасының отағасы кім? (Әке)
2. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады? (Ата)
3. Апалы – сіңілі қыздардың балалары бір – біріне кім болады? (бөле)
4. Ең қымбат жақын адам кім? (Ана)
5. Ағадан кейін өмірге қыз келсе кім дейміз? (Қарындас)
6. Аналарыңның туыстары сендерге кім болады? (Нағашы)
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңыздар ма, сөзжұмбағымыз да, отбасы , туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы » деп аталады. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болу керек»деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата – ананың орыны бөлек. Бала әкеден ақыл, жауапкершілігі толығымен ер – азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел – ананың тікелей міндеті.
IV. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқу.
Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасның басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен – жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған – тыстарымен қарым – қатынаста болады. Ата – ананың ақылымен қарым – қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым – қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқағанға көмек беру, кәмілетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы – адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған – туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғаның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке бала мемлекеттік қорғауында болады деп көрсетілген.
Түсінгенін сұрау.
1. Мәтіннен не түсіндіңіздер?
2. Отбасына кімдер жатады?
3. Отбасында сенің және ата – ана, бауырларың мен ата - әжеңнің қандай құқықтары мен міндеттері бар?
V. Ойын «Жалғасын тап!» мақал – мәтелдерді жалғастыру
- Ұяда не көрсең ... (Ұшқанда соны ілесің)
- Інісі бардың тынысы бар... (Ағасы бардың жағасы бар)
-Балалы үй базар... (Баласыз үй қу мазар)
VІ. Ойын «Менің отбасым»
- Менің отбасым көңілді, өйткені...
- Менің отбасым бақытты, өйткені...
- Менің отбасым тату, өйткені...
- Менің отбасым қонақжай, өйткені...
VІІ. Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқа сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан ... (кесіп өтуге болмайды)
- Кішкене баланы ... (жылатуға болмайды)
- Қыз баланы ... (ренжітуге болмайды)
VІІІ. «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні ...(сыйлау керек)
- Үлкеннің тілін ... (алу керек)
- Үлкендерге ... (сәлем беру керек)
- Кішілерді ... (қамқорлау керек)
ІХ. Әріптерден отбасы мүшелерінің аттарын шығару.
Х. Жүректен жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын бірге айтамыз.
Құрметтеп ата – анамды
Ардақтап әпке, ағамды
Қамқор боп сіңілі – ініме
Сыйлымын үлкен – кішіге
Бәрінде жақсы көремін
Үнемі көмек беремін
Үлкенді сыйлау – кішілік
Үлгілі мінез – кісілік
ХІ. Бекіту.
- Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіздер?
- Отбасы деп кімдерді айтамыз?
ХІІ. Қорытынды.
Бізге үлгі - өнеге болатын үлкендердің, дана ақыл - өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек, өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.
Ата – ананың ақылы –
Сайрап жатқан жолмен тең
Ақылдының ақылы –
Сарқылмайтын көлмен тең - дей келе бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
- Сабақ аяқталды
- Сау болыңыздар!