№1 А.С Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: [Л-Р] дыбыстарын ажырату
Сабақ түрі: Топтық сабақ.
Логопед: Ілияс Айдана
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: [Л - Р] дыбыстарын ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: [Л - Р] дыбыстарының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. [Л - Р] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.
Түзетушілік: Оқушыларға «Л», «Р» дыбыстарын жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.
Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: [Л - Р] әріптері, жеміс – жидектер суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсің бе!
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?
- Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр, балалар қандай жеміс – жидектерді білесіңдер?
- Қане, өзіміз жақсы көретін жеміс – жидектерді атап айтайықшы:
ІІ. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымызда біз [Л - Р] дыбыстарын дұрыс, анық, әдемі айта отырып, жеке буында, сөзде ажыратуды үйренеміз. Сонымен қатар жеміс – жидектер еліне сапар шегейік, иә балалар, бәріміз жеміс – жидекті жақсы көремізғой солайма?
Сабақ барысында сендерді бағалауға жақсы қатысқан оқушыларға 5ке жауап берген оқушыға күліп тұрған смайлик, 4 ке жауап берген оқушыға жай жымиып тұрған смайлик, ал 3 ке жауап берген оқушыға мұңайып тұрған смайлик беремін.
ІІІ. [Л - Р] дыбысының кескінін, артикуляциясын көрсетіп, жеке айтылуын сипаттау.
Л дыбысы:
Ерін – іргелес дыбысқа байланысты
Тіл – тіліміз жоғары қызыл иекке тиеді
Жел – суық жел
Р дыбысы:
Ерін - іргелес дыбысқа байланысты
Тіл – қасық пішіндес болады
Жел – суық жел
Діріл – діріл пайда болады.
ІV. Ұсақ моторикасын дамыту.
- Оқушылардың алдарына таяқшалар таратып беремін.
- Таяқшалармен «л – р» дыбыстарын құрастырып жасауды тапсырамын
V. Фонематикалық қабылдауын дамыту.
- Оқушыларға қызыл және көк жалауша таратып беремін.
- Мен бірнеше дыбыстарды айтамын сол дыбыстардың ішінен [Л] дыбысын естігендеріңде қызыл жалаушаны , ал [Р] дыбысын естігендеріңде көк жалаушаны көтересіңдер. Мұқият тыңдап отырыңдар. (аузымды қағазбен басып, оқушыларға дыбыстарды атаймын).
VІ. [Л -Р] дыбыстарының таңбалануы .
- Балалар біз дыбысты естиміз, енді осы дыбыстардың таңбалануы болады, оны біз әріп деп атаймыз. Ал, әріпті біз не істейміз? (көреміз, жазамыз, оқимыз).
- Міне бұл Л және Р
- Л және Р әріптерін енді тақтада жазып көрсетейікші.
VІІ. Сергіту сәті.
VІІІ. [Л -Р] дыбыстарын буында, сөзде ажырату.
Буында ажыратуға буындарды айтқызып, одан сөз құрау.
Л дыбысына: Ла – ла –ла (гүл суреті)
Ыла – ыла – ыла (жылан суреті)
Ол – ол – ол (қол суреті)
Р дыбысына: ра – ра –ра (радио суреті)
Ара – ара – ара (тарақ)
Ар – ар – ар (шалбар)
Ойын: «Дүкенші»
Мақсаты: [Л - Р] дыбыстарын ажырату.
Ойын барысы: Мен дүкенші (мұғалім) боламын, ал сендер сатып алушы боласыңдар. Менен келіп өздерің ұнаған жеміс-жидек сатып алуларыңа болады. Тақтада плакатта «жеміс – жидектер дүкені» жазылған және [Л - Р] дыбыстары бар жеміс – жидектер жапсырылған.
- берілген жеміс – жидектерден алғанын (алма, лимон, анар, гранат, алмұрт, шабдалы, құлпынай) атап, дәмін, түрін сипаттап, «л» дыбысы немесе «р» дыбысы барма жоқпа соны анықтап айтқызу, сөзді талдату.
- алма – 4 әріптен, 2 буыннан, л дыбысы екінші буында, ортасында естіліп тұр.
Жұмбақты шеш:
1. Шаңқ – шұңқ еткен үні жоқ, сусыз оның күні жоқ, Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не? (Балық)
2. Екі езуі құлағына жетеді, Тамақ жесе ызың – ызың етеді. Бұл не? (Ара)
Қорытынды.
- Бүгін біз қандай дыбысты ажыратып үйрендік?
- [л] дыбысын қатыстырып буынның басында, ортасында, соңында буындар құрап айтшы?
- [р] дыбысын қатыстырып буынның басында, ортасында, соңында буындар құрап айтшы?
- [Л - Р] дыбыстары бар қандай жеміс - жидектер білесің?
VІІ. Үйге тапсырма
[Л - Р] дыбыстары бар өзіңе ұнаған жеміс – жидек суретін дәптеріңе салып кел.
VІІІ. Бағалау.