Сыныбы: 2 күні 21.22.26 айы 01.2016 Логопед: Мауленова М.C
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: [К-Ғ] дыбыстарын ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
[К-Ғ] дыбыстарының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. [К-Ғ] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.
Түзетушілік:
Оқушыларға «К», «Ғ» дыбыстарын жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.
Тәрбиелік:
Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: [К]-[Ғ] әріптері, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсің бе!
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?
- Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр
Артикуляциялық жаттығулар
«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
«Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.
ІІ. Жаңа сабақ: Суреттердің атын атап және алғашқы дыбысын анықта. (Суреттер: карта,кілт,көбелек, ғарышкер, т.б.)
Суреттердің атаулары қандай дыбыстардан басталып тұр?
[К] және [Ғ] дыбыстары.
Олай болса, бүгінгі сабақта «к» және «ғ» дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажыратамыз.
К дыбысы:
Ерін – күліп тұрады
Тіл – астыңғы тістің түбіне тиеді
Жел – жылы жел
Ғ дыбысы:
Ерніміз жай ғана ашылады
- Тіліміз астыңғы тістің түбіне тиіп жоғарғы таңдайға көтеріледі.
- Ауыздан жылы жел шығады
1.Тапсырма Фонематикалық қабылдауын дамыту
«Дыбысты ұста» ойыны
[с],[к],[з],[ғ],[ң],[з],[к],[л],[ғ].
2.Тапсырма.Буын арқылы ажырату.
ка-ға-ке ки-ғи-ға ака-ағу-ако
ғо-ке-ғе ко-ғу-ка оки-оғу-оку
3.Тапсырма.Буын мен сөз арқылы ажырату.
«Мен бастаймын,сен аяқта!» ойыны
Ка-ка-ка-карта ке-ке-ке-керік Кі-кі-кі-түлкі
Ға-ға-ға-ғарышкер ғо-ғо-ғо-қолғап ғы-ғы-ғы-шаңғы
III.Сергіту сәті
Қорытынды.
-Балалар, бүгін қандай дыбыстармен таныстық?
-Қандай дыбыстарды ажыраттық?
-Ажырату барысында біз нелер жасадық?
Үйге тапсырма беру: [К-Ғ] дыбыстарын ажырату.Сөздер жаз.