Ашық сабақ жоспары: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 5 « А »

Пән мұғалімі: Айдарова С.П.

Сабақтың тақырыбы: 2. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы мағлұмат беру.

2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру № 16,№20 ережені сұрақ-жауап арқылы сұрау

  2. Жаңа сабақты меңгерту:

    1. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: аb=ba

    2. Көбейтудің терімділік қасиеті: (a*b)*c=a*(b*c)

    3. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: а+b=b+a

    4. Қосудың терімділік қасиеті: (a+b)+c=a+(b+c)

Мысалдар келтіру: 73+36+27 = (73+27)+36=100+36=136

(m+9)+16= m + (9 + 16) = m + 25

алғашқы түрі ықшамдалған түрі

  1. Дамыту кезеңі. Есептер шығару.

29 (ауызша), № 32

38 (1;6) 1) 1-қатар, №38 (2;4) 2) 2 қатар, № 38 (3;5)) 3-қатар

Деңгейлік тапсырма.

39

Сабақты бекіту кезеңі:

    1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не? Мысал келтір.

    2. Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма : № 36. № 40