Класс | 6 «А», «Г» |
Сабақтың тақырыбы: | Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік. |
Сабақтың мақсаты:
| Оқушыларға қарама-қарсы сандар, бүтін және рационал сандар туралы біліктілігін арттыру. Сын тұрғысынан ойлап, өз бетімен қорытынды шығару, ойларын ашық айту, ойлау, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. |
Күтілетін нәтиже:
| Берілген санға қарама-қарсы санды табуды, натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеуді, Матемтикалық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады және ойлау, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттері дамиды. |
Сабақтың түйінді идеялары:
| Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын және танымдық қабілеттерін дамыту. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
| сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ой қозғау,миға шабуыл. |
Негізгі дерек көздер:
| Интербелсенді тақта, плакат, маркер, конфеттер. |
Уақыты | Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер |
2 мин | Кіріспе | Сәлемдесу. Оқушыларды түрлі-түсті конфеттермен топқа бөлеміз. | Сәлемдесу.Топ мүшелері түрлі конфеттер арқылы бөлінеді. | Топқа бөлу |
3 мин |
Қызығушылықты ояту | Миға шабуыл. 1Екі санның бөліндісі қалай аталады? 2. Натурал сандар жиыны N қандай жиынға жатады? 3. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең? 4. Координаталық түзу бойында оң сандар қай бағытта кескінделеді? 5. Пропорция дегеніміз……? | Оқушылар жарыса отырып жауап береді. | Эстафета |
10 мин
10 мин
10 мин | Негізгі бөлім (мағынаны тану)
| Жаңа сабақты меңгерту мақсатында мәтінді өз бетінше оқуға тапсырылады. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды? Қандай сандар рационал сандар деп аталады?
Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.(көне оқулықтан) №329 №332№334 №335
Постермен жұмыс. І-топ. Оқушы ІІ-топ. Табиғат ІІІ-топ. Медицинада ІV-топ. Спортта | Оқушылар топ мүшелерімен бірлесіп, жауап береді. Қарама-қарсы сандар, бүтін сандар, рационал сандардың мағынасын ашады.
Жұмыс дәптерлеріне орындайды, өзара бағалайды.
Бар ойларын плакат бетіне түсіреді.
| Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, көшбасшылық
Өзара бағалау, жұптық жұмыс
Постермен жұмыс.
|
3 мин | Сергіту сәту | «Цифрлар жиыны» | Оқушылар дене қимылдарымен цифрларды бейнелейді. |
|
3 мин | Қорытынды бөлім (рефлексия) |
Бүгінгі сабақ бойынша оқушы үні. | Оқушылар өз ойларын жеке айтады. | Жинақтау |
2 мин | Үйге тапсырма | №341 №342 (көне оқулықтан) | Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады. |
|
2 мин | Бағалау | Критериалдық бағалау жүйесі бойынша оқушыларға ескерте отырып бағалайды. | Тыңдайды, қателіктерін ескеріп, ұғынады. |
|