Үй тапсырмасын тексеру.
1) көпмүше анықтамасы мен көпмүшелерді қосу ережелерін білу бойынша ауызша жаттығулар 2) көпмүшелерді қосу және азайту тақырыбы бойынша тест. Өзара тексеру жүргізу. 3) жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар презентациядан жаттығулар орындай отырып өздері анықтайды. II.Жаңа материалды меңгерту 1)7.2.1.12 көпмүшені бірмүшені көбейтеді; Презентация слайдтарымен жұмыс. Көпмүшені бірмүшені көбейту ережесін қорытып шығару. ІІІ.Бастапқы бекіту ауызша жаттығулар орындау №215, 214 (экраннан) 27.2.1.13 түріндегі көбейтінділерін өрнектеп түсіндіреді; Оқушыларға тіктөртбұрыштың аудандар қасиеттерін топпен жұмыста естеріне түсіру. Оқушыларға дайын төрт сызбасын тарату. Олардың екеуі үшін тіктөртбұрыштың ауданын табуды, оларды салыстырып, қорытынды жасауын сұраңыз. (Бір сызбада тіктөртбұрыштың қабырғалары, ал екіншісінде бір қарағанда оларға тең емес тіктөртбұрыштың бөліктерінің аудандары белгілі). Басқа екеуіне бірінші тіктөртбұрышты екі бөлікке, ал екіншісінеүш бөлікке бөлуін (тең болуы міндетті емес) сұраңыз. Оқушыларға өздерінің сызбалары мен түріндегі көбейтіндінің арасын байланыстыруды сұрау. Оқушылар өздерінің шешімдерімен бөлісулері және қорытынды жасай алулары керек. Әр топ өз жұмысын қорытындылауы және басқа топтың жұмысын (екі жұлдыз, бір тілек) бағалауы керек. Сергіту сәті «Мен қазақпын» IV.Жұппен жұмыс: Сыныптың жартысына бірмүшені көпмүшеге көбейтуге берілген тапсырмалары бар карточкалар, ал басқа оқушыларға осы тапсырманың шешімі болатын өрнектер таратылады. Жұптарын тапқан оқушылардан сәйкестендірілген өрнектерді жазып және тіктөртбұрыштары бар дайын карточкаларда өлшемдерін көрсетеді, тіктөртбұрыш аудандары көрсетілген өрнектермен қалай байланысты екендігін түсіндіреді. Өзара тексеру жүргізу. Жетістік критерийіне жету бойынша қорытындылау. Деңгейлік тапсырмалар (жалпы сынып)
Карточка арқылы есептерді оқушылардың өздері таңдап алады. Бұл фигуралардың бұрыштарының санына байланысты есептерде күрделене түседі.
V.Жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысы 1) Жақшаларды ашу; 2) Жақшаларды екі рет ашу және ұқсас мүшелерді біріктіру; 3) Тіктөртбұрышты суреттері және өрнектерді суреттермен сәйкестендіру. Экраннан шешімдері мен жауаптарын көрсету және сабақтың мақсатына жеткендіктері туралы қорытындылау [link]
Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И. и др. Алгебра 7 |