Пәндік шара-«Қызықты математика» сайысы 8-сынып Математика

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қызықты калейдоскоп» физикалық ойыны


Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау,логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту,танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру: оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнектілігі: ойынның слайдтары,қобдиша,калейдоскоп, оқушылардың шығармашылық көрмесі,физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру,тәжірибе жасау.

Формасы: ойын сабақ.

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:

1. «
ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын,ұранын айту);

2. «
КІМ ЖЫЛДАМ?» (викториналық сұрақтар);

3.
 «ОЙЛАНАЙЫҚ,ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

4.
 «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын,атқаратын қызметін түсіндіру);

5.
 «ОЙЛАНТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6.
 СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел күлейік!)

7.
 «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

8.
 «ТІЛ-ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып,орыс,ағылшын тіліне аудару)

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Физика-математика және информатика пәндерінің
 «МИФ кемесі-білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады. 

-Олай болса,
 «Қызықты калейдоскоп» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!

Уа жарандар,жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

МИФ теңізі елінде,

МИФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық,саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

-Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып,ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Ойынға 2 топ қатысады.

1.
 «Ойшылдар» тобы

2
. «Тапқырлар» тобы 


МИФ кемесі-білім теңізінде.


І.
 ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) (5-10 ұпай)

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесу:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас,бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны:

Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесу:

Біз дайынбыз бұл сайысқа,достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


ІІ. «КІМ ЖЫЛДАМ»

(викториналық сұрақтар)

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап-1 ұпай

1.Шам,плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/

2.Электр тогы дегеніміз не? /зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

3.Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Лайка/

4.Радионның «атасы». /Александр Сергеевич Попов/

5.Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым. /Әл-Фараби/

6.Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

7.Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

8.Физика не туралы ғылым? /табиғат/

9.Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

10.1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

11.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

12. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

13.Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

14.Ауаның қысымын анықтайтын құрал. /Барометр/

15.Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі. /Термодинамика/


ІІІ. ОЙЛАНАЙЫҚ,ОЙЛАЙЫҚ! (логикалық есеп)

Тапсырма:Сіздің қолыңызда-500 теңге ақша бар,оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек.Жылқы-50 теңге,сиыр-10 теңге,қой-1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады.Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға-500 теңге ұтыс беріледі.

-Олай болса,ойынымыздың келесі шартына көшейік.


IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын,атқаратын қызметін түсіндіру);

-Оқушылар біздің «МИФ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық.Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 2 топқа арнап кезекпен кемеге қолын созып,бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады.Әр топ прибордың атын,олардың атқаратын қызметтерін айтады.)Әр дұрыс жауапқа-5 ұпай

Берілетін приборлар: амперметр,вольтметр,реостат,катушка,әлектроскоп, трансформатор.

1.
Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2.
Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3.
Реостат /кедергіні өлшейтін құрал/

4.
Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/

5.Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/

6.
Трансформатор /айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/


V. «ОЙЛАНТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.
 Дұрыс жасалған тәжірибеге-10 ұпай.


«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа,суы бар стақан,бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп,қасықпен сал.

Не байқалды?

Жұмыртқа стақан түбіне түседі,яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.

2.Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,стақанға 10 шәй қасық тұз сал,толық ерігенше араластыр.Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.


Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады,яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.


«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан,өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2.Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3.Енді түбін жоғары қаратып,стақанды өте шапшаң төңкер.

4.Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді.Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады.Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып,су төгілмейді.


VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел,күлейік!)


Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан,алдыңғы аяғында 5 саусақ,артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын,адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?


VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);


Жауабын тапқан топқа-10 ұпай.

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер: Евклид-файл-телеграф-килобайт-робот-дюим-процессор-монитор- тире-разряд-диск.


VIII. «ТІЛ-ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып,орыс,ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде-10 ұпай, орыс тілінде-10 ұпай,ағылшын тілінде-10 ұпай.

Сұрақтар:

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток,ток,energy)

2.Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш,линейка,ruler)

3.Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз,лед,ice)

4.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап,книга,book)

5.Бар ма,жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа,воздух,air)

6.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн,солнце,sun)


Енді «
ОЙЛАНАЙЫҚ,ОЙЛАЙЫҚ!»(логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

Тапсырма:Сіздің қолыңызда- 500теңге ақша бар,оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек.Жылқы- 50теңге,сиыр-10 теңге,қой-1 теңге.Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады.Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші шешкен адамға-500 теңге ұтыс беріледі.


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.