Бекітемін:
Сыныбы: 9 Күні: 22.11.2016 жыл
Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Осьтік және центрлік симметриялар.
Сабақтың мақсаты: Центрлік және осьтік симметрия ұғымдарын табиғаттан мысалдар келтіру арқылы көрнекілік деңгейде көрсете отырып түсінеді және бұл ұғымдардың математикалық анықтамасын беріп, олардың қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана білу біліктіліктері мен бейімділіктері артады
Күтілетін нәтиже:
Симметрия түрлерін ажырата алады:
Осьтік , центрлік симметрияларға мысал келтіре алады;
Берілген фигуралардан, суреттерден осьтік, центрлік симметрияны көрсете алады.
Өз ойын, білгенің жеткізуге үйренеді.
Өткен материалдарды есіне түсіреді.
Сын тұрғыдан ойлауға жетелейді.
Теориялық материалды өз- бетімен оқып, түсінуге тырысады.
Өзіне деген сенімділігі артады
Сабақтың көрнекілігі: Маркер,стикер,бағалау критерийі, топқа бөлу фишкалары, сызғыш, транспортир
Сабақтың әдісі : Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Ұйымдастыру.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Әр оқушы төңкеріліп жатқан фишкаларды алып өздерінің нөмірленгені бойынша бөлінеді
Топтың ережесімен таныстыру. Топпен жұмыс істеген кезде сол ережені сақтайсыңдар деп ескертемін.
Әр столға №1.№2,№3,№4 деп жазып қоямын
Психологиялық ахуал. Оқушылар бір – біріне жақсы лебіздер айтып, саттілік тілейді.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту 5 минут
Берілген суреттерден симметриялы фигураларды анықтауға тапсырма беру.
Барлық топқа 1 сурет таратылады
[pic]
Мағынаны тану
25 минут
Центрлік симметрия
42 сурет бойынша оқушыларға кітаптан оқыта отырып, түсіндіру.
1 тапсырма. ОқушыларF фигурасына О нүктесіне қатысты симметриялы F'фигурасын салады.
2 тапсырма.
Суреттегі симметриялы нүктелерді ата.
Симметрия центрін көрсет.
Теорема 1. Центрлік симметрия сәйкес нүктелердің арақашықтығын өзгертпейді.
2 Осьтік симметрия
Оқулықтағы 47 сурет бойынша оқушылармен бірлесе отырып, осьтік симметрия ұғымымен танысу.
3-тапсырма.
Оқушылар F фигурасына О нүктесіне қатысты симметриялы F'фигурасын салады
4-тапсырма.
Берілген фигуралардың центрлік, осьтік симметриялы фигураларды көрсет және өз сөзінді дәлелде.
[pic]
№246, 258.
Ой толғаныс
5 минут
Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі. Мсыал келтіру, суретін салу, қорғау. Центрлік және осьтік симметрияға қатысты.
Үйге тапсырма беру:№124.
Бағалау.
Кері байланыс. Бүгінгі сабақ туралы үйренгендерін стикерге жазып, өз пікірлерін білдірді.