«Логарифм және оның қасиеттері» тақырыбына есептер шығару

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...








Нарегеева Жанна

Математика пәнінің мұғалімі.

Қызылорда облысы.Арал қаласы.

62 мектеп-лицейі.

11 «А»сыныбы.Алгебра.

Сабақтың тақырыбы: «Логарифм және оның қасиеттері» тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты :

  • Логарифмдік тепе – теңдіктерді, қасиеттерді тиімді пайдалануда және санның логарифмін табуда оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру;

  • Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшандыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Іскерлік ойын

Оқыту әдісі: жеке, топтық, ұжымдық

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, әр топқа арналған карточкалар, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сыныпты түгелдеу

ІІ. Сынып оқушыларын топқа бөлу:

  1. Теоретиктер тобы

  2. Практиктер тобы

  3. Тарихын зерттеушілер тобы

ІІІ. Мақсат пен міндеттің қойылуы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгін бізде өзгеше сабақ- іскерлік ойын сабағы. Біздің сабағымыздың эпиграфы «Логарифмдердің ойлап табылуынан астрономның жұмысы қысқарып, өмірі ұзарды» (француз математигі және астрономы Лаплас)

Әр топтың жетекшісі болады, ол өзінің әрбір мүшесін жұмысына қарай бағалайды және оған қиын сәтте қол ұшын береді. Барлық топта бағалау парағы бар, сабақтың әр кезеңінде жетекшілер балл қойып отырады. Сабақтың соңында әр топ жетекшісі топ мүшелерінің істеген жұмысына қарай бағалайды.Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Топ жетекшілерін атап өтейік.

1.Теоретиктер тобы:Жетекшісі- Мырзабекова Ақтоты

2. Практиктер тобы.Жетекшісі-Мейрамбекұлы Әділжан

3. Тарихын зерттеушілер тобы: Байділдаева Динара

ІV. Үй жұмысын тексеруӘр топ жетекшілері өз мүшелерінің үй жұмысын қалай орындағанын мәлімдейді.

V.Үй тапсырмасын бекіту.Ұжымдық жұмыс. Сәйкестікті тап






0




N







VІ. Топтық жұмыс

1-топ.Ережелер айтайық

2-топ.



3-топ.Логарифмнің шығу тарихы

Тарихи анықтама

Мәліметтер лабораториясы «Логарифм» тақырыбында тарихи анықтама дайындаған.

Логарифмді ойлап тапқан және логарифмдік кесте құрастырған ғалым Джон Непер Шотландияда дүниеге келген. 16 жасында континентке кетіп, 5 жыл Европаның әртүрлі университетінде оқып, математиканы игерген. Кейін астрономия және математикамен терең айналысқан. Логарифмдік есептеулер идеясына Непер 16- ғасырдың 80- жылдарында келген, дегенмен өзінің кестесін 25 жыл есептеулерден кейін 1614 жылы ғана жариялаған. Ол «Логарифмдік керемет кестелер сипаты» деген атпен шыққан. «Логарифм» деген терминнің өзін де Непер ұсынған, ол оны «қолдан жасалған сан» деп аударған. Непердің кестелері мен идеялары тез таралып, қолданысқа түскен. «Непер ережесін» және «Непер аналогияларын» сфералық тригонометрияда кездестіруге болады.

VIІ. Оқулықпен жұмыс

Топ жетекшілері өздерінің тапсырмаларының номерін таңдап, барлығы бірігіп шығарады. Тақтаға топтың бір мүшесі шығып, есептің шығарылуын көрсетеді.

Теоретиктер тобы: №206





Практиктер тобы. №207





Тарихын зерттеушілер тобы: №210 (2,4,6,8)



VIІ. «Қатесін тап», яғни мына шығарылған есептердің қатесін тауып, көрсету керек.

Теоретиктер тобы: №204 (1,2)

Практиктер тобы: №204 (3,4)

Тарихын зерттеушілер тобы: №205 (1,2)

VI.Бағдарламалық тексеру. Тест

  1. Есепте: lg30-lg3

A)0 B)1 C)2 D)3 E)4

2) Ондық логарифм дегеніміз...

A)Негізі 1 саны болатын логарифм; B)Негізі 20 саны болатын логарифм

C)Негізі 10 саны болатын логарифм; D)Негізі е саны болатын логарифм

E)Негізі 100 саны болатын логарифм

3) Есепте: 42+log42

A)32 B)4 C)16 D)8 E)64

4) Натурал логарифм дегеніміз...



A)Негізі 1 саны болатын логарифм; B)Негізі 20 саны болатын логарифм

C)Негізі 10 саны болатын логарифм; D)Негізі е саны болатын логарифм

E)Негізі 100 саны болатын логарифм

5) Есепте: log26-log2(6/32)

A)5 B)6 C)7 D)8 E)9

6) Есепте:

(log316/log34)-1

A)2 B)4 C)1/4 D)-2 E)1/2

Жауаптары:

Жетекшілерге жеке тапсырма беру.

VII Қорытындылау және бағалау

Бүгінгі сабақта барлық топтар да жақсы жұмыс жасады. Енді қорытынды жасайық. Әр жетекші өздерінің мүшелерінің қалай жұмыс жасағаны туралы қысқаша айтып өтсін.

VIIІ Үйге тапсырма беру №214,№215

ІХ Мұғалім сөзі

Сіздер енді 2-3 айда мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Соған қатысты менің сіздерге арнаған кішкене тілегім бар. (әр оқушыға тарату)

Жас түлекке тілек

Өзіңнің күшіңді екі еселе, үш еселе, ал білім көлемін n-дәрежеге дейін көбейт

Сенің жадыңда жастық шақ тұрақты шама болып қалсын

Барлық өмір қателіктерінен тек оң түбір шығар

Сенің тағдырыңның сындық нүктелерінде min сәтсіздік пен max табыс болсын

Жабырқаңқы көңіл-күйді үнемі 0-ге көбейтуге тырыс

Миллион үміттен жақсылық күт

-∞-ден +∞-ке дейін бақыт

Өмір-бұл үлкен есеп кітабы. Тек жауабына көз салуға асықпа

Егер қайғы келсе, онда ол соңғы шегі болып, ал қуаныш шексіз болсын

Өмір дайындаған барлық емтихандарды тек беске тапсыр!

Қымбатты менің оқушым!

Өмірге сапар бастадың,

Болашаққа көз тастап.

Қанаты арман құсының,

Алысқа сені апарсын