Координаталық сәуле. Натурал сандарды және нөл санын координаталық сәуледе кескіндеу.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары


Пәні: Математика

Күні: 10.09.2016 ж.

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Координаталық сәуле. Натурал сандарды және нөл санын координаталық сәуледе кескіндеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға координаталық сәуле туралы, бірлік кесінді, санақ басы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау.

1. Кез келген екі нүктені неше кесіндімен қосуға болады?

2. Сынық сызық дегеніміз не?

3. Сынық сызықтың түрлері.

ІІІ. Жаңа материалды игерту.

Ұзындығы «бірлік» ретінде алынған кесіндіні бірлік кесінді деп атаймыз. Сәуленің О басталу нүктесі санақ басы ретінде алынған, бірлік кесіндісі берілген, бағыты белгіленген сәуле координаталық сәуле деп аталады.

О А В С Е

0 1 2 3 4

Кез келген сан (нөл саны да) координаталық сәуле бойында бір ғана нүктемен кескінделеді.

Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады. Мысалы, О нүктесінің координатасы 0; А нүктесінің координатасы 1.

IV. Кітаппен жұмыс.

71. Координаталық сәуледе A, B, C және D нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді (1-сурет)? A, B, C және D нүктелерін координаталармен жазыңдар.


[pic]

1-сурет

72. Өздеріңнің қалауларыңша бірлік кесіндіні таңдап алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында: K(1), L(3), N(7), P(10) нүктелерін белгілеңдер.

73. Бірлік кесінді ретінде ұзындығы 1 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында 2, 6, 8 және 9 сандарын кескіндейтін A, B, C және D нүктелерін белгілеңдер. OA, OB, OC және OD кесінділерінің қзындықтарын сантиметр есебімен табыңдар.

75. Егер Мақсат 4 марка сатып алса, 20 тг ақшасы артылып қалады. Ал 6 марка сатып алу үшін 220 тг ақшасы жетпейді.

  • Марканың бағасы неше тг?

  • Мақсатта неше теңге болды?

V. Қортындылау.

1. Координаталық сәуле қалай сызылады?

2. Координаталық сәуленің санақ басы ретінде қай нүкте алынады?

3. Бірлік кесінді деген не?

VI. Үйге тапсырма беру.

76, №77.

VIІ. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.