Сызықтық функция және оның графигі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ 

Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.

Мақсат:


Білім

Сызықтық функция және оның графигін таниды.

Түсінік

Сызықтық функцияның графигін салуды түсінеді.


Қолданым әрекеті

Кесте құру арқылы сызықты функцияның графигін салады.

Талдау әрекеті

Сызықты функцияның графигі қандай сызық болатынын талдайды.

Шығармашылық әрекет

Формуламен берілген сызықты функцияның мәнін табады.


Бағамдау әрекеті

Математика пәнінен сызықтық функция және оның графигін білу маңызды деп бағалайды.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту ( 3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:


Жаңа тақырып меңгеру.

Оқыту әдісі:


Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


Сызықты функция, график

Оқушыда дағды қалыптастыру:


өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.

Ақпарат көздері:


1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым/А.Е. Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.А Жұмағұлова Алматы, Мектеп,2011

2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.- Алматы, Мектеп, 2011ж.

3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.

4. Т.А. Алдамұратова Координаталық түзуде, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.

5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011.

Оқушы жетістігін бағалау:


Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

САБАҚ БЛОКТАРЫ 


і. АҚПАРАТ АЛМАСУ.



ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:

  1. Сызықты функция

  2. График бойынша функцияны формуламен жазуды үйренейік.


1- слайд 1- тақырыпша Сызықты функция


2- слайд

у = kx + b формуласымен (мұндағы х—тәуелсіз айнымалы, k және b — кандай бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.


3- слайд

Мысалы: у = -2х + 3,4; у = 7; у = 12х; у = 0 — сызықтық функциялар.


4- слайд

у = kx + b (мұндағы k және b — тұрақты сандар) сызықтық функциясының графигі түзу болады.



5- слайд

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.

Мысалы, 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі

4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.

Ескеретін жағдай: кейде теңдеудің түбірі болмайды.

Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады.


6 -слайд

Тендеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.

1-қасиет:

Тендеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде тендеу мәндес тендеуге түрленеді.

Тендеуді мұндай түрлендіруді енгізген IX ғасырдағы Орта Азия ибн Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.

2-қасиет:

Тендеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. [pic]


7 -слайд

1-мысал. 4х+3=х+5,1, 1-қасиет бойынша: 4х-x=5,1-3,

3х=2,1, 2-қасиет бойынша: х=2,1 : 3,

х=0,7. 0,7 - теңдеудің түбірі.

Тендеудің шешімінің дұрыстығын тексерейік: 4 • 0,7+3=0,7+5,1,

іІ. алғашқы бекіту



Сызықтық функция

Мысал келтір.




Қорытынды____________________________________________________________

IІІ. ҚҰзырлылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей тапсырмалары

1.№1196. Берілген функциялар сызықты бола ма?

______________________________________________________________________

2.№1197. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз

______________________________________________________________________

3.№1198. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз

______________________________________________________________________

4. .№1199. Сызықтық функциясы берілген. y-ті табыңыз

______________________________________________________________________

II деңгей тапсырмалары

5.№1201. Функцияның графигін салыңдар.

______________________________________________________________________

6.№1202. Функцияның графигін салыңдар.


III деңгей тапсырмалары

7.№1209. Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын тауып, графигін салыңдар. ______________________________________________________________________



IV. Шығармашылық ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Топтық жұмыс

Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.

I топ

Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:

1) 3)

2) 4) болса, k-ның мәнін табыңдар.

Шешуі:


II топ

Сызықтық функция формуласымен берілген. Егер:

1) 3)

2) 4) болса, l-дің мәнін табыңдар.

Шешуі:


V. Бағалау-бағамдау


Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________


VІ. Үй жұмысы



  1. Оқулықтағы №1200; 1203; 1204;1205

  2. Топтық жұмыс есептерін толықтырып шығару.