Внеклассный мероприятия на тему Қызықты математика

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алматы облысы Жамбыл ауданы Бұрған ауылындағы мектеп мектеп балабақша кешенімен

Бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Айгерим Саякбаевна


Тақырыбы: Қызықты математика.
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойыны.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, кеспе қағаздар, кеспе сандар т.б


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері

Күн шығыпты, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Тапсырмаларға жауап беру.
1 - тапсырма. 1 - ден 10 – ға дейін тура және кері санау
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу.

3 - тапсырма. Логикалық есептер
Дүкеннен анам 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1) 
4-тапсырма Қоянда неше құлақ бар? Екі қоянда неше құлақ бар? (қоянның суретін көрсету)


Есептер шығару.
1. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
2. Үстелде 5 алма бар еді, оның 2-уін жеп қойды неше алма қалды?

3. 1-ден 10-ға дейінгі сандарға есептер шығару.

7+3=

10- 6=

9+1=

10+0=


Өтілген сандардан тақпақ сұрайды.
1 саны
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын.
2 саны
Бірден кейін тұрамын
Сандар іші тұрағым
Бірге – бірді қосқанда
Мен шығамын шырағым.

3 саны
Екіден соң әрқашан
Үш саны мен шығамын
Орныма барамын
Қос айшық саламын
.


Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын:

Геометриялық пішіндерден ойыншықтар құрастыру.


Салыстыру.

7<8 6=6

9>6 8<10

10>7 6<9


Қорытынды:

Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту. Балаларды мадақтап, бағалау.

-Бүгін сендерге қандай іс-әрекет кезеңі ұнады?

-Балалар бүгін не үйрендік?

-Балалар көңіл-күйлерін қалай?

-Балалар сендерге сабақ ұнады ма?