Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның жалпы мүшесінің формуласы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n –мұшесінің формуласы

Мақсаты :

Білімділігі: оқушыларда Арифметикалық прогрессия туралы түсініктер қалыптастыру. Есеп шығару барысында формулані қолдана білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есеп шығару дағдысын жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа ,жылдамдыққа,тапқырлыққы тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай жазылған плакаттар. Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.

Сабактың Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

ІІ Өткен сабақты кайталау

ІІІ Оқушыларды жаңа білімді игеруге дайындау

3-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең натурал сандар тізбегін қарастырайық1;4;7;10;13;16….бұл тізбектің екінші мүшесінен бастап,әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге 3-ті қосу арқылы алынатынын көреміз.

ІV Жаңа сабақты түсіндіру

an+1=an+d

d= an+1- an d Арифметикалық прогрессияның айрымасы

an=a1+(n-1) Арифметикалық прогрессияның n –мұшесінің формуласы

1-мысал. a1=-2, d=0,5 a25=?

Шешуі. a25=a1+24d=-2+24*0,5=10

V.жаңа білімді бекіту

206.

1)19,15,11… a5=?

a1=19;a2=15 d=15-19=-4

a5=a1+4d=19+(-16)=3

2)-1,3,7… a5=?

a1=-1; a2=3 d=3+1=4

a5=a1+4d=-1+16=15

207

  1. a1=10; d=4

a2=14; a3=18 ; a4=22 ; a5=26

2) a1=1,7; d=-0.2

a2=1.5; a3=1.3 ; a4=1.1; a5=0.9

211

  1. a1=2 ; a10=92; d=?

a10=2+9d=92

9d=92-2

9d =90

d=10

  1. a1=-7; a16=2 d=?

a16=-7+15d=2

15d=9

d=9/15=3/5

VІ.Қортындылау

  1. Арифметикалық прогрессияның айрымасы деп қандай санды айтады?

  2. Қандай сан тізбегін Арифметикалық прогрессия деп атайды?


Үй жұмысы №212

Оқушыларды бағалау.