№179 А.Хангелдин атындағы орта мектеп
Жұмагелдиев Алтынбек Орақбайұлы
Математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: "Теңдеу". Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Теңдеу ережелерін қайталау.
2. Дамытушылық:
Есте сақтау, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:
Сабақта техникалық құралдарды пайдаландыру арқылы оқушыларды
ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, техникаға қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабак.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабақтың тақырыбын жариялау.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /ой жаттығулары/.
1. Ауызша есеп.
63+х=80 18:х=6
х:15=0 х-54=100
23-х=15 2х+8х=90 ?
2. Оқушылар төмендегі мысалдардағы әріппен таңбаланған белгісіз компоненттерді /"қосылғыш", "азайғыш", "азайтқыш", "бөлгіш", "көбейткіш"/ атайды:
7+х=10; х+5=15; 10-х=3; х-5=18; х х 7=35; 10:х=2; х:5=8.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
1. Сұрақ - жауап.
Қандай теңдік теңдеу деп аталады?
Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Теңдеуді шешу ұғымын түсіндер?
2. Оқушылар есептерді түсіндіріп шығару. /тақтаға шығарту/
А). (45-х) х 3 = 93;
Түсіндірме: Теңдеуде (45-х) көбейткіші белгісіз болып тұр. Бізге белгісіз көбейткішті табу ушін көбейтіндіні белгілі көбейткішке бөлу керек. Ол үшін
45-х=31 теңдеуін шешеміз. Мұнда азайтқыш белгісіз. Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайту керек.
45-х=93:3;
45-х=31;
х=45-31;
х=14.
Т е к с е р у : (45-14)хЗ=93; 93=93. Теңдеудің түбірі 14- ке тең.
Б). (х-13):7=2;
Теңдеуде (х-13) бөлінгіші белгісіз. Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндіге көбейту керек. Енді пайда болған х-13=14 теңдеуін шешеміз. Мұнда азайғыш белгісіз. Белгісіз азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосу керек.
х-13=7x2;
х-13=14;
х=14+13;
х=27.
Тексеру: (27-13):7 =2. 2=2. Теңдеудің түбірі 27-ге тең.
В) 72:(х+12)=4;
Ш е ш у і : Берілген теңдеуде (х+12) бөлгіші белгісіз. Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндіге бөлу керек. Енді х+12=18 теңдеуін шешеміз. Мұнда қосылғыш белгісіз. Б е л г і с і з қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайту керек.
х+12=72:4;
х+12=18;
х=18-12;
х=6
Тексеру: 72:(6+12)=4; 4=4; Теңдеудің түбірі 6-ға тең.
3. Есептер шығарту.
29х-15х+16=100 9у+4у-286=0
11у+32у-127=45 14х+9х+88=272
15а-8а-59=102 25х-16х+54=162
4. «Ойланайық»
15х+16=100 14х+9х+11х=272
14х=100-16 34х=272
14х=84 х=272:34
х=84:14 х=272:34
х=6 х=8
5. "Біліміңді тексер" Тест тапсырмалары)
33,8:х-4,7=21,2
А) 13 Б) 554,32 В) 1,3 Г) 878,9
33,6:х+4,6=32,6
А) 1249, 92 Б) 0,12 В) 1,2 Г) түбірі жоқ
6х-2х+3,4=9,2
А) 14,5 Б) 1,45 В) 3,15 Г) 23,2
6,3•у=8,82
А) 0,4 Б) 1,4 В) 14 Г) 51,66
IV. Үй тапсырмасы.№ 79, № 81.