Жай бөлшектерді оқу және жазу 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

127 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі





АШЫҚ САБАҚ



Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер.

Жай бөлшектерді оқу және жазу









Орындаған: Аулан Анар







2015жыл

Пәні: Математика

Өткізілетін сынып: 5”a”

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділігі: Оқушыларға үлес,жай бөлшектер,оларды оқу және жазу туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын меңгерту.

Б)Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ауызша,жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.

С)Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:Копмьютер слайды,үлестірмелі карточкалар,сөзжұмбақтар мен суреттер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру

III.Жаңа сабақ

IV.Қорытынды

V.Уйге тапсырма

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақты бастаймын.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Тақтаға үй тапсырмасы ілініп, оқушылар өздерінің үй тапсырмаларын дәптерлерін бір-біріне алмастыру арқылы тексереді.

Үй тапсырмасы:

750 есеп

Азайғыштың, азайтқыштың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңдар:

1)42x-30y=6(7x-5y) 4)75m-15n=15(5m-n)

2)56x-24y=8(7x-3y) 5)95a-35b=5(19a-7b)

3)60m-36n=12(5m-3n) 6)88a-55b=11(8a-5b)

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

a/b жай бөлшек. а-алымы, b- бөлімі

Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. a/b=a:b. 4/9=4:9. Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.

5/8. Мұндағы 5- бөлінгіш, 8 бөлгіш.

Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан(бөлімі)шығыс септігінде оқылады. Сонан соң сызығының үстіндегі сан(алымы)атау септігінде оқылады.

Мысалы,7/10жай бөлшегінің оқылуы: “оннан жеті

4/5жай бөлшегінің оқылуы:”бестен жеті

Екі натурал сандардың бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады. 2=2/1. 6=18/3. 28=56/2.

[pic]

Жай бөлшектерді белгілеу VIII ғасырда Үндістанда қабылданған. Бөлшектің алымы мен бөлімін бөліп тұратын бөлшек сызығын грек математиктері Александриялық Герон және Диофант пайдаланды. Кейінірек араб ғалымы әл-Хассари, Италия математигі Лизанский

еңбектерінде кездесті.

Енді балалар кітаппен жұмыс жасаймыз:

776. 3/4 төрттен үш, 5/6 алтыдан бес

3/7 жетіден үш, 4/9 тоғыздан төрт

8/5 бестен сегіз, 91/100 жүзден тоқсан бір.

Сергіту:

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық



Оңға қарай иiлiп



Солға қарай иiлiп



Бiр отырып, бiр тұрып,



Бойымызды созайық



Белiмiздi жазайық.



Оңға-оңға түзу тұр



Солға-солға түзу тұр



Жоғары-төмен қарайық



Қолымызды созайық



Бойымызға күш жинап

Бір шынығып алайық.

777. Суреттегі фигуралардың:

1)қандай бөлігі боялған?

2)қандай бөлігі боялмаған?

[pic]



[pic]

Грек ғалымы Архимедтің еңбегінде алымы мен бөлімі кез келген натурал сандар болатын бөлшектің жалпы түрі кездеседі. Ежелгі гректер іс жүзінде жай бөлшектерге барлық амалды қолдана білген. Сызықшамен жазу тек 1202жылы Италия ғалымы Фиббоначчидің “Абак кітабы”атты шығармасында енгізілген.



779. Жұлдызшаның орнына тиісті санды қойып,1 санын жай бөлшек түрінде жазыңдар:

1)1=*/4 => *=4 2)1=8/* => *=8 3)1=*/12 =>*=12

4)1=10/* =>*=10 5)1=*/100 =>*=100



Оқушыларға кеспе қағазы үлестіріліп,шығарған есебінің жауабын дұрыс тапса сурет ашылады. Ашылған суреттің қазақшасын,орысшасын және ағылшыншасын айтып беру керек. Бұл оқушылардың 3 тілді де жетік меңгеруіне септігін тигізеді.



Ұзақ уақыт бойы бөлшектерді сандар деп атамаған. Бұларды “сынық сызықтар” деп атаған. Тек XVIII ғасырда ғана бөлшектерді сан ретінде қабылдай бастады. Бұған ағылшын ғалымы Ньютонның 1707жылы жарық көрген “Жалпыға бірдей математика” атты кітабы ықпал жасады.

783

1)120/5=24 24*1=24

Жауабы: Бақта 24 шырша ағашы бар

2)57/3=19 19*1=19

Жауабы:көрмеде 19 бояулы сурет бар

IV. қорытынды:

Оқушыларды сергіту мақсатында сабақты қорытындылау үшін мына ертегіні пайдаландым.

Ертеде Данышпан деген патшаның елінде “Байлық”, “Бақыт”, “Ақыл” үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалды.

Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі,дүние мүлігі,ішіп-жемі мол болады.

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам,соның атақ даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Сенбесеңдер Данышпаннан сұрайық.

Данышпаннан: Байлық – бір жұттық, Бақыт – баянсыз, Ақыл еңбек,білім деген сүйеніш,тіреуі,тұтқасы да бар. Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да,бақытқа да кенеліп,мәнді де сәнді өмір сүреді.

Міне,балалар, бұдан шығатын қорытынды мынау: Ақыл,білім болған жерде бақытты да бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып,білімді де,білікті азамат болып өсуіміз керек.

Білім азбайды,ақыл тозбайды”, “Оқусыз- білім жоқ, білімсіз- күнің жоқ.” Деген мақалды әркез есте ұстап жүрейік. Бүгінгі сабағымызды сұрақтарға жауап берумен аяқтаймыз.

  1. Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

  2. Жай бөлшектің алымы нені көрсетеді?

  3. Жай бөлшектің жазылуындағы сызықша қалай аталады?