Қош бол Алтын күз!
« Қош бол, Алтын күз!»
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Жапқандай жапырағымен іздерді,
Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімізді,
Сабырлы сары алтын күз келді.
- Бүгінгі біздің №4 »Сұңқар» ересектер тобындағы « Берекелі, мерекелі Алтын күз атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Осы мерекемізді ақ тілектермен бастайық.
Даниял:
Алтын, алтын, сары алтын.
Алтын күнде нұр жатыр,
Ақ бидайды оратын.
Алақай ау күн жақын,
Көктемде егін егетін.
Күзде жинап беретін,
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Толғанай:
Көк майсалы көрікті.
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті.
Сары жібек көйлегін,
Жел тынымсыз гуілдеп.
Болып кетті тым бұзық,
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.
Аңсар:
Көбейді құт- береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Жеміс жидек пісіп жатыр,
Түсіп жатыр бау- бақта.
Жапырақтар ұшып
Ұшып жатыр жан- жаққа.
Сағадат:
Күз жеткенде тамылжып,
Дастарханнан табылдық.
Мына бізден жасалар,
Қауынқақ пен қауынқұрт
Көкөністі көп ектік,
Өссін піссін деп ектік.
Көктемде еккен көкөніс.
Күзде береді көп жеміс.
Жүргізуші: Өте тамаша, балалар бәріміз орнымыздан тұрып, осы Алтын күз мерекесіне арнап әдемі әнімізді айтайық.
Ән: « Күз.»
( Жарық сөндіріледі. Музыка ырғағымен залға бұлт кіреді. Билеп жүріп)
Бұлт: (Жанна) -Мен қара түнек бұлтпын. Бірден жаңбыр жауғызамын,бірден найзағай шашамын, бәрі менің қолымда, мен күштімін, хохохо.
(Бұлт балаларды ұйықтатады)
( Музыкамен күн кіріп билейді.)
Күн:(Ақбота) Неге қаратүнек мұнда, не болып жатыр? Бүлдіршіндер неге ұйықтап жатыр?
Бұлт:(Жанна) Күн, сен маған кедергі жасап тұрсың, мен сенің бүлдіршіндеріңді ұйықтатып , ауа райын бұзамын.
Күн:(Ақбота) Жоқ, қане бүлдіршіндерім, оянамыз. ( күн балаларды оятады.)
(жарық жанады балалар көзін ашады.)
Жүргізуші: Бұлтпен Күн, сендер неге айтысып жатырсыңдар? Айтыспаңдар ақылға келіп балаларға,күз мерекесіне арнап тілек арнаңдар.
Күн: (Ақбота:)
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
Бұлт:( Жанна: )
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат.
Алтын күзді ал енді,
Қарсы алайық бәріміз.
Жүзім, алма жинайық,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз.
Көмектесіп бәріміз,
Би « Жапырақтар»
Жүргізуші: Күн, Бұлт сендер рахмет, сендер ешкашанда ренжіспей дос болыңдар.Енді біздің балалардың ақ тілектерін тамашалаңыз,отырыңыздар.
Никита:
Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісін.
Күзге біз ризамыз,
Аянбаған ел үшін.
Қамба толы астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштықта,
Қап қап қауын алдық біз.
Ярослав:
Түсті алтын жапырақ,
Ағаштардан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға,
Тырналарда тізіліп.
Ақжол:
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауып іздерді.
Құс біткен керуенін түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді
Айдар:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Жүргізуші: Ал енді балалар, Бұлт пен Күн мен бірге ойын ойнайық.
Ойын: » Көкөністер мен жемістер»
Жүргізуші: Күн мен Бұлт ойыңдарың өте қызықты екен, сендерге көп рахмет. Күн әрқашан осылай сәулеңді шашып, бізді нұрландырып, қуантып жүре бер.
Күн: Балалар сендерге көп көп рахмет, барлығыңыз өнерлі балалар екенсіңдер.
Бұлт екеуміздің көңілдерімізді көтеріп тастадыңдар. ( шыгып кетеді.)
Жүргізуші: Енді, балалар ортамызға « Күз ханшайымын» шақырайық.
Балалар:
Келші, келші, алтын күз,
Келші, келші, жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші, алтын күз.
( осы кезде мерекелік көңіл күймен залға Күз ханшайымы кіреді.)
Күз:
Амансыздарма, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз ынтымықты еліңе,
Берекелі ырыс болып келетін.
Балалар айтыңдаршы мен қай мезгілмін?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз!
Өзіңмен бірге береке байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Алтын күз, төрлетіңіз,отырыңыз.Балалардың өнерін тамашалаңыз.
-Балалар бізге күз мезгілі келіпті,күз мезгілінде неше ай бар екен,қандай?
Ерекшеліктерін айтайықшы?
Салтанат: Күн суытып,жаңбыр жауады,жеміс-көкөністер піседі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар,күз біздің балалар дұрыс жауап берді ма?
Күз: Ия,дұрыс.
Жүргізуші: Олай болса жаңа жаңбыр жауады дедік, кәне жаңбыр туралы не білеміз?
Балалар: «Жаңбыр»
Жүргізуші: Өте тамаша, кезекті осы жаңбыр әніне берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, күзде үш ай бар дедік біз осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүйек: Қыркүйек кеп, күз келіп,
Шопан көшті күздеуге,
Мектепке бет түзеді.
Гүл құшақтап көп бала.
Қазан: Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық адал достықпен,
Сәтті болсын өмірің.
Қараша: Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр сыбдыр түседі.
Қайсар:
Астық жеміс жиылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Көбейді құт береке,
Құтты болсын мереке.
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші: Иә, міне бізге бақшадан жемістерімізбен көкөністерімізде келіп қалыпты.
Диляра (Алма) :
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Қайсар (қарбыз):
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағың.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын
Ақбота (
"Берекелі,мерекелі Алтын күз"!
"Берекелі,мерекелі Алтын күз"!
Мақсаты:Күз сыйы туралы ұғымдарын бекіту.Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту.Табиғаттың сыйын балалар өз көздерімен көріп,дәмін татып,күз байлығын,әсемдікті сезіне білуге көргендері туралы әңгімелей білуге үйрету.Тіл ұстарту жаттығуларын орындай білуге дағдыландыру.Адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Мерекеге сай безендірілген ән-саз.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған "Берекелі,мерекелі Алтын күз"! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі топты жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы,бүгін барлығыңыз қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары.
Тәрбиеші: Олай болса,бүлдіршіндеріміздің орындауында.
Ән: "Күз"
( Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар тыңдаңыздаршы бұл не шу?
( Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы:Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа,халайық,дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен Күз ханшайымымын.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса - жасыл,
Түссе-сары.Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар.Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Олай болса балалар Күз ханшайымның бірінші тапсырмасын оқып берейін?
Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы-сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілі неше бөлінеді?(Ерте күз,алтын күз,қара күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата?(Қыркүйек,қазан,қараша)
Тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.
Алдияр: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек,
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Иманғали: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманды,
Орнатқан қазан ай.
Абдикарім: (Қараша)
Мол байлық тергені,
Шаттығы қаншалық.
Қарашы,өрледі,
Қараша ән салып.
Тәрбиеші: Балаларымыздың орындалуында.
Би: "Қолшатыр".
Тәрбиеші: Күз ханшайымы,балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы:Иә,балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын "Дәмін ажырат".
Ойынның шарты: Балалардың көздері байланады,ілініп тұрған жемістердің аттарын атап, қай жеміс,оның пішінін атап атын айту.
Тәрбиеші: Күз ханшайымның екінші тапсырмасы жұмбақ шешу.
1. Жанға інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)
2.Жайлы,жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат,қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін.Бұл не?
( Орамжапырақ )
3. Қалың киім унатады,
Шешіндірсең жылатады.Бұл не?
(Пияз)
4.Аспай піскен,қайнамай түскен.
( Жеміс )
Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасы: "Мақал-мәтелді жалғастыр.
1. Еңбек түбі -----------------------.
2. Еңбек етсең ерінбей---------------------------------.
3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға------------------------------.
Тәрбиеші:Ару қыздарымыздың орындауында.
Ән: «Жау-жау жаңбыр!»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы,құрметті қонақтар балаларымыздың күзге деген жылы лебіздерімізді тыңдайық.
Абдикарім: Келді міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді ісімен.
Риза етіп халқын қыз,
Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелті,
Қолы ашық періште.
Бейбарыс: Жылы жаққа қайтты құс,
Ән еттік бұл жайтты біз.
Түнгі қара суықпен,
Елге сәлем айтты құс.
Дән толтырды,қою сүт,
Қош бола тұр,ойыншық.
Басар сенің орныңды,
Қағаз қалам орындық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар ендеше бүлдіршіндеріміздің "Атамның аулында" деген көрінісін тамашалаңыздар.
Мақсаты:Көкөніс туралы түсінік беру.Оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көріністің барысы: 2 бала ойын ойнап отырады.
( 3 коробкада көкөністер болады)
Ата: Кіреді,мына көкөністерді суық түспей жинау керек,көмекке кімді шақырсам екем.
Диар,Абди -мында келіңдер,маған көмектесіп жіберіңдер.
Диар: Жоқ ата біздер ойын ойнап отырмыз.
Абди: Осы атаның жұмысы таусылмайды,жұмсай береді,біздерді ойнатпайды,(осы кезде кемпірмен немересі кіріп келеді)
Иманғали: Ассалаумалейкум ата!
Ата: Уалейкумассалам құлыным,қайдан келе жатырсыңдар?
Иманғали: Балабақшадан.Ата сіз не істеп отырсыз?
Атасы: Мына көкөністер пісіп қалды,суық түспей жинап жатырмын, Диар мен Абдиге көмектес десем,айтқанымды тыңдамайды.Өзімнің де мазам жоқ.
Иманғали: Онда мен көмектесейін, не істеу керек?
Ата: Жарайсың құлыным.(үшеуі бірге жинайды)
Иманғали: Енді қайда апарайын?
Әжесі: Жүр, ас үйге апарайық.
Ата: Ой,рахмет балам.Өркенің өссін,үлкен азамат бол,үлкеннің тілін алып жүре бер,мен барып ағаш жарайын.( кейіпкерлер шығып кетеді)
Тәрбиеші: Міне балалар,көрдіңдер ме Диар мен Абди дұрыс істеді ме?
Балалар: Жоқ, үлкендерге көмектесу керек,олардың тілін алу керек,құрметтеу керек.
Әрі қарай балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Ғайнет: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел эжемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар, салып,
Күзгі суық басталды.
Нейля: Қарашы күз келді,күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз енді.
Тербелейді ағаштар,
Қызыл,сары атырап.
Сусын жерге түседі,
Алтын түстей жапырақ.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді бүлдіршіндеріміздің биін қабыл алыңыздар!
Би:"Жапырақтар"
Ән: "Күз келгенде"!
Күз ханшайымы: Рахмет,балалар!Барлығыңыз өнерлі екенсіңдер.Міне,менің сыйлығым бір себет күз сыйы.Сендерге денсаулық,шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы,саған мың алғыс!Бүгінгі сыйлығыңа рахмет.Бізге тағы кел,біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет,
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар,балалар,
Келгенше жыл айналып.
( Осы кезде әуен ойналады,Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол Күз ханшайымы!
Тәрбиеші: Күздің кереметі,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жідектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу.Міне,балалар,құрметті қонақтар,ұстаздар осымен "Берекелі,мерекелі Алтын күз"атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін.
Тәрбиеші Алиманова З
«Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалар мен ата-аналармен жұмыстың ұйымдастырылуы!»
Бүгінгі таңда дүниежүзілік прогрестің дамыған кезеңінде бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы керек. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың болашағы - жас ұрпақ!» деген болатын. Әрбір бүлдіршін - ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, ұлттың болашағы, егеменді еліміздің ертеңі. Сондықтан «бала», «ұрпақ», «Өркен» деген ұғымдарды ұмытпай және негізгі мақсатымыз – жан-жақты бала тәрбиесі болуы керек.
Бүгінгі қоғамда жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №27 бұйрығымен бекітілген «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың ережесіне» сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балаларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында, «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» құру қолға алына бастады. Бүгінгі күні облыс көлемінде барлық балабақша жанынан «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» ашылып, жұмыс жасайды. Солардың бірі, 2012 жылы 20-шы ақпанынан бастап, құрама үлгідегі №28 «Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында отбасылық жағдайында тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункті ашылды.
«Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» жұмысын ұйымдастыру үшін балабақша орналасқан шағын ауданда тұратын балабақшамен қамтылмаған балалар мен ата-аналар үшін қолдау көрсететін ұйымдармен біріге отырып, балабақшамен қамтылмаған балалары бар 25 отбасын анықтадық. Оларға «Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» жөнінде ақпарат, оның мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, кеңестер берілді. Осы артқарылған жұмыстар нәтижесінде 20 отбасы «Ата-аналарға арналған консультациялық пунктінің» қызметіне өтініш білдірді. Өтініш білдірген отбасылар ішінен асыраушысынан айрылған Кимбековтар және Адиловтар отбасы анықталып, педагогикалық – психологиялық қолдау көрсетіліп, әртүрлі көмек түрлері ұйымдастырылды.
Балабақша ғимараты ішінен АКП жұмысы үшін арнайы кабинет бөлініп, талапқа сай жабдықталды. Ата-аналар бұрышы отбасы жөніндегі мәліметтер жинағымен, сауалнама және кеңестер топтамасымен, әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, ойындар жинағымен, балалар әдебиетімен, нормативтік сілтемелер жинағымен және техникалық құралдармен жабдықталды. Ата-аналар үшін «Ашық ой» және «Сұрақ-жауап» күні жүйелі ұйымдастырылып, өткізіліп отыр.
«Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналармен» жан-жақты, яғни баланы туған еліне, жеріне сүйіспеншілікке баулып, ұлтжандылыққа, басқа халықтарға бауырластыққа, достыққа тәрбиелеу үшін «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының ролі», «Тұрмыс салт дәстүрлерінің балаларға тәрбие берудегі маңызы», «Этнопедагогиканың бала дүниетанымының қалыптасуындағы орны» тақырыптарында тәрбиешілер, педагогтар баяндама дайындап, ата-аналармен ой бөлісті.
Бала тәрбиесі үшін маңызды «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы», «Тазалық - денсаулық кепілі», «Баланың рухани әлемі», «Ұялшақтық, ұяңдық оны қалай жеңуге болады?», «Баланың үйдегі әрекетін ұйымдастыру», «Баланы мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» т.б. тақырыптарда топтық және жеке кеңестер берілді.
«Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналарды» көбіне толғандыратын сұрақтарға «Балалардың балабақшаға бейімделуі», «Балалардың қабілеттілігін анықтау жолдары», «Бала ағзасын шынықтыру» және тақырыптарда мамандар тарапынан кеңестер беріледі.
Ата-аналармен, баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында тестілер мен сауалнамалар жүргізіліп, балалардың оқу- білім деңгейін анықтап, мамандардың тиісінше кеңес –нұсқаулары беріліп отырды.
Балабақша ұжымы ата-аналар бастамасымен «Шебердің сыйы», «Киелі киіз үй» қолөнер көрмесін, «Жас суретші», «Ақ маржан қалам - Ақтауым» суретшілер байқауын, «Маңғыстауға – 40 жыл», «Ақтауға – 50 жыл» мерей тойларына орай ойын-сауықтар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналармен бірлесе отырып, «Үлгілі отбасы» , «Әкем, анам және мен, спортшымыз шетінен» спорттық іс-шаралары өткізілді. Бұл сорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасында спортқа қызығушылықты арттыру және баланың төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту, шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Ата-аналар үшін «Келіңіз, танысайық», «Балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу», «Бала дамуындағы отбасының ықпалы», «Бірлескен іс нәтижелі» тақырыптарда ата-аналар жиналысы өткізілді.
Балалардың құқығын қорғау мақсатында біздің өмірімізде барлық орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптарға назар аудара отырып, ата-аналармен және педагогтармен құқық тәрбиесі туралы әңгімелесулер, баланың құқығы, баланы жазалау мәселелері, баланың жеке тұлғасына , ар-намысына тимейтіндей, өз қателігін түсінетіндей жұмыстар жүргізу насихатталды. Ата-ананың және педагогтардың негізгі міндеті – баланың толыққанды дамуына жағдай жасау, оның даралығын, ерекшеліктерін ескеру. Өз баласының дербес әрекет жасауын құптау және құқығын қорғау бағытында «Бала құқығын қорғау мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг, дәрістер өткізілді.
Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналар өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, тәжірибе алмасып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын балаларға, балабақша ұжымына ұсынды.Солардың бірі балалар ақыны, сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі К.Ыбырайұлы өзінің балаларға арналған шығармаларымен АКП кітапханасын толықтырды, әр мереке сайын балаларға «тосынсый» жасап, жаңа «Балдәурен», «Ақтауым», «Тілім менің» атты әндерін балаларға тарту етті. Бұл әндердің алғашқы орындаушылары балабақша бұлдіршіндері болды.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының «Халық қолөнер саласының үздігі», «Маңғыстау табыс - 2012» қолөнер шебері ата-ана Н.Елбаев «Атадан қалған асыл мұра», «Шебердің сыйы» қолөнер көрмелерін ұйымдастыруға көмектесіп, ата-аналарға арналған консультациялық пунктке табиғи бұйымдардан жасалған ұлттық жәдігерлерін сыйға тартты. Мұндай игі істер бүлдіршіндер мен ата-аналар, педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, достықтарын жарастырды.
Ата-аналарға арналған консультативтік пукттің ата-аналар үшін пайдасы:
- бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға үйрену;
- бір-бірімен (ата-аналар) жақсы қарым-қатынаста болып, жаңа ортаға тез бейімделу;
- үй жағдайында балаларды мектепке дайындаудың қиындықтары мен жетістіктерін ортаға салу, тәжірибе алмасу;
- баласының қабілеттерін танып, аша білу қасиетінің пайда болуы;
- баламен тығыз қарым-қатынасының орнауы;
- балалық шақтағы ойын түрлерін ұсынып, балаларымен бірге ойнауы.
- тренингтер, т.б. іс-шаралар барысында өздерінің білімдерін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу;
Балалармен және ата-аналармен жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін анықтау барысында диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылып, тестілер, сауалнамалар арқылы балалардың, ата-аналардың бойындағы оң өзгерістер анықталды (ата-аналардың сенімі, ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысуы, т.б).
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиесіндегі оқу-тәрбие үрдісі сабақтаса ұштаса жүргізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Алдағы уақытта бұл үрдіс өз жалғасын табатындығын және іс-тәжірибелеріміз шыңдалатындығын сеніммен айта аламын.
Өз ойымды ұлы педагог Мағжан Жұмабаевтың пікірімен тұжырымдап, аяқтағым келіп тұр: «Жас бала – жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрінде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы. Тәрбие деген баланы бетке қақпай бетімен жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, көр бала қылып өсіруде емес. Баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзаттың дүниесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару!» - деген екен.
7. Тапсырма.
№ Сұрақтар Өте жақсы жақсы Қанағата-
нарлық
1 Аты –жөніңді, тегіңді ата.
2 Ата- анаңның аты- жөнін, тегін айтып бер.
3 Сен тұратын мекен-жайыңды білесің бе?
4 Қазір жылдың қай мезгілі?
5 Сеніңше ұшақтың құстан не айырмашылығы бар?
6 Қандай жабайы жануарларды білесің?
7 Мектепте қоңырау не үшін қажет?
8 Қайсы сан үлкен 2 ме әлде 7 ме? 7 ден 12 дейін сана, енді терісінен сана.
9 Балық ұшады ма, әлде жүзеді ме?
10 Сен досыңды ренжітіп қойсаң не істейсін?
11 Оң қолыңмен сол құлағыңды,сол қолыңмен оң көзінді көрсет.
12 Көз бен құлақ не үшін керек?
13 Қайсы мейрамда Аяз ата қатынасады?
14 Талда 10 алма пісіп тұр, олардаң 4еуі жерге үзіліп түсті,талдың төбесінде неше алма қалды?
15 Кептер мен тауықтың айырмашылығы неде,айтып бер?
16 Мұсылманша жаңа -жыл жылдың қай мезгілінде кіріп келеді?
17 Қайсысында көп су болады,өзенде ме, әлде тенізде ме?
18 Оқытушы, аспаз,ұшқыш және дәрігер не жұмыс істейді?
19 Қандай үй жануарларын білесің?
20 Көшеде үлкендерді кездестіре қалсаң не істеуің керек?
Баламен өткізілген психологиялық зерттеу нәтижелері
Баланың аты- жөні,тегі:____________________________________________________________________
Туылған жылы,айы,күні:_____________________________________________________________ Бойы:_______________________________________________________________________
Салмағы:___________________________________________________________________
Денсаулығы (мед.аңықтама):_____________________________________________________________
Мектепке дейін тәрбие алған орны:_______________________________________________________________________
Сынып жетекшісі туралы түсінік
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог.
Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты
1. Білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс-әрекетін өмірдің әлеуметтік-жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін-өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.
4. ¤зара бірлескен қарым-қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
● сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;
● тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас
ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуетті қабілеттерін ашу үшін
психологиялық-педагогикалық оңды жағдай тудыру;
● салауатты өмір салтын қалыптастыру;
● сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары
арқылы қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыру;
● білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
● сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;
● білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің
арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру;
● білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен
рухани бағдарларды қалыптастыру;
● оқушылардың әлеуметтік мәні бар, шығармашылық іс-әрекетін қалып-
тастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады:
● сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;
● сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;
● сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;
● оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;
● оқушыларды әлеуметтік қорғау;
● ата-аналармен жұмыс.
Мына талаптар да маңызды:
1. Оқушыларды тәрбиелеу функциясы. Тәрбиелік мақсаттағы міндеттерді шешуге бағытталған бүкіл педагогтардың күш-жігерін біртұтас ету сынып жетекшісінің мойнында. Бұл тұрғыдан тәрбиені адамды әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады, яғни да-муы үшін жағдай жасау тұрғысында мақсатқа лайықты бағыттай әрекет ету-ді алға қояды. Бұл үрдіс қоғам өмірінің экономикалық, саяси және рухани салаларындағы әлеуметтік қатынастардың күрделі жүйесіне араласып кетуге даяр болуын қажет ететін әлеуметтік қалыптасуға себепші болмақ.
2. қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен баланы әлеуметтік қорғаудың функциясы. әлеуметтік қорғау - психологиялық-педагогикалық ша-ралар кешені, онда баланың әлеуметтік оңцы өсуі мен жеке тұлғалық қалыптасуы, қазіргі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуі қамсыздандырылады.
3. ¦йымдастыру функциясы. Сынып жетекшісі танымдық, еңбекке баулу, эстетикалық тұрғыдағы әр түрлі іс-әрекеттерді, сондай-ақ оқушылардың бос уақытын саналы өткізуде басты ерекшелік болып табылатын қарым-қатыныс жасай білуге үйретеді. Ол сыныптағы қарым-қатынас құрылымын үйлестіріп, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуге ынталандырып, сондай-ақ жауапкершілік, көмек көрсету, бірлесе шығармашылықпен айналасу қатынасын қалыптастыруға ұмтылады. ¦жымдық шығармашылық қызметті әсіресе оны оқу барысындағы әрі сабақтан тыс іс-әрекеттерде пайдаланудың
мәні ерекше.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту функциясы. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы дегеніміз оқушылар ұжымындағы тыныс-тіршілікті ұйымдастырудың түрі және қоғамдық мәні бар мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың өз бетінше дамуы мен шешімдерді іске асыруда өсе түсуін қамтамасыз етеді.
5. Диагностикалық функция сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесіндегі бастапқы деңгей мен өзгерістерді ұдайы айқындап отыруды міндет етеді. Ол баланың адамдық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, тиімді нәтижелерге қол жеткізудің жолдарын іздеуге бағытталған.
6. Сынып жетекшісі қызметінің жоспарлау функциясы. Тәрбие жұмысын жоспарлау ең алдымен қызметті оңтайлы ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымына деген көмегі. Жоспарды белгілеу дегеніміз педагогикалық қызметті тәртіпке келтіру, педагогика үрдісіндегі нәтижелер жоспарлылығы мен жүйелілігі, басқару икемділігі мен сабақтастығы секілді талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
Сынып жетекшісі қолынан мынадай істер келуге тиісті:
● өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үлгі бере
отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым-қатынас
орнату;
● өз тәрбиелік мақсаттарын көре білу жәнэ тұжырымдау;
● өз сыныбында жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасау;
тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;
● ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу;
● психблогиялық-диагностикалық тестерді, сауалнамаларды,сұрақ-жауаптар және басқа да диагностикалық әдістемелерді қолдану және оларды тәрбие жұмысында орынды пайдалану.
Сынып жетекшісі:
● қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын;
● Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
● балалардың және олардың жас ерекшелігіне қатысты, педагогиканы сон-
дай-ақ әлеуметтік, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп
гигиенасын;
● педагогикалық әдеп пен шеберлікті; тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесін;
● еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.
Сынып жетекшісі:
● мектептің өзін-өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға;
бастама көтеруге, мектөп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар
енгізуге, іскерлік,
● сындарлы сын айтып шығуға;
● өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал
етпей-тін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа
әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;
● мектептің өзін-өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған
жағдайда - мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар-ожданы мен
абыройын қорғауға;
● еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және
ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне
қатысуға құқылы.
Сынып жетекшісінің:
● тәрбиеленушінің жеке басын қорлауға, оны түрліше ат қою және басқа
әрекеттер арқылы іспен немесе сөзбен кемсітуге және т.б.;
● білімге қойылатын бағаны оқушыны жазалау немесе сазайын тартқызу
үшін пайдалануға;
● баланың сеніміне қиянат етуге, тәрбиеленушіге берген сөзінде тұрмай
бұзуға, саналы түрде оны шатастыруға (алдауға);
● баланы жазалау ісіне отбасын (ата-анасы мен туыстарын) тартуға;
● мұғалімніңжәне бүкіл педагогика ұжымының беделін кетіріп, ез
әріптестерін өсек-аяңға тиек етіп, оларды лайықсыз тұрғыдан көрсетуге
құқы жоқ.
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері:
● журналды жүргізуге;
● оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай-күйін бақылып отырады;
● сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі,
белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
● үлкен кезекшінің жұмысын ұйымдастырады әрі көмектеседі;
● сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшіліктерді ұйымдастырады;
● бекітіліп берілген кабинеттің санитарлық жағдайын сақтайды;
● тәрбиеленушілердің, киім киісін бақылап отырады;
● тамақтануды ұйымдастырады; ата-аналармен тегін тамақтандыру және
сыныптастарының тегін тамақтанатын балаларға сыпайылықпен қарауы
жайындағы түсіндіру жұмысын жүргізеді;
● сынып мұқтаждығын қаржы жағынан қамсыздандыру ісімен айналысады
(сынып қоры, түрлі қызмет түрлерін төлеу және т.б.);
● ата-аналармен бірлесіп, нақты бір себептерсіз сабаққа қатыспай қалатын
оқушыларды бақылайды;
● оқуға қолайлылық тудыратын жағдай жасау;
● сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметін үйлестіріп отырады;
● оқушылар күнделігімен жұмыс істейді, ата-аналармен үлгерім жөнінде
байланысып тұрады;
● анағұрлым дарынды балалардың өсе түсуі үшін, яғни олардың
танымдық қызығушылығының, ой-өрісінің кеңеюіне жағдай жасайды;
● үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, олимпиадаларға,
жарыстарға тартады;
● экскурсияларды, театрларға, көрмелерге барып тұруды ұйымдастырады;
оқушылардың ақыл-ой қызметін үйымдастыру үшін психологгы
шақырады(әңгімелесу циклдары, жеке ұсынымдар);
● сыныпта жағымды ахуалдың болуына ықпал етеді, өзара тілектестік
қарым-қатынас қалыптастырып, оларды түзетіп әрі реттеп отырады;
● сыныптағы шығармашылық ісін ұйымдастырады;
● оқушылардың денсаулығын нығайтып, оқушыларды дене шынықтыру
мен спорт шараларына тартады;
● түрлі қоғамдық балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
● әрбір ұйымдастыратын істің қызықты түрлерін, терең мазмұнын іздейді,
сынып жетекшісінің кез келген сыныппен кездесуінің мақсатқа лайықты
әрі бағытталған болуын белгілейді, айына бір рет тақырып бойынша
сынып сағатын өткізеді;
● сыныпта сабақ жүргізетін мұғалімдердің, сондай-ақ ата-аналардың
пікірлерін ескеру арқылы әрі қолда бар әдістемелерге сәйкес
оқушы тұлғасын зерделейді, олардың мінездемелерімен жұмыс істейді;
оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;
● ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын сақтау мен
қорғауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік педагогпен ынтымақтастықта
әрекет етеді;
● әлеуметтік қорғаусыз қалған балаларды анықтап, есепке алады;
● отбасы берекесіз балаларды анықтап, есепке алады;
● «қиын», «қауіпті топ» қатарындағы жасөспірімдер мен есепте
тұрғандардың тәртібін бақылап жүреді;
● тоқсан сайын бір рет ата-аналар арасында тақырып бойынша жиналыс
өткізеді;
● отбасы тәрбиесіндегі жағдайды зерделейді;
● ата-аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
● сыныптың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру ісіне ата-аналарды тар-
тады.
Сынып жетекшісінің міндеттері:
Оқужылының басында:
● сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді
(бірін-ші оқу аптасының басында);
● мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады (бірінші – екінші
оқу күндері бойы);
● оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
● сыныптың әлеуметтік төлқұжатын анықтайды немесе жасайды және оны
әлеуметтік педагогқа тапсырады (оқудың бірінші тоқсаны бойында;
● сынып оқушыларының қосымша білім беретін мекемелерге
қатынайтыны туралы толық ақпарат жинайды (қазан айы бойы);
● қабілеттерін дамыту мақсатында оқушыларды әр алуан қызметке, соның
ішінде қосымша білім беру бірлестіктері қызметіне тарту жұмыстарын
жүргізеді бірінші тоқсан бойында);
● жарты немесе бір жылға арнап сыныптың тыныс-тіршілігін ұжымдық
жос-парлауды ұйымдастыру (қыркүйек айы бойы);
● сынып тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны сынып жетекшілері
әдістемелік бірлестігінің жетекшісімен келіседі және бекіту үшін тәрбие
жұмысы жөніндегі директордың орынбасарына тапсырады
(қыркүйек бойы).
Күн сайын:
● сынып журналына сабақта жоқ оқушыларды белгілейді;
● оқушылардың сыныптық өзін-өзі басқару органдарына және сыныптағы
мектептік өзін-өз басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек
көрсетеді;
● оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі
● болуын бақылап отырады;
● сынып оқушыларының тамақтану кезіндегі және асханадағы өздерін
ұстай білу мәдениетін бақылайды,
● сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады.
Апта сайын:
● оқушылардың күнделіктерін тексереді;
● пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады;
● сынып сағатын және (немесе) жарты сағаттық шараларды ақпарат беру,
өзара байланыста болу үшін өткізіп тұрады;
● мектеп ішіндеғі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын
бақылап отырады;
● оқушылардың тамақтануына ақша жинауды ұйымдастырады.
Апта сайын:
● сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастыру;
● оқушылар өзін-өзі басқару органдарының сынып ұжымы тыныс-
тіршілігін қорытындылап шығаруына жәрдемдеседі;
● жол жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік қауіпсіздігі
бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді;
● кабинетке және сыныпқа бекітіліп берілген аумақ теліміне мұқият
тазалау жүргізу ісін ұйымдастырады;
● жалпы мектептегі кештер және басқа да іс-шаралар кезінде кезекшілік
етеді (кезекшілік кестесіне сәйкес);
● өз сыныбындағы педагогикалық тұрғыдан ерекше қамқорлықты талап
ететін оқушылардың үйірмелерге, секцияларға, клубтарға және тағы
● басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды;
Тоқсан бойына:
● оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері
ұсынымдарының орындалуын ұйымдастыру;
● оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына сынып ұжымында өмір
тіршілігін ұйымдастыруға жәрдемдеседі (ағымдағы ұжымдық жоспарлау,
істерді ұйымдастыру және ұжымда талдау);
● сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады
(кезекшілік кестесіне сәйкес);
● сынып оқушыларының мектеп жарғысын дөрекі түрде бұзған жағдайда
олардың девиантты мінез-құлықтары;
● өз оқушыларын әлеуметтік жағынан қорғаудың қажеттігі туралы
әлеуметтік педагогты, мектеп директоры мен оның тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасарын жедел хабардар етеді әрі солармен бірге тиісті
шаралар қабылдайды;
● мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады;
● қосымша білім беру бірлестіктерінің іс-әрекеттеріне сынып
оқушыларының қатысуы туралы ақпараттарды анықтайды;
● педагогикалық консилиумдар өткізеді,
● ата-аналар жиналысын өткізеді;
● сынып ата-аналары комитетінің жұмысын ұйымдастырады (комитеттің
жұмыс жоспарына сәйкес);
● сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктеріне барып тұрады әрі
● тәрбие жұмысының мәселелеріне арналған семинарларға, жиналыстарға
және езге де сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігін арттырумен
байланысты іс-шараларға қатысады.
Тоқсанның соңында:
● өткен тоқсандағы оқушылар оқуы мен сынып ұжымы тыныс-тіршілігінің
қорытындысын шығарады;
● оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына сыныптағы оқу
үлгерімі туралы есеп береді және ресімделген сынып журналын
тапсырады;
Каникул уақытында:
● Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің каникул кезіндегі
жұмыстарына қатысады;
● өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, оқушылар
белсенділерімен, ата-аналармен бірлесіп өз сыныбында каникул кезінде
іс-шаралар ұйымдастырады;
Оқу жылының аяғында:
● сынып белсенділермен бірге оқу жылындағы сыныптағы тіршілік
қызметінің қорытындысын шығару, яғни есеп беру- сайлау науқанын
ұйымдастырады;
● сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінің жүру қорытындысына педагогикалық
талдау жасап, оны мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасарына (сыныпта өткен жылы жүргізілген оқу-тәрбие
жұмысының есебі түрінде) тапсырады;
● мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады;
● сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады;
● ата-аналардан балалардың жазғы демалыстары туралы мәліметтер жи-
найды.
Бітіруші сыныптың жетекшісі:
● мектеп бітірушілердің алдағы оқулары мен жұмысқа орналасуларына
қатысты жоспарларынан мәліметтер жинайды (соңғы оқу жылы
бойында);
● оқушылармен және өз сыныбының ата-аналарымен бірге мектеп бітіруге
байланысты іс-шарлар дайындауды ұйымдастырады (жыл бойына);
● өз түлектерінің оқу орындарына, жұмысқа орналасқандықтары және т.б.
жайлы толық ақпараттар жиналады және болуы тиіс (кезекті оқу
жылының басында).
Тәрбие жұмысы баланың жасын, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, төрт бағыт бойынша жоспарланады:
● денсаулық,
● оқу,
● қарым-қатынас,
● бос уақыт.