БАЯНДАМА
9 математикалық қазақ сыныбы оқушыларының
функционалдық сауаттылық деңгейі
Тараз 2016
Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Қазақстан оқушылары TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.
PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.
Халықаралық зерттеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық,жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.Тыңдаушы елдердің білім беру және өз оқушыларының қабілеттері мен өздерінің білім беру жүйесінің тиімділігі жөніндегі тұрақты және анық хабардар болу қажеттіліктеріне қарай, Экономиялық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады, бірінші зерттеулер 2000 жылы, екінішісі 2003 жылы, үшіншісі 2006 жылы, төртіншісі 2009 жылы, бесіншісі 2012 жылы, 2015 жылы өткізілді. Келешекте зерттеулерді 2018 жылы және т.с.с. өткізу жоспарланған.
Бұл зерттеулер кезінде білім алушылардың білім жетістіктігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беріледі.
Математикалық сауаттылық
Оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адам өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделі, саналы азамат жасайтын қажеттілігін қанағаттандыру үшін математиканы қолданып білу» деген түсінікті береді.
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:
9 мқ сыныбы оқушыларының математикалық сауаттылығына талдау
2016 жылдың 18 наурызында оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау зерттеуіне 9мқ сыныбының 23 оқушысы толық қатысты. Бұл тестте математика лық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілері мен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдау талап ететін, және т.б. туралы мәліметтер ұсынылды.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді: сандар; кеңістік және форма; өзгерістер мен қатынастар; белгісіздік.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттіліктің» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзіреттілігі зерттеуде «тұлғаның математикалық білімдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзіреттіліктің деңгейлері қарастырылады: елестету деңгейі, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейі.
Зерттеуде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдама ларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады.
PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан бұл тестте математикалық сауаттылығын анықтауға 5 тапсырма , әрқайсысында бірнеше сұрақтан берілді
1 тапсырма: Фудзи тауына шығу
1тапсырма Фудзи тауына шығу
2 тапсырма: Жарыс машинасының жылдамдығы
Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең? График бойын ша дұрыс жа уапты белгілеу
18
78%
Ақпаратқа толық мән берілмеген
2
Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды?
График бойын ша дұрыс жауапты белгілеу
23
100%
Сұрақ накты
3
2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?
Өзіндік тұжырым жасау
20
87%
Сызбадан қорытынды жасай алмауы
4
5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдарының қайсысы берілген графикте
Пішінді анықтау
10
43%
Графикпенжұмыс жасай білмеуі Елестете алмауы
3 тапсырма: Ағаш пойыз бөлігі
а бұрышының келесі қасиеттері болуы тиіс пе? а жұп санды бұрыш болу керек
а-900-тан аз болу керек
Қорытынды жасау
13
56%
Ақпаратты 1 бағытта қабылдаған
4 тапсырма: Нөмірленген орындықтар
5тапсырма: Құрлық аумағы
[pic]
Масштабы берілмеген, әр оқушы өздерінің түсінгендері бойынша жуық есептеулер жүргізген. Дұрыс жауаптар саны 11 , пайыздық көрсеткіші 48%
Оқушыларымыздың логикалық есептерді шығару және өмірмен байланыстыру дағдыларының төмендігі байқалды. Стандарт бойынша білім дағдыларын меңгерген үздік оқушыларымыздың өзі есептерден қиналатын байқалды.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз
Қорытындылай келе оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жұмысын жүргізуде мынандай ұсыныстар айтқым келеді:
Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту
Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында . алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға , логикалық есептер шығаруға үйрету.
Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу.
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру.
Мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену
Біздің ортамыз жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға толы болғай.