Алгебра 10-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Функцияның өсу және кему белгілері Сілтеме:
Күнтізбелік жоспар, алгебра оқулығы 10- сынып,
дидактикалық материалдар, тест жинағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды туындының көмегімен функцияның өсу және кему белгілерін есептей білуге үйрету;
Дамытушылық: Жылдам ой қорыта білуге, тапқырлыққа, тиянақтылыққа баулу, сөздік қорларын, ойланып шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту ;
Тәрбиелік: Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты:
Математика сабағында деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.
Міндеті:
Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқыту нәтижелері:
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың жұппен еркін жұмыс жасауларына қолайлы орта туғызу.
Оқушылардың тақырыппен таныса отырып салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізулеріне жағдай жасау.
Шығармашылыққа баулу
Оқушылардың жеке , жұпта, топта жұмыс жасауын, пікір алмасу ортасын ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту
Тренинг жүргізу
Психологиялық көңіл-күй орнату
Ой толғаныс
Қадамдар:
Блум таксономиясы арқылы оқушыларға функцияның өсу және кему белгілерін есептей білуге ой салу;
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы формулаларды талдау және оларды есептер шығарғанда қолдану жолдарын білу;
Тыңдайды, жазады, еске түсіреді,есте сақтайды, ойлайды, қорғайды.
Тапсырмалар:
Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру
Білім (мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi)
Түсіну (математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау)
Қолдану (ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді).
Талдау (оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді)
Жинақтау, жүйелеу (оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады.Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді)
Бағалау (Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру).
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс – әрекеті:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Психологиялық көңіл-күй орнату
қызықты бейне фильм
3. Қатемен жұмыс
Критерийлері беріледі.
4.Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар беріледі:
Блум таксономиясына негізделген есептер шығару:
-Топтық жұмысқа дағдыланады, топпен ассоциация құра алады
- Оқушылар механикалық есте сақтау арқылы, сұрақтарға жауап береді
- Әр топ жұмыстарын постермен қорғайды.
Білу (формула)
тарауды қайталауға арналған сұрақтарды әр оқушы жеке оқып, жұппен талдап бір-біріне түсіндіреді.
Түсіну (қасиет)
Жұптасып-ойлан-бөліс
Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі оқушылар ойланып әрқайсысы жеке жауап жазады, кейін жұптарға бөлініп ең үздік деген тапсырмаларды біріктіреді, оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.
Талдау. (тиімді жолын)
Жеке тапсырмалармен оқушылар жұмыс жасайды. №258
Кесте бойынша сұрақтарға жауап береді.
Берілген сызбалар бойынша тиісті формулаларды жазады.
Қолдану: Деңгейлік есептерді шығарады. (графиктерді)
Бір-біріне көмектеседі. Жұппен және жеке жұмыс жасайды. Бір-бірін қадағалайды, бірлесіп жұмыс жасауына ықпал жасайды.
№ 259 ( ауызша шығарылады)
55-56 суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Жинақтау. Сәйкестендіру тест жұмыстары: (есептер шығару)
Әр топ өз жауабын тақтаға жазады.
Бекіту.
Ой толғаныс
Туындысы нақты сандар жиынында 1-ге тең болатын функцияның графигі қандай сызық болады?
Бағалау: Формативті бағалау
Топтар бірін-бірі бағалайды, мұғалімнің бағалауы
Рефлексия:
Осы сабақ туралы көңіл күйлерін білдіреді
Үйге тапсырма :
№265