Ақмола облысы, Ерейментау ауданы
Новокаменка негізгі мектебі
Математика пәні мұғалімі Жазен А.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жүйелеу. Таңбалары әр түрлі, таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін біле отырып, бөліндіні таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын, ақыл ой-өрісін дамыту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылық, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: жеке-ұжымдық, деңгейлеп оқыту.
Көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, деңгейлік тапсырмалар, ашық журнал, активод тест, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Активод-тестік жүйе қолдану.
ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгерту.
IV кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
Сергіту сәті. Аю мен кірпі ойыны.
V. Бекіту кезеңі.Сұрақ / жауап.
VI кезең. Оқушылардың білімін бағалау.
VII кезең. Үйге тапсырма: № 564, 568
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып бөлмесінің даярлығын тексере отырып, оқушылардың назарын саббаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Активод-тестік жүйе:
А нұсқа
Қосуды орындаңдар: -4,76+3,8=
43,8
-8,56
8,56
0,96
-0,96
Көбейтуді орындаңдар: (-1)*(-2)*(+4)*(-5)=
24
10
-24
-12
-10
-5,07 саны қандай екі бүтін санның ортасында орналасқан?
-5 пен 0
5 пен 6
-5 пен -7
-4 пен -5
-5 пен -6
Өрнектің мәнін табыңдар? │-4,2│+8,5*10=
80,8
89,2
127
43
13,7
Теңдеуді шешіңдер? Х+15,76=-3,34
12,42
-12,42
19,1
-19,1
19
Тірек сызба:
В нұсқа
Кез келген теріс сан оң саннан
кіші тең үлкен
Кез келген теріс сан ( -а ) нөлден
-а˃0 -а˂0 -а=0
Қарама-қарсы сандардың қосындысы
0-ге тең 1-ге тең -1-ге тең
Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3-тің
оң жағында сол жағында қарама-қарсы
( -2 )× ( -15 ) = көбейтіндісі неге тең?
-30 30 20
ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгерту.
Кез келген ортада мінездері қарама-қайшы адамдар болады. Бірақ бір-бірімен келісімге келіп бір ұжым болып өмір сүреді. Сол сияқты сандардың қарама-қарсыларын қосып, азайтып, көбейтсек оларды бөлугеде болады, -деп сабақты бастаймыз.
Рационал сандарды бөлуде алдымен оның таңбасын анықтап алып, сонан соң модульдерінің бөліндісін табамыз. Төмендегідей таңбалар ережесін пайдаланамыз:
÷ =
/ ÷ = =
/ ÷ = =
÷ =
2. Мысалдар қарастырсақ:
-4,5:5=-0,9
:=-3
−4:(-8)=0,5
-3,6:(-1,2)=3
0:a=0 a≠0 0:(-5)=0 Нөлге бөлуге болмайды.
3. Ауызша бөліндіні табыңдар.
(-4):(-1)= 6,3:(-3)=
0:(-2)= (-0,5):0,1=
(-10):(-5)= (-48):12=
27:(-3)= (-15):5=
(-39):(-3)= (-15):(-6)=
IV кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
1 деңгей ( 5 балл ) «3»
Кітаппен жұмыс № 555, 556, 557 Бөліндіні табыңдар.
2 деңгей ( 5+4 балл ) «4»
Кітаппен жұмыс № 560, 561 Теңдеуді шешіңдер.
3 деңгей ( 5+4+3 балл ) «5»
Кітаппен жұмыс № 558,567 Амалдарды орында.
Сергіту сәті. Аю мен кірпі ойыны.
V. Бекіту кезеңі. Жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары:
Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесі?
Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі?
Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды?
Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең?
VI кезең. Оқушылардың білімін бағалау.
VII кезең. Үйге тапсырма: № 564, 568