Баяндама Құзыреттілік-білім мен мүмкіндіктің бірігуі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТІҢ БІРІГУІ




Еңбекшіқазақ ауданы

О.Жандосов атындағы орта мектебі,


Айдарова Сабира Пердебаевна

математика пәнінің мұғалімі


Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».

«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.

«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.

Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.

Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.

Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.

Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру саласынан үнемі алда болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенеді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.

Құзырлық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өте алады. Оқушының құзырлығын қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығарудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлық деңгейі қандай болмақ? Педагогика зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми - теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.

Білім беруді дамытудың тұжырымдамасын дайындау барысында туындаған құзырлық тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғылыми педагогикалық ортада талқылануда.

Қазақстандық ғылымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңестігіне кіріктіру және қоғамыдқ сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзырлық үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім беру мен білікті жетілдіру мазмұнын жаңарту құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай ұйымдастырудың қажетті механизм ретінде де қарастыруға болады. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру білім беру мен білікті жетілдіру жұмысына айтарлықтай өзгеріс ендіріп, оған тәжірибиелік – шығармашылық бағыт береді.

Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

Төменгі деңгей (бейімделу)-құзыреттілік туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.

Орта деңгей (репродуктивтік)-кәсіби құзыреттілік жайлы білімдері, қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім болудың қажеттілігін сезінеді.

Жеткілікті деңгей (эвристикалық)-кәсіби құзыреттілікке деген көзқарасы жақсы, дидактикалық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады.

Жоғары деңгей (креативтік) - кәсіби құзыреттілікке деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Педагогикалық қызметте кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді.

Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы мектеп мұғалімі кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, мұғалімінің үздіксіз даму үдерісіндегі әлеуметтік - мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінді.

Проблемалардың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктердің қалыптасу жолдарын іздестірді.

Тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

  1. Қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп отырғандығына байланысты болып отыр.

  2. Мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.

  3. Болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді. Болашақ мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда құзыреттілік тұрғыдан келу дайындықтың мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге, нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды. Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы мәдени қатынастардың негізі ретінде олардың адамилық, өркениеттік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Ақпараттық тұғыр қазіргі заман талабына орай болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін дамытуға себепші болады.

  4. Болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негізі біртұтас педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісіндегі пәнаралық интеграция, құзыреттілікті қалыптастыру, инновациялық теорияларына сүйенеді.

  5. Мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуы әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттердің бірлігінде және өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде жасалған құрылымдық – мазмұндық – үдерістік модельге байланысты.

Заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесінің ескі моделіне үлкен өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Соның бірі ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілердің бойында проблеманың шешімін таба білу құзыреттілігін қалыптастыру. Жас зерттеушілер алдынада ізденудің әдіснамалық құрылысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау сияқты ғылыми жұмысты зерттеу барысында, т.б. сұрақтар туындайды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының сапасын төмендететін түрлі қателіктерге ұрынбау үшін қажет.

Біздің зерттеулер мұндай қателіктер іздеу тақырыптарының ашылмауы; мысалдардың қысқа беріліп, түбегейлі түсіндіріліп, ізденушінің ғылыми ойын түсінбеуі; жаңалық пен теория мәнінің ерекшеленбеуі; ғылыми терменологияның сақталмауы, мақұлданған терминдердің орнына ауыз екі, тұрмыстық лексиканың қолдануы; жасалған жұмыстың берілуіндегі ғылыми стильдің бұзылуы, кіріспе мен іздеу бөлімінің қорытындысы мен негізігі бөлімнің мазмұнын бере алмауынан ғылыми зерттеудің негізігі мәнінің көрінуі мүмкіндігінің жоқтығы; іздеу тақырыбына мүлдем қатысы жоқ әдебиеттер мен мақалалардың қолдануы, еркірген әдебиеттердің қате әрі қолданылатын үлгілердің ауытқи дайындалуы, стильдік, орфографиялық, синтаксистік қателердің көптігі; ізденушінің зерттеуіндегі ұсынған жаңалығының пайдалану дәрежесін бағалайтын құрылғы кей кезде жеке тұлғаның даму әсерін анықтауға мүмкіндік бермеуі; зерттеу тапсырмаларының тәжірибе барысында толық көлемде шешілмеуін көрсетеді. Ғылыми зерттеу жұмысының орындалуы тұлғалық, интелектуалдық, психологиялық, күш жігер мүмкіндіктерімен жасалуымен сипатталады. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзыреттілік мазмұнын құрайды. Зерттеушінің құзыреттілігі жоғарылаған сайын ғылыми зерттеу жұмысының деңгейі жоғары болады.

«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуінің, зерттеу еңбегінің нәтижесінің, жеке тұлғаның сапасын жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын, тағы басқаны білдіреді. Жас зерттеушілердің құзыреттілгін нәтижелі ғылыми зерттеу ісін іскеасыру және оның сапсына жауап беру жолындағы тұлғаның психологиялық, теориялық, әдіснамалық, технологиялық дайындығының бірігу бағыты.

Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіп, талданатын өзгерістер.






ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. С.Е. Шәкілікова, Ш.Ш. Кәрібаев, т.б. Білім берудегі компоненттік тәсіл// Қазақстан мектебі, №4, 2004.

  2. С.Аманжолов, Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері // Өскемен: 2007. – Б.135-140.

  3. С.Аманжолов , Қазақстан Республикасының жастарға бағытталған саясаты туралы // Өскемен: 2005. – Б.129-135.

  4. Базарғалиева Б., Құзыреттілік. // Қазақстан мектебі,№4,2009.


6