Күні /айы | Сынып | Сабақ № |
21.10.2016 | 9 «Ә» | 21 |
Тақырыбы | Екі айнымалысы бар теңсіздік |
Мақсаты | Тақырыптың балаға ой салар идеясын баса ашуға мүмкіндік беру. Өз бетінше қорытынды шығару дағдыларын дамыту |
Жалпы мақсат | Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді, өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды, білімдерін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, Күн сәулелері |
Қолданылатын ресурстар | Жұмыс парақтары, деңгейтік тапсырмалар, тақта, стикерлер, А3(жұмыс) парақ мультифоралар, ноутбук,экран |
Сабақ бөлімдері Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі (7мин)
Тренинг | Оқушыларды сапқа тұрғызып, смайликтер арқылы топтарға бөлу Әр топқа жұмыс парақтарын және тапсырмаларын таратып беру. Сабақтың күнін, тақырыбын дәптерлерге жазғызады. Сабақтың жоспарымен таныстырады. Сабақ мақсаттарын және бағалау критерийлерін бірігіп жасауға тапсырма беру | Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Сабақтың күнін, тақырыбын дәптерлерге жазады. Сабақ мақсаттарын және бағалау критерийлерін бірігіп жасайды Критерийлер арқылы сабақ үстінде оқушылар өздерін бағалайды
|
Білу /Түсіну (10 мин) Анықтамамен танысу алгоритммен бейне фильм арқылы танысу | Топ графигіне байланысты Жұмыс парақтарына берілген А деңгей тапсырмаларын топпен орындау, нәтижесін тақтаға ілу (Үш тапсырманың біреуін) | Жұмыс дәптерлерге оқулықтан анықтаманы көшіреді. Жұмыс парақтарына берілген А деңгей тапсырмаларын топпен орындайды, нәтижесін тақтаға іледі |
Қолдану Күн сәулелері (15 мин) Жаңа топ құру арқылы басқа топтармен білгендерімен бөлісу | Күн сәулелері Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды өз білімдерін реттеуге ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, біреуге көмекші, түсіндіреуші. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі деңгейлік тапсырмаларды шешу кезінде, бірнеше тапсырмаларға жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады. | Оқушылардың мұндағы берілген тапсырмаларды бір біріне көмектесіп шығаруға тырысады. өз топтағы есепке сәйкес келетін есепті шешуге көмектесу үшін басқа топқа барады. (күн сәулесі) Мақсаты берілген тапсырмаларға жауап беріп, сыныптастардың ой-пікірлерімен санаса білу, жаңа сабақты менгеру Топпен жұмыс жасау |
Талдау (7 мин) | Тапсырмалардың С деңгейін орындайды Жаңа білімдері мен бірге білімдерін тереңдетіп шығарылатын тапсырмалар. | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау Тақтаға шыққан оқушы өзін критерийлер бойынша бағалайды |
Жинақтау Сұрақ-жауап кезеңі (3мин) | Тақырыпты оқып шығуға уақыт беру Әр топ сұрақтар дайындайды | Бір-біріне сұрақтар қоя отырып тақырыптың негізгі идеясы мен мазмұнын ашу |
Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин)
| Смайликтерге өз аттарын жазып білім ағашына іледі | Өзін өзі бағалау |
Рефлексивті есеп.