Сыныбы: 6
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Алгебралық өрнектерді түрлендіруді,ықшамдауды пысықтау;
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,карточкалық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: пысықтау
Байланысы: тарих пәнімен
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,есептер шығару,ой туғызу
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу
ә)олардың көңіл-күйіне,денсаулығына баса назар аудару.
б)топқа бөліп отырғызу
2)Топтардың өзін таныстыруы
Қазақстан тәуелсіздік төрінде,
23 жыл болды егеменді еліме.
Бостандықтың қырандары қалықтап,
Ырыс- дәулет шалқығандай жеріме.
деп бүгінгі сабағымызды тәуелсіздіктің 23—жылдығына арнаймыз.
Сабақ ойын түрінде өтеді.1-кезекте екі топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.2-кезеңде,математикалық лото ойыны ойналады.3-кезеңде капитандар сайысы «Блиц турнир». Әр топтың шығарған есептеріне қарай фишка беріліп отырады.
Ауызша есепте:
42:3=14 48: (-12)=-4
78: (-26)=-3 28: (-7)=-4
45:15=3 (-15)•4=-60
-3•(-8)=24 27•(-2)=-54
Қайталау сұрақтары:
1.Алгебралық өрнек дегеніміз не?
2.a(b+c)=ab+ac көбейтудің қандай қасиеті
3.Айнымалы дегеніміз не?
4.3а- өрнегіндегі коэффициентті көрсет
5.(a•b) •c=a•(b•c)-көбейтудің қандай қасиеті?
6.Алгебралық қосынды дегеніміз не?
1-кезең.Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей.
1)Алгебралық өрнек құрастыр:
А)-0,8m,-0,7n,9k,-q
b)7a,-3c,9в 6,2d
2)Өрнектің мәнін тап:
А)7a- 2b, a=1,b=-2
7- 2•(-2)=3
b)3x – y,x=-1,y=-8
3•(-1)-(-8)=5
3)Өрнектің мәнін тап:
А)cd+5, c=0,3, d=-5
0,3•(-5)+5=3,5
b)7- mn, m=-6,n= 1/2
7-(-6) 1/2 = 10
2-кезең «математикалық лото»ойыны
1.Алгебралық қосындыны ықшамда:
А)-3,7+b-1,3=b-5
2.Жақшаны аш:
7(3a-b)=21a-7b
3.a/ac
4.Бөлшекті қысқарт: 2m/5m
5.2•m•(-3)=-6m
6.25 раушан гүлінен және 21қалампыр гүлінен гүлшоқтарыдайындалды.Раушан гүлінен дайындалған гүлшоқтарының әрқасында5гүлден,ал қалампыр гүлдерінен дайындалған гүлшоқтарының әрқасында3гүлден.Барлығы неше гүлшоғы дайындалды?
Ш:25:5+21:3=12
1.Алгебралық қосындыны ықшамда:
-6,7-с-3,3=-c-10
2.Жақшаны аш:
8(2а-3)=16a-24
3.3xy/8x = y/8
4.ab/ac =b/c
5.-6•n•(-5)=30n
6.Оқушы 3дәптер және 3альбом сатып алды.Дәптердің бағасы а тг,альбомның бағасы в тг.Оқушы неше теңгеге сауда жасады? a=90,b=150
3-кезең капитандар сайысы Блиц турнир
1.Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгере ма?
2.8а өрнегінде коэффициентті ата?(8)
3.ҚР ресми тілі?(орыс)
4.Жақша алдында «+»таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар қалай өзгереді?(өз таңбалары қалады)
5.2,1с- өрнегіндегі айнымалы қайсы?(с)
6.ҚР БҰҰ құрамына қай жылы мүше болды?(1992)
1.Көбейткіштнрдің орнын ауыстырғанан көбейтінді өзгере ма?
2.ҚР мемлекеттік тілі?(қазақ)
3.7в – өрнегіндегі айнымалы қайсы?(в)
4.Жақша алдында «-» таңбасы болса,жақшаны ашқанда ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қалай өзгереді?(қарама-қарсы таңбаға өзгереді)
5.-12а – өрнегіндегі коэффициентті ата?(-12)
6.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды (1995)
Әр топтың жинаған фишкалары саналып жеңімпаз анықталады.Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма:№731,732 есептер
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын,сырын көруге,
Көкірегіңде болсын кез деп Абай атамыз айтқандай бүгін сабақтағы еңбектеріңіз үшін көп рахмет айта отырып, келесі сабақтарда табыс тілеймін.