Математика пәнінен концентрацияға берілген есептерді тиімді тәсілмен есептеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Утегенова Айнур Туреахметовна


Бөрлі ауданы, Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.

(2 сабақ) / ҰБТ есептерін шығару жолдары/

Сабақтың мақсаты:

Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептер туралы білімдерін толықтырып, алған білімдерін жүйелеу, «крест» әдісін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

А. Ерітіндіге берілген есептерді шығарудағы білімдерін тереңдетеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

В. Ерітіндіге берілген есептерде крест әдісін қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:

С. Күрделі есептерді шығаруда формуланы қолдануды өзара талдап, қорытынды жасайды.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері:

Түсіндіру, сұрақ - жауап. Салыстыру, талдау. Оқытудағы жаңа тәсілдер: топтық, жұптық әңгіме. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз, есептейміз. Кері байланыс, критерийлер бойынша бағалау. АКТ: Power Point, интербелсенді тақта және оқулықпен жұмыс. Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

11 сыныпқа математика пәнінен арналған дидактикалық материалдар. «Талапкерге: 1 бөлім» Егоркина.

АКТ, проектор, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, түрлі түсті қарындаш, сызғыш

Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе. (1-2 минут)

Ұйымдастыру

«Жүректен - жүрекке» тренингі арқылы сынып оқушыларына сәттілік тілеймін.

Жаңа сабақтың табыс критериийін бірге анықтау.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді









Ортасы

Негізгі бөлім

Ой қозғау әдісі бойынша сұрақтарға жауап алу. (5мин) өзара сұрақ қою

Ауызша тапсырмалар орындау (слайд арқылы)

Мағынаны тану.

1. 10% - тік 2 литр сірке қышқылына 8 л таза су қосылды. Пайда болған ерітіндідегі сірке қышқылының проценттік мөлшерін тап.

2. 3 кг таза суға 70% - тік күкірт қышқылы ерітіндісінің 9 кг қосылды. Пайда болған ерітіндінің концентрациясын анықтаңыз.

3. 10% - тік 200 кг қант шәрбатын 20% - тік 300 кг қант шәрбатымен араластырды. Шыққан қоспаның (пайызбен алынған) концентрациясын анықтаңыз.

4. 18% - тік 2 кг тұз ерітіндісіне бір стакан (0,25 кг) су араластырған. Сонда тұз ерітіндісінің жаңа концентрациясын табыңыз. (пайыз есебімен алғанда)



Қолпаштау

мадақтау





Бағдаршам




Критерий арқылы



маркерлер, кесте, ноутбук, бағалау парақшалар

стикерлер











Аяқталуы

Бекіту (2мин)

Серпілген сауал арқылы сабақты бекіту

Бағалау (1мин)

Үйге тапсырма (1мин) қайталау емтихан есептер жинағынан Егоркина 1 бөлімнен: №75-85

Рефлексия (кері байланыс) (1мин)

Білім ағашынан белгілеу

[pic]

«Алақан»

Кері байланыс парақшалары

Деңгейлік тапсырмалар, төмен деңгейдегі оқушыларға кесте толтыру жұмыстары берілді.

Қалыптастырушы бағалау әдістері, критерий арқылы бағаланды

Оқушылардың жеке, жұптық жұмыс жасау арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті нығая түсті.

Power Point программасында таныстырылым ұсынуда санитарлық ережелер ескерілді.