Урок по математике на тему Оң және теріс сандар (6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ тақырыбы: «Оң және теріс сандарды қосу мен азайту» тақырыбына есептер шығару»


Оқыту мақсаты: Оқушылармен оң және теріс сандарды қосу мен азайту ережелерін қайталау және оны есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.


Дамыту мақсаты: Оң және теріс сандарды қосу мен азайту ережелерін қолдана білуін әрі қарай дамыту және жетілдіру. Қорытынды және талдау жасай білуін жетілдіру.Ұзақ есте сақтауына көмектесу.


Тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, өздігінен жұмыс істей білуге, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Білімді бекіту


Сабақ әдісі: мини- диалог, сұрақ- жауап, ауызша жаттығулар, тарихи мәліметтер, есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу, балаларды түгендеу

  • Cабақ мақсатын анықтау: Оқушылар өздері қояды

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 501, № 502 (топ жетекшілері есеп береді)

ІІІ. Өткенді саралау:

1. Мини- диалог құру: Оқушылар бір- біріне сұрақтар қояды

  • Оң, теріс сандар туралы ұғым

  • Қарама- қарсы сандар дегініміз не?

  • Санның модулі дегеніміз не?

  • Рационал сандарды 0 мен, натурал сандармен салыстыру ережелері,

  • Оң және теріс сандарды салыстыру ережесі?

  • Оң және теріс сандарды қосу және азайту

2) Ауызша есептер шығару: «Сандар диірмені»- ойыны.

[pic]

3) «Математикалық жаттығу»: Есептерді шешу арқылы үнді халқының ұлы математигінің атын табу керек.

[pic]

4) Тарихи мәлімет: «Оң және теріс сандар ұғымы»

Теріс сандарға үнді математиктері мүлде басқаша қараған. Олар оң сандарды мүлік деп, теріс сандарды борыш деп мойындаған, алайда тиісті теориялық негіздеме келтірмеген. «Нөл» ұғымын тұңғыш рет енгізген - үнділер. Үнді математигі Бхаскара: «Адамдар теріс сандарды құптамайды» деп жазған. Біздің эрамыздың VII ғасырында өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта баяндаған қосу және азайту ережелері мынандай:

№ 503, 504 (1,3)

2. Карточкамен жұмыс: «Кім тапқыр?» (Жұппен жұмыс)

Карточка № 1.

 1.      27,3 – (–2,6) = а;

2.      –3,3 – а + (–3,4) = b;

3.      –13 – b – (–11,2) = с;

4.      (а + b) – с = d.

Карточка № 2.

1.      –5,6 – 3,7 = а;

2.      31,2 – а + (–2,5) = b;

3.      –12 – (–6,1) – b = с;

4.      (b + с) – а = d.

Карточка № 3.

1.      –23,8 – 17,7 = а;

2.      –37,3 – а + (–0,8) = b;

3.      –17 – b – (–11,1) = с;

4.      (а – с) + b = d.

3. Деңгейлік тапсырма:

І деңгей:

1. Амалды орында:

а) – 4,4 + 8,2; ә) [pic]

2. Теңдеуді шеш:

а) у- [pic]

3. Өрнекті ықшамда: -8х+ (-5х)+ 6 х

ІІ деңгей: а+ (-в) – с өрнегінің мәнін тап: мұндағы а =- 10; в = - 4; с = 9 болса.

ІІІ деңгей: Берілген сандардың қосындысын тап:

- 499 + (-498)+ (-497) + ....+ 497+ 498+ 499+ 500+ 501

(Өзара тексеру)

Ү. Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма: № 503,504 (2,4), 505(1,3), 512 (1)

Оқушы білімін бағалау: Топ жетекшілері және өзара бағалау.

Рефлексия:

[pic]



Мүткенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп










Сабақ тақырыбы:


Оң және теріс сандарды қосу мен азайту» тақырыбына есептер шығару»


/ 6 сынып /







Математика пәнінің мұғалімі: Сманова Д.Т.