«Қызықты сағат»
Математикалық ойынның мақсаты:
1.Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу.
Математика пәнінен үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу.
Математика пәнінен үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу.
Математика пәнінен үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5 – 6 сынып оқушыларынан 2 команда (5 оқушыдан)
Командаға қажетті құралдар:
Қатысушылардың аты – жөні жазылған бейдж
Командаға ат ойлап тауып, капитан сайлау
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек.Турларда әр сұрақтың дұрыс жауабын берсе – ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе шегеріледі.Аукцион – сұрақ.Сұраққа жауап беру кезегі жауаптары дұрыс командаға баға беріледі, ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады. Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе, сол комжауап беру керек. Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты, жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
Сценариі
Қайырлы күн қымбатты қонақтар, әділ қазылар алқасы мен ойынға қатысушылар!
Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты пән екендігін біле отыра, сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап, оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма?Жанкүйерлер, дайынсыңдар ма?
Ойынды бастайық !!!
І тур.Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? ( бір )
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады.(28 жылдан кейін)
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? ( 1 )
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі.Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт )
Ойлан, тап!
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам? (Парсы математигі аль – Хорезми)(787 - 850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья», ал араб математиктері «Сифр» деп атаған.Біз оны қазір қалай атаймыз? ( 0 )
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? (айырмасы 2-ге тең жай сандар, мысалы: 5 пен 7)
Бөлшектер
100. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым.Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады? (аралас сан)
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ.Қандай бөлшек дұрыс деп аталады?Мысал келтір.(Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы: 1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді)
Математикалық калейдоскоп
100. Есімдері әр түрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар.(апта күндері)
200. Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше?(8)
300. АУКЦИОН сұрақ. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болады.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады? (18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.Алғашқыда үстел үстінде болған кәмпит саны нешеу? (3)
Төртіншісі артық
100. Төртінші артығын тап: 37, 19,27, 29: (27)
200. Төртінші артығын тап: қосынды, айырма, бөлінгіш, көбейтінді (бөлінгіш)
300. Төртінші артығын тап: радиус, центр, төбесі, диаметр (төбесі)
400. АУКЦИОН сұрақ. Төртінші артығын тап: 381, 555, 265, 117. (265)
ІІ тур. Балалар
100. Үлкен ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
200. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын ойнауға алды. Сол кезде шәшке мен табақшалар саны теңелді.Балалар ойнауға алған шәшке саны нешеу? (3)
300.Сиқырлы қаптағы сұрақ.Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
400. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштай әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жындана жаздады. Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болады? (14)
Қызықты сұрақтар
100. Қос жегілген аттар 40км шауып өтті.Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200.Сиқырлы қаптағы сұрақ. Жеті ағалы – інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті.Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді.Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі; тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі; тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
Логика
100. Үстелдің бір бұрышы кесіліп алынды. Үстелде неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН сұрақ. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр.Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (Алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда, ол 5 минут бақырды, ал ара шағып алғанда ол 3 минут ұзақ бақырды, өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда ара шаққаннан екі есе көп уақыт бақырды. Анасы Есетті 11 минут жуындырды. Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды? (5)
Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200. Нолге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300. Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір. (өзіне және 1-ге ғана бөлінеді)
400. Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта: 0,3,8,15?тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару. Әділ қазы алқасына сөз кезегі берілді. Жеңімпаздар марапатталады.