Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы Трапеция
Сыныбы 8 «В»
Пәні геометрия
Пән мұғалімі Урисбаева Ж.А.
Тараз қаласы
Күні 21.10.2015ж
Сабақ №15
Сабақтың тақырыбы: Трапеция
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі Трапеция, оның түрлерін, элементтерімен танысу. Трапецияның
элементтерін табуға есептер шығару.
Дамытушылығы Алған білімдерін, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын
дамыту.
Тәрбиелілігі Жүйелі түрде жұмыс істеу және ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі аралас типті сабақ
Оқытудың әдістері: топтастыру, сұрақ – жауап әдістері.
Техникалық құралдар түрі: интерактивті тақта арқылы сызба, фигуралар кескіні.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырыптарға шолу
3. Мағынаны ашу. Жаңа сабақ.
4. Сабақты бекіту
5. Сергіту сәті
6. Қорытындылау, бағалау
7. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Ә) Оқушыларды топқа бөлу, сабаққа зейінін қарату.
2. Өткен тақырыптарға шолу
Ой қозғау сұрақтары:
1. Төртбұрыштың диагоналы дегенді қалай түсінесің?
2. Қандай шарттар орындалғанда төртбұрыш параллелограмм болады?
3. Параллелограмның диагоналы туралы не айта аласың?
4. Қандай шарттар орындалғанда параллелограмм ромб болады?
5. Ромбының диагоналдары тең бола ала ма?
6. Ромбының диагоналдары оның қабырғасына тең бола ма?
7. Әртүрлі ромбының периметрлері тең болуы мүмкінбе?
3. Мағынаны ашу. Жаңа сабақ.
Анықтама: Екі қабырғасы ғана параллель болатын
дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.
Параллель қабырғалары табандары, ал параллель
емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады.
Трапеция тең бүйірлі (АВ=CD) және тік бұрышты болады. (
4. Сабақты бекіту. Есептер шығару.
№79
Трапецияның екі бұрышы 1120 және 650-қа тең. Оның қалған бұрыштарын табыңдар.
Шешуі: <K=650, <M=1120;
<K+ <L=1800;
<L=1800-650=1150;
<N=1800-1120=680;
Жауабы: 1150, 680
№86
Бер: АВСД трапеция.
В= С
А= Д
т/к: А, В, С, Д=?
Шешуі: A= Д=х
В= С=у
у - х=56
у=56 +х
х+у=180
х+56 +х=180
2х=180 - 56
2х=124
х=62
у=56 +62
у=118
A= Д=62, В= С=118 Жауабы: 118, 62, 118, 62
№87
Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция.
АД=6 м
Р=15м
т/к: ВС -?
Шешуі: АВС - қарастырамыз ВСА= САД
ВАС= САД
ВСА= ВАС
АВС - тең бүйірлі үшбұрыш, АВ=ВС=х
Р=АВ+ВС+СД+АД
х+х+х+6=15
3х=15 - 6
3х=9
х=3 Жауабы: ВС=3 м
№88
Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
АД=10, 5 дм
АВ=4 дм
А=60
т/к: ВС -?
Шешуі: ВЕ АД
АВЕ - тік бұрышты үшбұрыш қарастырамыз
В=30
АЕ= =2 дм
АЕ= КД=2 дм
ЕК=10, 5 - 4=6, 5 дм
ВС=ЕК, ВС=6, 5 дм, Жауабы: 6, 5 дм
5. Сергіту сәті.
6. Сабақты қорытындылау. «Сәйкесін тап» топпен жұмыс
Паралле лограмм
Тіктөртбұрыш
Ромб
Квадрат
Тең бүйірлі трапеция
Қарама-қарсы қабырғалары тең
+
+
+
+
Барлық қабырғалары тең
+
+
Қарама-қарсы бұрышта ры тең
+
+
+
+
Барлық бұрыштары тең
+
+
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
+
+
+
+
Диагональдары тең
+
+
Табанындағы бұрыштары тең
+
+
+
Ішкі бұрыштарының қосындысы 3600
+
+
+
+
+
7. Үйге тапсырма беру. §5. Трапеция. №89, №90
8. Бағалау.