5 сынып Процентке берілген есептерге есептер шығару.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Математика пәнінің мұғалімі С.Ибекееваның қысқа мерзімдік жоспары

Математика


5- сынып


Сабақ тақырыбы:

Процентке берілген есептерге есептер шығару.


Жалпы мақсат:

Процентке берілген есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру. Алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту.

АКТ-ны тиімді пайдалану


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Математика пәнін оқыту әдістемесі

  3. 5-сыныпқа арналған математика оқулығы

  4. Портал материалдары


Оқу нәтижесі:

Процентке берілген есептерді шығара білу, түсіну,қолдану

Негізгі идеялар:

Есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру.Процентке берілген есептерді шығара білу

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі кеспе қағаздар (тапсырмалар)

слайдтар
интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Сұрақ- жауап, АКТ, Сын тұрғысынан ойлау,
"Блум" таксономиясы

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс



Дерек көздері:

Есептер шығаруға арналған тапсырмалар:

1.Жұмыс дәптері

2. Оқулық


Тапсырмалар:

1. Сұрақ-жауап әдісі Өткен сабақты еске түсіру

2. Тақырыпты ашу (мысалдар арқылы слайд)

3. Оқулықпен жұмыc

4. Топтық жұмыс





Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: «Қара жорға» әніне билеу арқылы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру


Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу.


Оқушылар орындарынан тұрып, қимылдап билейді.



1,2,3,4 сандарын санай отырып, оқушылар 4 топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Үй тапсырмасын тексеру, дайындық дәрежесін анықтау
№1350

  1. 5 кг 100 кг-ның 5 %

  2. 6 т 30 т-ның 20 %

  3. 4,5 г 30 г-ның 15 %

  4. 2,8 км 7 км-дің 40 %

  5. 1,2 м 6 м – дің 20 %

  6. 9,6 м 24 м-дің 40 %


Оқушылар тақтада берілген есептің жауабымен салыстыра отырып, жұппен бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Формативті бағалау

ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин)

Білу, түсіну

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабаққа дайындық ретінде ойға шабуыл жасау.

«Ой қозғау»

  1. Процент дегеніміз не?

  2. Процентті бөлшекпен жазу үшін не істейміз?

  3. Натурал санды процентпен жазу үшін не істейміз?

  4. ½ дегеніміз қанша процент?

  5. Проценті бойынша санды қалай табамыз?

  6. ¾ дегеніміз қанша процент?

  7. Берілген санның процентін қалай табамыз?

  8. ¼ дегеніміз қанша процент?




Интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап береді.




Жаттығужұмыстары
Қолдану
(14 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

































































Сергіту сәті

Кітаппен жұмыс.

1368

28 – 100 %

Х – 75

Шешуі: 28*75=2100

2100 : 100 = 21

Жауабы: 21 оқушы.

Кері есеп

Х – 100 %

21 – 75 %

Шешуі: 21*100=2100

2100 : 75 = 28

Жауабы: 28 оқушы.

1371

  1. 500 г – 100 %

100 г – х %

Шешуі: 100*100=10000

10000 : 500 = 20

Жауабы: 20 %

  1. 1000 г – 100 %

Х – 5 %

Шешуі: 5*1000 =5000

5000 : 100 = 50

Жауабы: 50 г

1372

150 000 – 100 %

Х – 5 %

Шешуі: 150 000*5 =750 000

750 000 : 100 = 7500

150 000 + 7500 =157500

Жауабы: 157 500 теңге

1373

760 - 100 %

Х – 15 %

Шешуі: 760*15 = 11400

11400 : 100 = 114

760 + 114 =874

Жауабы: 874 теңге қымбаттаса

760 - 100 %

Х – 30 %

Шешуі: 760*30 = 22800

22800 : 100 = 228

760 - 228 =532

Жауабы: 532 теңге арзандаса


Диалог арқылы (жұптық жұмыс) қағаз беру керек оқушыларға

  1. Процентті бөлшекке айналдыру.

  2. Сандарды процентке айналдыру

«Ойлан тап»

Оқушыларға қыңыр есептер береу арқылы сергіту

  1. 1-ден 100-ге дейінгі сандар арасында 7 саны неше рет кездеседі?

Жауабы: 20 рет

  1. Ұзындық өлшем бірлі.

Жауабы: сантиметр

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма ?

Жауабы: болады, қар немесе мұз түрінде

  1. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса, ішінде не қалды?

ауа

  1. Теңіз астында қандай тас болмайды?

Жауабы: құрғақ

  1. Жарты теңгенің жартысы қанша болады?

Жауабы: 50 тиын, 25 тиын

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді ?

Жауабы: 0- саны қалдықсыз бөлінеді

  1. Жұмыртқа 3 минутта пысады. 5 жұмыртқа ше?

Жауабы: 3 минутта

Тапсырмаларды орындайды



Бағдаршам арқылы бағалау
















































Оқушылар стикерге процентті бөлшекке айналдыру,

сандарды процентке айналдыруды жазып сұрақ-жауап арқылы табады.

Формативті бағалау







Оқушылар есептерді шығарады.



IV.Қорытындылау

(4 мин)

Жинақтау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Топтар процентке байланысты есеп құрастырып топтар бір – біріне қою.


Шағын топтар есеп құрастырып, бір-бірінің есептерін шешеді.

Бағдаршам арқылы бағалау

V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1376, №1378 есеп

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VI. Бағалау (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Өлшемді бағалау,
Бағалау парақтары
1. Үй тапсырмасын орындауы.
2. Жаңа сабақты меңгеруі.
3.Жаттығу жұмыстарын орындауы.
4. Қосымша тапсырмаларды орындауы.

Оқушылар бағалауға қатысады.


VII. Рефлексия

(2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жазуға стикерлер тарату

Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша жеткізу.