Сабақ Квадрат теңдеу 8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алгебра

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді формула

бойынша шешу тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен сабақты қайталау арқылы оқушылардың білімін тиянақтау.

Формулаларды есте сақтауға,жаттауға және қолдануға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы, танымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлай білуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың типі:Өткен сабақты пысықтау.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта,

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 2 топқа бөліп, «Көкпар» ойын шартымен таңыстыру. Ойын шарты бойынша 2 топ жарысқа шығып жарысады. Ойыншылар мақсаты – бірінші тауға шығып жалауды тағу керек. Ол үшін ойын барысында 3 кедергіден өтеді.

1) әр топ өздерін таныстырады.

«Алғырлар» тобы:


Білімге толы санамыз,

Есепке жүйрік баламыз.

Қиналмай-ақ шешімін,

Табатын алғыр баламыз.


«Жүйріктер» тобы:


Есептеу құпиясын ойға іліп,

Есептің шығарылар жолын біліп.

Бұл топта суырылып талай бала,

Шығады мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік.


«Алғырлар» және «Жүйріктер» тобы жарысқа шығады


І – кедергі : Жолда өзен кездеседі, өзеннен өту үшін көпір салу керек. «Домино» ойыны арқылы өткен тақырып бойынша қайталау .



ax2 + bx+ c = 0

қандай теңдеу?


Квадрат теңдеу



ax2 +bx = 0


Толымсыз квадрат теңдеу


Квадрат теңдеу түбірлері


Х2+ px+ q =0

Қандай теңдеу?


Келтірілген квадрат теңдеу

Егер Д = 0 болса, онда ...



Теңдеудің бір ғана түбірі болады




ax2 + c = 0



Д < 0 болса, онда




Теңдеудің

түбірі болмайды


a + b + c =0 болса, онда




ax2 + bx = 0 теңдеуінің түбірлері



І – кедергі: Алдарында орман . Орманда гүл теру керек. Мұнда денгейлік тапсырмалар орындау


1-нұсқа


А деңгей


1 . Әрбір [pic] теңдеуі үшін [pic] мәндерін ата

а) [pic] б) [pic]


2 . [pic] квадрат теңдеуінің дискриминантын [pic] формуласын есептеңдер .

2 - 7х + 2 = 0, D = b2 - 4ac = (-7)2 – 4· 5 · 2 = …;

3. Теңдеуді шешуді аяқта. 2 - 5х – 2 = 0.

D = b2 - 4ac = (-5)2- 4· 3·(-2) = ; х1 = … х2=…

В деңгей .

Теңдеуді шеш: а) 6х2 – 4х + 32 = 0; б) х2 + 5х - 6 = 0.

С деңгей .

Теңдеуді шеш: а) -5х2 – 4х + 28 = 0; б) 2х2–8х–2=0.

Қосымша тапсырма.

а –ның қандай мәнінде х2 - 2ах + 3 = 0 теңдеуінің түбірі x1 = 1 ; x2 = 3 – ке тең болады?

2 нұсқа.

А деңгей

1. Әрбір ax2 + bx + c = 0 теңдеуі үшін a, b, c мәнін табыңдар.

а) 4х2 - 8х + 6 = 0, б) х2 + 2х - 4 = 0

2. [pic] квадрат теңдеуінің дискриминантын [pic] формуласын есептендер.

2 + 8х - 4 = 0, D = b2 - 4ac = 82 – 4· 5 · (- 4) = …;

3. Теңдеуді шешуді аяқта х2 - 6х + 5 = 0.

D = b2 - 4ac = ; х1 = … х2=…

В деңгей.

Теңдеуді шеш : а) 3х2 – 2х + 16 = 0; б) 3х2 - 5х + 2 = 0.

С деңгей.

Теңдеуді шешіңдер: а) 5х2 + 4х - 28 = 0; б) х2 – 6х + 7 = 0;

Қосымша тапсырма.

а –ның қандай мәнінде х2 + 3ах – 7 = 0 теңдеуінің түбірі x1= -1 ; x2 = 7 – ге тең болады?


ІІІ – кедергі: Тауға шығу керек. Ол үшін мына мақал – мәтелді жалғастырсандар теңдеудің түбірің табасындар.


  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ( ..................... ) төбедегі жетеді.

  2. Жеті жұрттың тілін біл, ( ............... ) білім ал.

  3. Білімді мыңды жығады, ( .............. ) жығады.

  4. Ұлға ( ............ ) , қызға қырық үйден тыю.

  5. Бір тал кессең, ( ............. ) ек






  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді. (Б)

  2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал. (І)

  3. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. (Л)

  4. Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю. (І)

  5. Бір тал кессең, он тал ек (М)


Қай топ бірінші жетеді сол топ женеді.

Сабақты қорытындау. Бағалау

Үйге: № 139 № 138 ( 1,2)