Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту; Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін – өзі бағалай білуге үйрету; Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру

Дамытушылық: Бөлу және көбейту амалдарына арналан есептерді шығару арқылы білімдерің кеңейту.

Тәрбиелік: балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Амандасу.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Отырыңдар!

- Қазір қай сабақ?

- Сабақ құралдарымыз дайын ба?

- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!

б) Психологиялық дайындық:

- Балалар, кімнің көңіл күйі өте жақсы? (орнынан тұрып үш рет шапалақтау)

- Ал, кімнің көңіл күйі нашар? (орнынан тұрып екі рет шапалақтау)

- Кім сабаққа дайын? (орнынан тұрып бір рет шапалақтау)

-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа барлықтарың дайындалып келіпсіңдер.

Бүгінгі сабақта көңіл күй тамаша,

Алайық бәріміз бағаны асыға.

керегі жоқ, 2-керегі жоқ.

3-нашар, 4-жақсы, 5-керемет.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

-Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).

6

1500 3300 1000 800

250*6+550*6=4800 (125+875)*24=24000 (356+444)*8=6400

7200 1610 1104 496 200

3600*2+805*2=8810 552*2+248*2=1600 (176+24)*450=90000

10

(498+4578)+422=5076+422=5498 25*160=4000

399968+ (4524+32) =399968+4556=404524 800*125=100000

7896 +(2100+4) =7896+2104=10000 8*14*25=112*25=2800

-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.

-Жарайсыңдар! (дәптерлерін жинау)

III. Жаңа сабақ

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы. Тақтаға күнді жазу.

Санды өрнектердің және әріпті өрнектердің мәндерін табу үшін алдымен оларды ықшамдап алған тиімді.

ab=ba-көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті-Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

(a+b)c=ac + bc-көбейтудің үлестірімділік қасиеті

(ab)c=a (bc)-көбейтудің терімділік қасиеті-Екі санның көбейтіндісінін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады

7 (а)

Тауық -17612, бұл 28 есе артық

Үйректер-?

Қаздар -? 16 есе артық

Шешуі: 1)17612:28=629 үйрек

2)629*16=10064 қаз

Жауабы: құс фермасында 10064 қаз бар

(ә)

Бір тауыққа -100 г жем

300 тауыққа-? Жем

Шешуі: 1) 300*100=30000 грамм жем

30000 гр=30 кг

2)30*30=900 кг жем=900000 грамм жем

Жауабы: 900 кг жем дайындау қажет

(б)

Бидай ұны -16 т 500 кг=16500 кг

Қарабидай ұны -7 т 500кг=7500кг

1 рет қатынағанда -1500 кг ұн апарды

Қатынады -? Рет

Шешуі: 1)16500+7500=24000 кг –ұндар

2)24000:1500=16 рет

Жауабы: 16 рет қатынады.

ІV.Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр

Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр

Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық

Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық

Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,

Бойымызды созайық Бір шынығып алайық

Белiмiздi жазайық.

8 (а)

х*12+12354=27870 х*100=1600+24000 х-30985:15=12000-9731

х*12=27870-12354 х*100=25600 х-30985:15=2269

х*12=15516 х=25600:100 х-30985=2269*15

х=15516:12 х=256 х-30985=34035

х=1293 256*100=25600 х=65020

1293*12+12354=27870 25600=25600 65020-30985:15=2269

27870=27870 2269=2269

11

138635:45=3080 (35 қалд) 374699:82=4569 (41 қалд)

273712:34=8050 (12 қалд) 927561:203=4569 (54 қалд)

VІ. Қорытынды.

-Балалар біз бүгін сабақта не істедік?

-Есептер қиын болды ма?

-Қай есептен қателестік?

І. Үйге тапсырма.77 бет №9 тапсырма

ІІ. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.