Математикадан 9 сыныптар арасында өткізілген "Математикалық КВН" атты ойын-сайыс
Ойын-сайыс «Математикалық КВН»
Мақсаты: оқушыларды мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: 5 оқушы.
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
Жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
[pic]
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Жүргізуші: Командаларды ортаға шақырамыз.
9 «А» сынып
9 «Б» сынып
[pic]
Сергіту
Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса,жанкүйерлер көмектеседі – онда жарты ұпай беріледі.(0,5 ұпай)
[pic]
Есептер:
1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
4. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
5. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын , бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?
(қызымсың дегені)
[pic]
6 . Бір азаматтаың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім?
(Владимир Николаевич)
7 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім
Бұл шындық , басынан аяғына дейін.
Бірақ суреттегінің ұлы,
Менің әкемнің ұлы
Суреттегі кім? ( Менің әкем)
8 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы қанша алмадан алды?
(1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)
9.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
10. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
11. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?
(13)
12. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4)
«Шығарма сайысы»
[pic]
Команда капитандары «Мен және математика» атты шығармаларын оқиды.
Шығарманың мазмұндылығы, қызықтылығы бағаланады. (5 ұпай)
[pic]
«Капитандар сайысы»
Әр сөзге үш анықтама беріледі. Егер бірінші сөзден шешілсе - 3 ұпай, екінші сөзден – 2 ұпай, үшінші сөзден – 1 ұпай
[pic]
1. Бұл саған ... дейді шешесі
Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың
( сабақ )
[pic]
2. Өзі қарбызға ұқсас
Геометриялық дене
Біз онда өмір сүреміз
( шар)
3. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады
(емтихан)
4. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді
Онымен банк несие береді
Санның жүзден бірі.
( процент)
5. Бір амал бар
Оның кестесі де бар
Ал байлыққа байлық қосылса
(көбейту )
6. Бөлмеде ол төртеу
Бұзықтарды сонда қояды
Транспортирмен өлшенеді.
(бұрыш)
7. Бір, үш, бес, он
Жиырма, елу
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсысының құны бар.
( теңгелер)
8. Сабақ арасындағы
Мектептегі ең жағымды сәт
Өзі тез аяқталады.
(үзіліс)
9. Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі
( Қате)
10. Әр есепте бар
Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады
Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл.
(жауап) [pic]
Ребус шешу (3 ұпай)
[pic]
Ең қысқа жолды тап. (4 ұпай)
Шыбын кубтың А нүктесінде отыр, ол осы кубтағы В нүктесіне дейін жету керек. Ең қысқа жолды табыңдар, егер кубтың қыры 1 тең болса.
[pic]
Логикалық сайыс. (әр жауапқа 4 ұпай) Ойлануға 30 секунд.
[pic]
Ол қарапайым адам, бірақ оның алдында президентте, патшаларда бас киімін шешеді. (шаштараз)
Егер сіз оны атасаныз, ол сол мезетте жоқ болады. Бұл не?(тыныштық, үнсіздік)
12 санының жартысы 7 тең болып қалды. Бұл қалай болуы мүмкін?
12 санын рим цифрларымен жазу керек : IIX , ортасынан сызық өткізу керек. Үстінгі жағы VII түрінде болады, ол 7 цифріне тең.
Емтиханда ең көп алынатын билет? (бұл емес)
Тамақ дайындау алдында қазанға не тастайды? (көз)
Мысықта үшеу, итте де үшеу, ал әтеште сегіз. Ал ешекте нешеу? (екеу «иа», «мяу», «гав», «кукареку»)
Карандашты еденге қойып, бірнеше адамды одан секіріп кетуді өтінді. Бірақ оны ешкім істей алған жоқ. Неге? (Оны жар мен еденнің бұрышына салды)
Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі.
[pic]
[pic]
№2 Бадамша орта мектебі
«Математикалық КВН»
[pic]
Дайындаған: Молдыбаев Н.Н.
2015 – 2016 оқу жылы