Урок, Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

математика пәнінің оқытушысы

Сабақтан тыс шара жоспары

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Пәні: Математика

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ағылшын тілі.

Мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.


Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі ШБ-21 тобы студенттері арасында өткізгелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалдық танымдық сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Бұл сайыс математика, қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен кіріктіріле ұйымдастырылған.Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Жас ұрпақ үш тілді білуі керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзі.

Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Олай болса бүгінгі сайыста сіздер математика пәнімен қатар тілдерді қаншалықты меңгергеніңізді дәлелдеуіңіз қажет.


Сайыс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

1-кезең «Кім жүйрік?»

2-кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (Сандық ребустар)

3-кезең. «Сиқырлы сандар сыры»

4-кезең. «Ойна да, ойла»

5-кезең «Математикалық лото»

6-кезең «Фигуралар сөйлейді»

7-кезең. «Мың бір мақал»

8-кезең «Әдебиеттегі сандар»


Құрметті сайыскерлер, барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.


1-кезең «Кім жүйрік?»

Бұл кезеңде студенттерге логикалық сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға шапшаң жауап беру қажет. Сұрақтар жауабын қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде айту керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1)Үш ағайынды кісінің жастарының қосындысы 42. Үш жылдан кейін жастарының қосындысы нешеге тең болады? (51)

2)Даурен командасындағы тізім бойынша алдынан да, артынан санағанда 25-ші болса тізімде барлығы қанша адам бар? (49)

3)Олимпиада жеңімпаздарына сыйлықтар тапсыру үшін сахнаға шығарды. «Олимпиада есептерін бірден-бір толық шығарған сол жақтан санағанда алтыншы тұрған»деді Қазбек. «Дұрыс айтасың» деді Дана. Ол оң жақтан санағанда оныншы тұр. Олимпиада жеңімпаздары нешеу? (20)

4)Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған? (43 ;33)

5)Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін айтыңыз? (ғасыр)

6) 2 сағат 40 минут қанша секундқа тең (9600 секунд)


2-кезең«Тапқыр болсаң, талас жоқ» (Сандық ребустар)

Сандық ребустағы әрбір әріп бір цифрды білдіреді, яғни бірдей әріптерді бірдей цифрлар алмастырады және бір цифр әртүрлі әріптермен белгілене алмайды.Сол жақтағы шеткі әріп нөлге тең болмайды. Әр дұрыс жауапқа 20-40 ұпай беріледі.

[pic] [pic]







[pic] [pic]








[pic] [pic]













3-кезең. «Сиқырлы сандар сыры»

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық, Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның өзіндік қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген. Олай болса алдымен келесі бейнебаянға назар аударайық.


-Қазақтың киелі сандарына қатысты сұрақтар қою, оны қазақ және ағылшын тілінде айту қажет.

Үш би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Бес қару: Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

Алты асқар: Ақыл, білім, жомарттық, әділдік. шыншылдық, кең пейіл.

Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай.

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.


4-кезең. «Ойна да, ойла»

Әр топтан бір студенттен шығып, берілген санның еселігін қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде шапшаң айтып жалғастыру қажет.Мысалы: үш,шесть, nine. Әр еселік санға 5 ұпай беріледі.


5-кезең «Математикалық лото»

Берілген математикалық таңбаларды 3 тілде жазу керек.


Бөлу

Деление

Division

5

=

Тең

Равно

Equally

6

>

Үлкен

Больше

More

7

<

Кіші

Меньше

Less

8

Түбір

Корень

Root

9

¼

Төрттен бір

одна четвертая

one quarter

10

4,5

Төрт бүтін оннан бес

четыре целых пять десятых

four point five




6-кезең «Фигуралар сөйлейді»

Мұнда студенттерге бірнеше математикалық фигуралар беріледі.

Сол фигуралар туралы мәліметті мүмкіндігінше үш тілде баяндауы тиіс.

7-кезең. «Мың бір мақал»

Мақал-мәтелдер жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, ағылшынға аудару қажет. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай.

1) Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар).

2)  Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).

3)  Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын).

4)  Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз).

5)   Бір жылы сөз, (көп күнге азық) .

6)   Бір елі ауызға,  (екі елі қақпақ).

7)   Жеті рет өлшеп, (бір рет кес).

8)   Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, ( төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

9)   Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішер).


8-кезең «Әдебиеттегі сандар»

1)Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, оның екеуіне бірдей, үшіншісіне екі есе аз сал» деп тапсырма береді.Күлшеқызға бұршақтарды ыдыстарға дұрыс бөлуге көмектес. (18+18+9)

2)Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады. Үй иесі мұны сезіп:
Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бер, - деген екен.
Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз болмас, үй толы кісі екен, әрі бізден екі есеге артық екен, кетейік» депті. Үйиесітапқырлығыменұрыларданосылайаманқалыпты. Үйдегі адам саны қанша, ұры саны қанша? (10 адам, 5 ұры)

3)Көл тоғанда қырға бар,

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде,

Отыр екен он жерде. (20)

4)Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу? Кім білді? (8)

5)Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой