Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Харабай Еркегул

Математики пәнінің мұғалімі

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектебі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы: 9 «А»

10 .2014ж

Сабақ тақырыбы:

Векторлардың скалярлық көбейтіндісі

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар; Геометрия оқулығы, 9 сынып; Әдістемелік нұсқаулық;

Жалпы мақсаттар:

1.Оқушылар векторлардың скалярлық көбейтіндісі нің анықтамасы, теңдігін, векторлардың скалярлық көбейтіндісінің геометриялық мағынасын, векторлардың перпендикулярлық белгісін ; координаторлары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін, векторлар арасындағы бұрыштың шамасын табу, скалярлық көбейтінді туралы теореманы дәлелдей алады .

2.Өтілген тақырып бойынша алған білімдерін есеп шығрағанда қолдана білу қабілеттерін дамытады;

3.топпен жұмыс істей білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиленеді.

Күтілетін нәтижелер:

Векторлардың скалярлық көбейтіндісінің мағынасын біледі.

Векторлардың скалярлық көбейтіндісін таба алады.
Формулаларды дұрыс орынды қолданады.

Векторлардың перпендикулярлық шартын анықтай алады.

Білім деңгейлеріне байланысты тапсырманы орындай алады

Түйінді идеялар:

Топпен жұмыс істей отырып тақырыпты толық түсіну;Теориялық білімдерін практикада қолдана алу.

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері:

Оқушылардың орындайтын іс-әрекеттері:

Оқыту әдістері

1.Ұйымдастыру.

1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.

Ынтымақтастық атмосферасын орнықтыру

2. Оқушыларды 4 топқа бөлу

Рөлдерге бөлу.Бақылаушы,уақыт төрешісі,топ басшысы

Санамақ арқылы 4 топқа бөлінеді

Топқа бөлу тәсілі

Өткен тақырыптар бойынша білімді жан-жақты тексеру мақсатында" Қарлы кесек " ойынын ұйымдастыру,


Оқушылар бір-бірлеріне допты лақтырады.Допты кім лақтырса сол оқушы сұрақ қояды, доп кімге барса сол оқушы жауап береді.


Топтық жұмыс,

Диалогтік оқыту

Ой қозғау

Оқушыларға сұрақтар қойды.

1) Косинустың 30,45,60,90 градустағы мәндерін айт.

2) векторлары берілген. Осы векторлардың, ұзындығын және сәйкес коорднталаларының көбейтіндісінің қосындысын тап.


4. Оқушыларға оқулықтан Вектордың скалярлық көбейтіндісі тақырыбын өз беттерінше меңгеруге сілтеме жасайды.

Оқушылар топта талқылай отырып ,өз таныстырылымдарын жасайды.


Бағдаршам арқылы бағалау

5. Оқулық бойынша есептер шығарады.


Оқушылар есептің шарты бойынша оны топта талқылап, шығаруға әрекет жасайды.

Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.

Басбармақ арқылы бағалау.

8. Сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

І топ

1. m-нің қай мәнінде ( m; 2 ) және ( -1; 3) векторлары перпендикуляр болады? деңгейі"с"

2. (7; 2) және (-2; -3) векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар. "а"-деңгейі

3. (3;-1) және (1; 2) векторларының арасындағы бұрыштың косинусын табыңдар. " в" деңгейі

2-топ

1. m-нің қай мәнінде ( 2; -3 ) және ( m ; 5) векторлары перпендикуляр болады?

2. (3; -1) және (3; 2) векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар.

3. (2;0) және (-1;4 ) векторларының арасындағы бұрыштың косинусын табыңдар.

3-топ1. m-нің қай мәнінде ( 4; 5 ) және ( m ; -4) векторлары перпендикуляр болады?

2. (5; 4) және (3;-4) векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар.

3. (2;-5) және (-4; 0 ) векторларының арасындағы бұрыштың косинусын табыңдар.

Өзін-өзі бағалау

9. Үйге тапсырма, бағалау,

Топ жетекшілері өзінің топ мүшелерін бағалайды, топаралық бағалау жүргізіледі.

Бірін-бірі бағалау, топарлық бағалау.

Қорытынды

БББ парақшасын толтырады.+


10. Рефлексия

Бүгінгі сабақта маған мынандай мағлұматтар жаңалық болды:

Менің көңіл күйім:..................

Кері байланыс