Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу тақырыбына өтетін сабақтың қысқа мерзімді жоспары.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қысқа мерзімді жоспар


Пән атауы: Математика Сыныбы: 6


Сабақ тақырыбы:

Есептер шығару. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу.

Сілтеме:

Жоспар (күнтізбелік жоспар), Мұғалімге арналған нұсқаулық (39 бет, 49 бет).

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру және оларды бағалау.

Өз бетінше білім алуға дағдыландыру.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерінің деңгейі анықталады; Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулердің өзара орналасу жағдайларын анықтай алады;

Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысының графиктерін сала алады, ол графиктердің қиылысу нүктесі бар болса, онда сол нүктенің координаталарын анықтай алады;

Алынған білімдерін жаттығулар орындауда қолдануды меңгереді;

Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету, математикада сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және диалогтық оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру;

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері:

Оқушылардың орындайтын іс-әрекеттері:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы, сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Әр топқа көшбасшының бағалау парақтарын тарату.

2.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық:

а) Өткен тақырыптар бойынша материалдарды қайталау.

2. Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу. (Сызықтық функция формуласындағы y, k, x, l әріптерін таратып бөлуді қолдану).

Әр топқа өткен тақырыптарды қайталауға арналған сұрақтар беру. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, берілген тапсыр-маларды орындайды, пікір алмасады:

а) Өз топтарыңның атын көрсетіп тұрған әріп сызықтық функцияда қалай аталады, оның функция үшін рөлі қандай?

(Өз пікірлерімен бөлісу, сын тұрғысынан ойлану, сұрақ-жауап ұйымдастыру, яғни оқытудың диалогтық әдісін қолдану)

3. Білімді жан-жақты тексеру:

а) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу білімдерін бекіту;

ә) Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктерінің орналасуының үш жағдайы бойынша білімдерін кеңейту;



3. Білімді жан-жақты тексеру:

а) Оқушылар негізгі тақырыптар бойынша құрылған сұрақтарға топ мүшелерімен ойласқан түрде жауап береді.

а) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?

ә) Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі бар?

б) Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды?

в) Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шексіз көп шешімі болады?

4. Білімді бекіту: Топтарға бірлесе орындауға тапсырмалар:

1) №1477 есептің 1),2) нұсқаларын орындау.


2) №1478 есептің 2) нұсқасын орындау.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды. Жұмыстарын постерге өрнектейді.

5.Сергіту сәті «Дене шынықтыру жаттығулары»

Оқушылар түрегеліп тұрып жаттығуларды қайталап бірлесіп орындайды.

6. Жеке тапсырмалар орындату.

Сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беру.

1479 (1) , (3) нұсқаларын және

Дарынды оқушыларға

1481 (1) есебін орындату.

Оқушылар жекелей, жұптаса отырып берілген тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды.

7. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау және бағалау. №1478 (1), №1479 (1,3).

Оқушылар бірін-бірі бағалауды аяқтайды. Оқуды бағалайды.




Математика пәнінің мұғалімі: Сапарғалиев М.Т.