Қандыағаш қалалық № 4 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану»
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Сидагали А.Б.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Жай бөл
шектерге амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту.
Математикаға деген қызығушылығын арттыру.2013
Тәрбиелік: Алған білімдерін жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндік
теріне сенуге үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Сабақтың өту әдісі: Әдебиетпен, табиғатпен байланыстыра отырып есептер шығару.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақ типі: Қайталау сабағы.
Пәнаралық байланыс: География, тарих
Қолданылатын әдебиеттер, көрнекілігі: Суреттер, кесте, слайдтар.
Күтілетін нәтиже: Жай бөлшектерге амалдар қолдана білу
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Думан орталығына саяхат (Үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ. Ақ Ордаға саяхат (Ауызша есеп)
ІV. Пирамидаға саяхат (Есептер шығару)
V. Сергіту сәті.
VІ. Есіл өзеніне саяхат. (Сөз есеп)
VII. Хан Шатырына саяхат (Логикалық тапсырмалар)
VIII. Бәйтерекке саяхат (Сабақты бекіту)
IX. Үйге тапсырма
X. Бағалау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгінгі сабақ ерекше. Ерекшелігі сонда біз бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптарын қайталай отыра, өзіміздің Елордамыз Астана қаласына саяхат жасаймыз.
Сабақ барысында белсене тапсырмаларды уақытында орындаған оқушыларға алтын тиын таратылады. Енді міне, Астана қаласына келіп, саяхатымыз қызықты әрі көңілді басталсын деген оймен «Думан» орталығынан бастаймыз.(Слайдтар көрсетіледі)
[pic]
«Думан» ол ойын сауық кешені. Онда балықтар әлемі бар. Сол балықтардың астындағы сұрақтарға жауап беріп көрелік. «Қайталау-оқу анасы» деген мақсатпен үй жұмысы тексеріледі.
[pic]
Балық астындағы сұрақтар:
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
Бұрыс бөлшектің анықтамасы?
Аралас сандар дегеніміз?
Бөлшектерді ортақ бөлімге қалай келтіреді?
Бөлшектер қалай көбейтіледі?
Өзара кері сандар дегеніміз?
Аликвоттық бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?
Саяхатымызды жалғастырайық.
Өте жақсы оқушылар. Енді келесі Ақ Ордаға саяхат жасаймыз. Ақ Орданың есебі ауызша есептеу екен.
[pic]
[pic]
Амалдар тізбегін ауызша орындаймыз.
Келесі аялдайтын саяхатымыздың ең негізгі бөлімі Пирамидаға саяхат. Бұл саяхатымызда оқулықпен жұмыс жасаймыз.
Оқулықпен жұмыс.
[pic]
№ 865 Амалдарды орындаңдар:
3
3 26
№ 866
1
Сергіту сәті.
Енді оқушылар бой жазу мақсатында «Қара жорға» өлеңіне билеп алайық.
Міне, бойымыз сергіп, әрі қарай есеп шығаруға күш қуат жинап алдық деп ойлаймын.
Сонымен, саяхатымызды жалғастырайық. Астана қаласында қандай өзен бар? Әрине, Есіл өзені.
Міне, біздің оқулығымызда осы Есіл өзеніне қатысты есеп беріліпті. Соған орай Есілге барып кайтайық.
[pic]
Есіл өзенінің сөз есебі:
Есіл өзенінің ұзындығы 2450 км. Оның 1400 км і Қазақстан Республикасы территориясы арқылы өтеді. Есіл өзенінің ұзындығының қандай бөлігі Қазақстан Республикасы территориясы арқылы өтеді.
Хан шатырына саяхатымызда логикалық тапсырмалары мен жұмбақ есептерін орындап көрейік.
[pic]
Хан шатырының тапсырмалары:
[pic]
[pic]
[pic]
Саяхатымыздың соңында «Бәйтерекке» барамыз. Бәйтеректе сабағымызды бекітеміз.
[pic]
Сабағымызды бекіту мақсатында Бәйтеректің сөзжұмбағын шешейік.
[pic]
Бүгін жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына есептер шығардық. Осы тақырыпты толық меңгерді деп ойлаймын. Бәйтеректегі Алтын алақанға бәріміз қолымызды қойып, арман тілектерімізді тілейік.
[pic]
Үйге тапсырма: № 867(2), 870, 871 есептерді шығару.
Бағалау.
Әр оқушылырды қанша алтын тиын алғанын санап, сол бойынша бағаланады.
[pic] [pic]
[pic] [pic]