Сабақ жоспары Рационал сандарды қосу 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән. Математика Күні:18.11.15

Сынып 6 « а» сынып

Тақырыбы:Рационал сандарды қосу

Мақсаты: 1.Рационал сандарды қосу ережелерін білу, амалдарды орындау алгоритмін білу,рационал сандардың қосу қасиеттерін білу.

2.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,есептер шығару дағдысын жетілдіру,түсінігін қалыптастыру

3. Өзін-өзі,бірін-бірі бағалауға ,өз бетімен еңбектенуге ,есептер шығару барысында дәлдікке ,ұқыптылыққа шапшаңдыққа ,ойын дәйекті баяндай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді жетілдіру,практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,талдау

Формасы: жеке топтық

Сәлеметсіздер ме, балалар.

-Балалар ,бір-біріне күлімдеп қарап сәттілік тілейміз.

«Көршінің суретін салу» парақ қағазды төбелеріне қойып қаламсаппен көршінің суретін салыңдар.Қол қойып көршіңе сила.

Суреттерді салып ,бір-біріне силайды.(музыка ақырын жұріп тұрады)

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тақтадағы дайын жауаппен тексереді

Қателері болса түзетеді

Миға шабуыл

Тақырыпты қайталау сұрақтары

«Ыстық доп» ойыны

Сұрақтарға жауап беру

  1. «- « таңбасымен жазылған сандар қалай аталады?

  2. Координаталық түзуде оң бағытта қандай сандар орналасады?

  3. Теріс санға қарама-қарсы сан қандай?

  4. Теріс санның модулі неге тең?

  5. Теріс сандардың қосындысы қандай сан?

  6. Таңбалары әр-түрлі сандарды , қосу ережесі қандай?

  7. Рационал сандардың қосудың қандай қасиеттері бар?


3. Тақырыпқа көшу



Ауызша есептеу.Жасырын сөз табу

-1,2+(-1,3) -6+10 -1/2+1/2 -20+(-30)


Рационал сандарды қосу

-

Оқушылар тақтаға шығып дұрыс жауап арқылы сөзді табады

4. Мақсат қою.







-Ал , балалар бүгінгі сабағымызға іштей мақсат қою керек.

1.Рационал сандарды қосу алгоритмін құрастырайық

Оқушыларға мақсаттарын айтқызу

Қосу алгоритмдерін қайталау

5.Операциялық кезең.


Жеке тұлғаға бағытталған жоспарға көшу.

Дәптермен жұмыс

-Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.


Оқушылар жұмыс парақтарымен жұмыс істейді

1 ) практикалық кезең




жеке тұлғаға бағытталған жоспарға көшу.

Оқу парағымен жұмыс істеу ережесі:

1.Осы тақырып бойынша қандай білім алар едің?

2.Тапсырмаларды рет-ретімен орында

3.Істеген жұмысыңды бағалауға ұмытпа.

4.Сен кез келген уақытта белгіні көтеріп,мұғалімнен көмек сұрай аласың.






1-деңгей . (Дидактикалық материалдар есебі)

1 а) -267+(-415)

Б) -0,26+(-0,74)

2 а) -12,64+53,24

Б) (-53)+53 +(-24)

3 терімділік қасиетін пайдаланып есепте

-17,8+9,9+17,8+2,1

2-деңгей. Оқулықпен жұмыс

145 бет. № 513 1 ) 3) Теңдеуді шешу

  1. 42,74-56,3



Әр деңгейден соң қорытынды жасау оқушы толық жауап беру

Сергіту сәті.

Қолмен аяқпен нөл цифрін салу

Оқушылар қимыл жасайды


3-деңгей. Өрнек құрастырып оның мәнін табыңдар

  1. -2 және 0,7 сандарының қосындысына 1,3 санын қосыңдар




Шығармашылық есеп. (олимпиада тапсырмалары)

Суреттегі А,В,және С жиындарының әрқайсысын элемерттерін жазыңдар.










6. Қорытындылау

1.-өздерінің көңіл күйлеріңді білдіріңдер

Сабақта маған ұнады-

-бәрі түсінікті болды

-қиын болды

-орындай алмадым

-қызық болды


КЕздескен қиындықтарды талқылап,оларды дұрыс шешу.

7.Рефлексия

2 мин



Стикерлерін әр тұсқа белгілеу.


8.Үй тапсырмасы

506 №510 №514