Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ондық бөлшектерді салыстыра білу, координаталық түзу бойында кескіндей білу, ондық бөлшектерді жаза білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту, қызығышылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Біліктілікті, дағдыны қалыптастыру
Сабақтың типі: Ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақшалар
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу, оқушыларды түгендеу
II.Үй тапсырмасын тексеру
слайд “Асық ату” ойыны
Өткен материалдарды пысықтау
Қайталау сұрақтары
1. Ондық бөлшек қалай жазылады?
2. Ондық таңбалар дегеніміз не?
3. Кез келген жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға бола ма?
4. Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
5. Ондық бөлшектер қалай салыстырылады?
6. Координаталық сәуледе ондық бөлшектер қалай салыстырылады?
слайд “Ханталапай” ойыны
Математикалық диктант
Мына сандарды салыстырыңдар
1-топ 2-топ 3-топ
15,4 15,2 16,8 16,9 12,3 12,5
22,02 22,002 35,03 35,003 30,5 30,1
30,1 3,01 15,1 1,51 17,05 17,002
13,81 138,1 36,8 3,68 0,004 0,007
0,025 0,26 0,287 0,296 4,283 4,27
слайд “Арқан тартыс” ойыны
Мына сандарды координаталық түзуде кескіндеңдер (бірлік кесінді ретінде 10 тор көзді алыңдар):
І -топқа: 1,2; 2,1; 2,9;
ІІ - топқа: 3,5; 1,3; 0,6;
ІІІ - топқа: 2,4; 0,8; 3,2;
слайд Оқулықпен жұмыс
№935(В)
№938(В)
№944(С)
слайд “Бәйге” ойыны
Ауызша жаттығулар
Бір бүтін оннан сегіз, екі бүтін жүзден жиырма алты, он үш бүтін мыңнан жеті, отыз бес бүтін оннан тоғыз, қырық бір бүтін жүзден алпыс үш, сексен екі бүтін мыңнан елу төрт, тоғыз бүтін оннан бір, он төрт бүтін оннан жеті, жиырма бес бүтін мыңнан сегіз, алпыс алты бүтін жүзден он бес, нөл бүтін оннан үш.
слайд Үйге тапсырма № 934, 936, 940
IV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау