Сыныбы: 6 Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қиылысатын түзулер
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар білуге тиіс:
Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болатындығын
Вертикаль бұрыштардың өзара теңдігін
Оқушылар үйренуге тиіс:
Вертикаль бұрыштардың градустық өлшемдерін табуды
Түзулердің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың градустық өлшемдерін табуды
Күтілетін нәтиже:
Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болатындығын біледі
Вертикаль бұрыштардың өзара теңдігін біледі
Вертикаль бұрыштардың градустық өлшемдерін таба біледі
Түзулердің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың градустық өлшемдерін таба біледі.
Сабақтың формасы: топтық, жұптық, жеке
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Жасырынған сөзді тап!», деңгейлік тапсырмалар, әліппи желісі, Алтын балыққа арналған аквариум
Құрал-жабдықтар, көрнекілік: кеспе материалдар, стикерлер, маркер, плакат
Сабақтың кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Мақсаты
Кіріспе
(3-5 минут)
Білу, түсіну деңгей
Психологиялық дайындық
Оқушылармен амандасу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Көңіл-күйлерін қандай?
Оқушылар өздерінің көңіл күйлерін білдіреді
Оқушылардың сабаққа дайындығын білу
Тұсаукесер (5-10 минут)
Зейінділік ойыны арқылы оқушыларды топқа бөлу
ОИҚҢІАЫНТЭ жазбасындағы Ү және Е әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шығады?
ОТАЫӘЛЗҮУЭІ жазбасындағы Ү және У әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты?
Оқушылар зейінділік ойыны арқылы 2 топқа бөлінеді.
1-топ: Нүкте
2-топ: Түзу
Оқушыларды топтарға бөле отырып, зейіндерін байқау және дамыту.
Жасырынған сөзді тап!
І топ:
ІІ топ:
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқушылар амалдарды орындап сондағы сандардың орындарына әріптерді қою арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасай отырып, сыни ойлау қабілеттерін дамыту
Негізгі бөлім (15-20минут)
Талдау, қолдану деңгейі
Топтық тапсырма
Қиылысатын түзулер тақырыбын оқуға беремін
1-тапсырма. Тақырыптың соңындағы сұраққа жауап беру
2-тапсырма. Оқулықтағы есепті беру
Жеке тапсырма. Оқулықтағы есептер
Деңгейлік тапсырма
А деңгейі
№1064,1065
В деңгейі
№1072
С деңгейі
№1078
Бағалау шәкілі:
Адеңгейі 2есеп-«3»
А-2 есеп. Вдеңгейі-«4»
А, В. С деңгейі-«5»
Жұптық тапсырма
Әліппи желісі
Әр топ өздеріне берілген сұрақтар мен есептерді шығару арқылы жасырылған сөзді тауып, қазақ хандарының есімдерін табады.
Оқушылар оқулықтағы есептерді дәптерлеріне шығарады.
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпта кездескен термин сөздерді алфавит бойынша жазады.
Оқушылардың сөйлеу шеберлігін анықтау, ынтымақтастық қабілеттерін қалыптастыру
А, В, С деігейлі балаларды анықтау. Оқушыларды сыни ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушыларды өзін-өзі бағалауға үйрету
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Қорытынды
(5-10 минут)
Бағалау деңгей
Оқушылардың жинаған стикерлерінсанау арқылы бағалау
Кері байланыс
Алтын балыққа арналған аквариум
І топ
Бүгінгі өткен тақырыптан түсінгендерін айтады.
ІІ топ
Бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Оқушылардың рефлексивтік ойларын дамыту, тақырып бойынша түсінгені, түсінбегенін анықтау
Үйге тапсырма
Қиылысатын түзулер
№1067,1068