Сабақ № 1 Натурал сандарды жазу
Пән мұғалімі: Айдарова Сабира Пердебаевна
Сынып: 5
Сабақ тақырыбы: Натурал сандарды жазу
Мақсаттары:
Білімділік: Натурал сандардың жазылуын, ретін, қатарын естеріне түсіріп қайталау. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау. Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.
Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік , есептер шығару , дидактикалық ойындар, ауызша жаттығулар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,
ІІ. Өткенді қайталап, естеріне түсіру:
1. Натурал сан дегеніміз не?
2. Натурал сан қатары дегеніміз не?
ІІІ. Негізгі кезең: Оқушылардың ауызша есептеудің жылдамдығын арттыратын есептер тапсырмалар беру.
Кім жылдам!
1) 5) 9)
2) 6) 10)
3) 7) 11)
4) 8) 12)
Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады.
Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатардынемесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
Әрбір натурал саннан кейін алдынғысынан бір санға артық тағы бір натурал сан келеді.
Нөл натурал сан емес
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады.
0, 2, 4, 6, 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.
1, 3, 5, 6, 7, 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп,бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы,одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді.
ІҮ. Білімді бекіту: 1. Әрбір натурал сан үшін 1) кейінгі натурал санды; 2) алдыңғы натурал санды атауға бола ма?
2. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер қалай аталады?
3. Кез келген натурал санның жоғарғы разрядтарда қандай цифр жазылмайды?
Сыныпта: № 1 (2 баған), № 2 (1,4), № 5, № 7
ΙV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 1 (1 баған), № 2 (2,3), № 3, № 4
V. Қорытындылау кезеңі. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау.
1) 28 қыз доп ойнады. Олар ұлдардан 4 есе көп болды. Қанша бала доп ойнады? (35 бала)
2) Самат пен Арман – құрдастар. Егер Арман 7 – де болса, Самат неше жаста? (7 жаста)
3) 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина 4 сағатта қанша км жүреді? (320 км)
4) Отбасында 6 ұл бар. Әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Отбасында қанша бала бар? (6)
5) Немересі 20 жаста, ал атасы одан 60 жас үлкен. Атасы неше жаста? (80 жас)
VΙ. Бағалау кезеңі: Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою.