Сынып: 5
| Пәні: математика | Мұғалім: Н.Т.Сүйінәлі |
Сабақ тақырыбы
| Санның пайызын табу тақырыбына есептер шығару |
Жалпы мақсаты
| Өтілген тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу, тақырыпты тиянақтау. Санның пайызын табудың әр түрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға баулу. |
Әдіс-тәсілдер
| Қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, АКТ. |
Оқыту нәтижелері
| Пайызды бөлшекпен жазуға, санның пайызын табуға машықтанады. Өтілген тақырыптардан алған теориялық білімдерін өмірде қолданып біледі. |
Түйінді идеялар
| Пайыз. Санның пайызын табу. |
Ресурстар
| Интертақта, А4 парақтары, стикер, үлестірмелер. |
Сабақ барысы
| Уақыт
| Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
Ұйымдастыру
Өтекенді қайталау | 1 мин
3 мин | Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Топқа бөлу. Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас бөлшек жазылған парақшалар ұсынады. 1. «Дұрыс бөлшектер» тобы. 2. «Бұрыс бөлшектер» тобы. 3. «Аралас бөлшектер» тобы.
«Дұрыс бөлшектер» тобына: Дұрыс бөлшектің анықтамасы Дұрыс бөлшектерді қалай қосады? Дұрыс бөлшектерді қалай көбейтеді? Пайыз деген не?
«Бұрыс бөлшектер» тобына: Бұрыс бөлшектің анықтамасы Бұрыс бөлшектерді қалай қосады? Бұрыс бөлшектерді қалай көбейтеді? Санның пайызын қалай табамыз?
«Аралас бөлшектер» тобы: Аралас бөлшектің анықтамасы Аралас бөлшектерді қалай қосады? Аралас бөлшектерді қалай көбейтеді? «Пайыз» тарихынан не айтасың?
| Парақшаларды алады, топтарға бөлінеді.Топ атына байланысты білгендерін айтады.
Топтағы оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
Үй жұмысын тексеру. | 5 мин | Интерактивті тақтадағы шешу жолдары және жауаптарымен тексереді
1589. Ауылдағы 620 үйдің 80%-ында ит бар, 50%-ында мысық бар. Неше үйде ит, неше үйде мысық бар? Шешуі: үйде ит бар үйде мысық бар
1590. Банкке 5%-дық жылдық өсіммен 750 000 теңге салынды. Банкке салынған ақша бір жылдан соң неше теңге болады? Шешуі: 750 000+37 500= 787 500 тг болады
1599. 5,4 15 4,5
| Интерактивті тақтадағы шешу жолдары және жауаптарымен тексереді. Топбасшылары бағалау парақшаларына баға қойып отырады
|
Түсіну
| 5 мин
| Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған сәйкестендіру тесті. Сол жақтағы сандарды пайыз түріндегі жазылуын сол жақтағы сандармен сәйкестендіру керек.
| Тапсырмаларға ауызша жауап береді. Топ басшылары бағалап отырады.
|
0,08 0,63 0,109 1,28 1,059 -
-
-
-
10. | 175% 60% 128% 36% 63% 165% 105.9% 10.9% 8% 350%
|
1.i, 2.e, 3.h, 4.c, 5.g, 6.b, 7.d, 8.j, 9.f, 10.a. |
Қолдану
| 10 мин
| Тапсырмалар беріледі. 1-топ тапсырмасы. 1. Сыныпта 35 оқушы бар,оның 60 %-ы үйірмеге қатысады. Неше оқушы үйірмеге қатыспайды, неше оқушы қатысады? 2. Төлем терминалының комиссиясы 15%. Айнұр 500 тг салса, оның ұялы телефонына неше бірлік түседі?
2-топ тапсырмасы. 1. Сыныпта 25 оқушы бар олардың 40%-ы ұлдар. Сыныпта неше қыз, неше ұл бар? 2. Дүкенші 1500тг-лік заттың бағасын 25%-ға қымбаттатты. Сол заттың қазіргі бағасын тап.
3-топ тапсырмасы . 1. Балықшылар 220 балық аулады. Барлық балықтың 25%-ы сазан, қалғаны шортан. Сазан балықтың және шортан балықтың санын тап. 2. Дүкенші 1500тг-лік заттың бағасын 15%-ға арзандатты. Сол заттың қазіргі бағасын тап. | Топ мүшесі тапсырманы алдымен жеке орындайды. Топпен тексереді. Тақтада орындайды. 1-топ. Ж: 1. 21-қатысады, 14-қатыспайды 2. 425тг
2-топ. Ж: 1. 15қыз, 10 ұл 2. 1875тг
3-топ Ж: 1. 55 сазан, 165 шортан 2. 1275тг
Топ басшысы бағаларын қойып отырады |
Талдау
| 8 мин
2 мин | Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.
Салымшы банкке 50 000тг депозит салды. Банктің семестр сайынғы пайыздық өсімі 12%. Салымшы шотындағы бір жылдан кейінгі ақша сомасын 1. Жай пайызбен 2. Күрделі пайызбен тап.
Сергіту сәті. | Есеп беріледі. Есептерді топпен талқылап шығарады. Топ басшылары соңғы нәтижемен таныстырады. Есептеу алгоритмін айтады.
1.62000 2.62720
Орнынан тұрып көрсетілген іс-қимылдарды орындайды |
Жинақтау
| 7 мин
| Деңгейлік тапсырмалар: А-деңгейі: 24кг 100кг-ның неше пайызы? В-деңгейі: Өріктің 5%-ы қант. 20 кг өрікте неше кг қант бар? С-деңгейі; Тұрмыстық техникалар дүкенінде теледидар 20%, ал тоңазытқыш 15%-ға арзандатылған. Теледидар бағасы 45 000 тг, ал тоңазытқыш 80 000 тг тұрса, екеуіне неше тг төленеді? | Тест орындайды. Интерактивті тақтадан жауабын тексеріп, бірін –бірі бағалайды. А: 24% В: 1кг С: 104 000 тг |
Бағалау | 2 мин | Бағалау парақшалары бойынша бағаланады. |
Кері байланыс
| 1 мин
| Арнайы тақтаға сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып жапсырады. |
Кейінгі тапсырма | 1 мин | Оқулықтың 156-бетінде №1591, 1595. есептерді шығару §8.3. Пайыз бойынша санды табу тақырыбын оқу, №1600,1601-тапсырмаларды орындау.
|