Сыныбы:8 Алгебра фак-к сабақ
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі.
Сабақтың мақсаты:: Квадраттық функцияның y= ax2+n y= a(x-m)2 дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы оқушылардың білімдерін бекіту
Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін,коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік : Оқушыларды алғырлыққа,тиянақтылыққа баулып,өзінің және жолдастарының ісін қадағалап,бағалай білуге , жауапкершілікпен қарауға ,жеке тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Психологиялық ахуал тудыру, мини- диалог, сұрақ- жауап, графикалық кестемен жұмыс, ізденіс, тест, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі:Компьютер,слайд,плакаттар ,таратпа материалдар, тестік тапсырмалар, кестелер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі :
- Сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
Ұйымдастыру сәті
. Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір - бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз - деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл - күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Психологиялық ахуал тудыру: “Көңіл күйді анықтау”, “Бүгінгі сабаққа не тілейік?”
Білімді тиянақтау кезеңі (Теориялық материалды қайталап,пысықтау).
І . «Қызығушылықты ояту»
Мен білемін
квадраттық функцияның кему аралығын табуды
квадраттық функцияның симметрия осін табуды
графиктерді түрлендіруді
функциялар графиктерінің қиылысу нүктелерін табуды
график бойынша функцияның қасиеттерін
квадраттық функцияның тармақтарының бағытын анықтауды
енді теориялық материалды қайталау
1Квадраттық функцияның графигі қандай қисық?
Квадраттық функцияның графигі - парабола
2.а>0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?
а>0 болғанда, парабола тармақтары жоғары бағытталады
3.а<0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?
а<0 болғанда, парабола тармақтары төмен бағытталады
4.D>0 болғанда, параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
D>0 болғанда, парабола абсцисса осімен екі нүктеде қиылысады
5.D=0 болғанда, параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
D=0 болғанда, парабола абсцисса осімен бір нүктеде қиылысады
6.D<0 болғанда , параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
D<0 болғанда, парабола абсцисса осімен қиылыспайды
7.а>0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) және (х0;∞) аралығында қалай өзгереді?
а>0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) кемиді, (х0;∞) өседі
8.а<0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) және (х0; ∞) аралығында қалай өзгереді?
а<0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) өседі, (х0;∞) кемиді
9. Парабола төбесінің абсциссасының формуласы?
Парабола төбесінің абсциссасының формуласы
2. Функциялардың графиктері бойынша формулаларын жазыңдар
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
3. Функцияның 1)симметрия осін, 2) өсу, кему аралығын тап
А)y=x2+6х +1,25
Ә) y=x2-4х+5
4.Берілген функциялар грфигін салмай графиктерінің қиылысу нүктелерін табыңдар:
А)y=x2+3 және y=3x2+3
Ә) y=x2 және y=4
5.Топтық жұмыс
[pic] [pic] [pic] [pic]
а)компьютерде бір координаталық жүйеде салып көрсету
ә)Мақалдың жалғасын тап:
1 . 7 рет өлшеп , (1 рет кес)
2. 1 тал кессең , (10 тал ек,)
3. 4 .Жігіт 1 сырлы , ( 8 қырлы .)
4. 7 жұрттың тілін біл , (7 түрлі білім іл.)
Мақалда кездескен сандар квадрат теңдеудің түбірлері болатындай етіп, функция теңдеуін жазып, графигін салып, функцияның қасиеттері бойынша зертте (постер қорғау)
Тест жұмысы
Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А) 2х+3 В) х3 – х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -1
2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:
А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9) С) (х+1)(х+8) Д)жіктеуге болмайды.
3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай алынады?
А) 4бірлік жоғары В) 4бірлік төмен С) 4бірлік оңға Д) 4бірлік солға
4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның
графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға
С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары
5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:
А)1;-7/3 В) 1;7/3 С) 2;4 Д)8;1
Дұрыс жауаптар:
1.Д 2.А 3.А 4.В 5.А
Қорытынды.Топ бақылаушылары әр топтың жұмысына баға береді
Талдау
Сабақ сәттерінен
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Сабақтын тақырыбы:
Квадраттық функция және оның графигі.
(факультативтік сабақ)
Каримова А.М.
2016 ж